-адамның халық алдындағы еңбегін асқақтата мақтау.
А. Марапаттау
Ә. Ұнату Б. Сыйлау
В. Мадақтау Г. Сынау
Әсіре мадақ апарады.
А. Жалқаулыққа Ә. Еңбекқорлыққа Б. Дүниеқорлыққа В. Астамшылыққа Г. Ызақорлыққа
«Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» -мақалдың баламасын табыңыз.
А. Каков ум, такова и речь
Ә. Когда говоришь, хорошенько думай.
Б. Лучшее лекарство - всегда говорить правду. В. Многословие - не мудрость.
Г. На великое дело - великое слово.
СОӨЖ тапсырмалары
Сабақтың мақсаты. Өтілген материалдарды қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы сөздік қорын молайту, кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Үлкенге де «СІЗ», кішіге де «СІЗ» деген тақырыпта ой-толғау жазыңыз.
Топтық жұмыс
Мадақтау, сынау, қанағаттанбау, құттықтау, ризашылық білдіру әдебі туралы пікір-сайыс
СӨЖ
Мәтінді мәнерлеп оқып, «Алғысқа лайық жан» деген тақырыпта шығарма, әңгіме жазыңыз.
Ризашылық білдіру
Халық арасында ризашылық – алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру – әдептілік, мәдениеттілік. Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық – әдептің әліппесі»,- дейді А. Байтұрсынов.
Жиналыс, мәжіліс, отырыс өткізу кезіндегі этикет туралы тұсаукесер жасаңыз.
БЕЙВЕРВАЛЬДЫҚ ТІЛДІК ҚАТЫНАС ҚҰРАЛДАРЫ. ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУЛЕР
Сабақтың мақсаты. Лексикалық материалдар арқылы сөз этикетін сақтап сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, іскерлік-кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Тірек сөздер: іскерлік байланыс, ілтипат, кездесу, ұсыныс, ым-ишара тілі, жест, поза, жазу ерекшеліктері, талап, жақсарту, орнату, дөрекі, шайқап, байқап сөйлеу, тәжірибе, алмасу, шарт, ізеттілік, қажеттілік, инабат, адамгершілік қасиет, қалыптасқан, көңіл, туыстық, жақындық, еліктіре білу.
Мәтінмен жұмыс. Сұрақ-жауап әдісімен мәтін мазмұнын айтыңыз. Қатынас құралдары түрлерін есте сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |