Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Шашу. Қуанышты сәттің бәрі шашумен басталады. Шашуды әйел адамдар шашады . Бата беру



бет69/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Шашу. Қуанышты сәттің бәрі шашумен басталады. Шашуды әйел адамдар шашады .

  • Бата беру – халқымыздың ерте заманнан келе жатқан салт- дәстүрінің бірі. Бата негізінен екіге бөлінеді. Бірі – оң бата, екіншісі – теріс бата...

  • Қазақ халқында ант беру кезінде: құранды кеудеге басу, нан ұстау, нан жеу сияқты дәстүрлерді бейвербалды амалдар қатарына жатқызады. Қазақ халқының ұлттық-мәдениеті бейвербалды амалдармен толығып отырады .

    3. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті


    Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың ақыл- ой көрінісі-әр сөзді өз орнынан жұмсап, мағыналы сөйлеу – заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәденеиетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.
    Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын өзіне аудара білу- көптің алдына шыққан адамның бірінші міндеті. Тыңдаушыға сөз дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса немесе шаңқылдап айғайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.
    Айдалаға қадалмай, алдыңда отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс.
    Жұртты ұйытып, көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген адамды тыңдай бергің келеді.

    Әдемі күлкі, әдемі жымию –іскерлік әлеміндегі ең қажетті қасиеттердің бірі. Адамдармен тіл табысудың тағы бір кілті – жылы қабақ таныту, жымия білу.


    Сөйлеушінің даусы құбылмалы, әрі жайдары болса, тыңдаушы бар ынтасымен тыңдайды. Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, тыңдаушының ықыласына бөлейді, ол туралы жақсы пікірілердің қалыптасуына септігін тигізеді.
    Әр түрлі әлеуметтік ортада өз орнымен сөйлеу – үлкен мәдениеттілік. Үлкен жиындарда сөз ресми түрде болса, күнделікті қарым—қатынаста басқаша сөйленеді. Қанша ділмар, шешен болса да, әр жастағы адамдармен өзінше қарым-қатынас тәртібін сақтау абзал.



    1. Сыпайы, келісті сөз сөйлеудің қандай маңызы бар?

    2. Айтуға ұят, мазмұны нашар, дөрекі сөздермен сөйлейтін адамдар кімдер ?

    3. Үлкен кісілер неге Мәке, Сәке, Жәке деген қысқартуларды қолданып сөйлейді?




    1. Төмендегі іскер адамның басты қасиеттерінің ішінде ең маңыздысы қайсы? Өз ұсынысыңызды жазыңыз. Қарым қатынас орната білу неге өте маңызды және неге ол барлық іскер адамдарға керек деп ойлайсыз?

    • Өзіне деген сенімділік

    • Қарым-қатынасты жылдам орнату қабілеті

    • Өз ісін жақсы білу

    • Жаңа идеяларды іздеу.

    1. Суретке назар аударыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.





      1. Ым-ишаралардың мағынасын анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.








    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   121




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет