Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына қатысты бейвербалды амалдар



бет68/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына қатысты бейвербалды амалдар:


  • сәлемдесу амалдары (көрісу, сәлем ету);

  • алғыс айту амалдары (ас қайыру, сарқыт беру, бата беру);

  • үлкендерді немесе сыйлы адамдарды қошеметтеу амалдары (бас беру, жездеге төс беру, ауыз тию, жолаушының түсуі, ақ байлау);

  • тілек амалдары (бата беру); қол шапалақтау жұдырық түю, сақал сипау т.б.

  1. Біз шаншу. Бұл – «құда болайық» деген өтініш. Қазақ халқы жолаушылап жүрген адамдарды жылы қарсы алып, сый-сыяпатын көрсетіп, аттандырып салатын. Біз шаншуға келгендер ешкіммен сөйлеспейді. Қандай шаруамен жүргенін де айтпайды. Қонақасын ішкеннен кейін үн-түнсіз аттанып кетеді. Қонақтар кеткен соң, үй иелері сырмаққа қадалған бізді көрсе: «Ұл ер жетті, қыз бой жетті – қасқұлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, құда болайық» - деген ұсынысты сөзсіз түсінген.

  2. Сырға салу – бейвербалдық сипатқа ие қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. «Сырға салу» амалы ерте кезден келе жатқан дәстүр екені анық. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша, әдетте үйінде оң босағада отырған қызы болса, керегедегі түскиізге сырға іліп қоятын.: «Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақ, яки жолаушы үй ішін көзімен шолып, ілулі тұрған сырғаны көрсе, «бұл үйдің бой жетіп отырған қызы бар екен, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмапты, қыздың басы бос екен»» деген ой түйген. Мұның аяғы кейде құдалыққа ұласып жататын.

  3. Қамшы іліп кету. - құда түсудің тағы бір амалы. Қызды көруге келген жігіттің әкесі қыз ұнаса, үйдің төріне қамшысын іліп кеткен.

  4. Қамшы тастау. Бұл ұлттық салт-дәстүр шешендер мен билердің, талапкерлердің дау-шар кезінде сөз сұраған белгісі болып саналады. Дау- жанжал, ақылдасу сәттерінде ер адам бір тізерлей отырып, қамшысын бүктеп, жерге қадаса, бұл бітімге келушілік белгісін аңғартқан. Қамшы – өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан құрал. Санымен қатар, ертеректе «үйге қамшыны бүктеп алып кіру» әдептілікті байқатады деп есептеген.



  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет