Реферат тақырыбы: Күріш Жетекші: Какежанова З. Е. Орындаған: Сарқыт Д. Д. Агр-301тобы Жоспар: Жалпы сипаттамасы



бет1/6
Дата07.03.2022
өлшемі28,37 Kb.
#134510
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
күріш
срс 5 афу LAN, Жусип Нургабыл

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Күріш


Жетекші: Какежанова З.Е. Орындаған: Сарқыт Д.Д.
АГР-301тобы

Жоспар:


  1. Жалпы сипаттамасы

  2. Қазақстандағы түрлері

  3. Морфологиялық ерекшеліктері

  4. Биологиялык ерекшеліктері.

  5. Өсіру технологиясы.

  6. Тыңайтқыш колдану

  7. Топырақ өңдеу.

  8. Тұқымды себуге дайындау.

  9. Күрішті жинау

Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға үлғайуының бірнеше себептері бар. Біріншіден күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 килограмм 3590 калорияга тең. Жарманың абсолютті қүрғақ зат құ- рамында 88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96%) мен қорытылымдылыгы (98%) бойынша әсіресе диетикалық жэне балалар тағамы ретінде азық- түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.


Екіншіден күріш, жер шары халықтарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам жэне басқа елдердің халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін тағамы.
Күріштің сабаны - жоғары сортты қағаз, құрылыс, жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шагын кілемдер, әшекей бүйымдар, балалардың ойыншықтары арқан, қап сыяқты тұрмыстык кажет материалдар ондіруде қолданылады.
Күріштің 1 кг сабанында 0,25 мал азықтық өлшем болганы- мен, ол нашар қорытылады, сондықтан оған құрама жем қосып мал азыгы ретінде пайдаланады. Күріш Азияның оңтүстік-шыгысынан тараған, сондықтан бұл дакыл егісінің көпшілігі - 83,4 млн гектары - Азияда орналасқан. Күріш Америкада 5,6 млн, Африкада - 9,3 млн, Европада - 0,6 млн гектар дан астам жерге өсіріледі.
Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы (Балқаш жэне Қаратал аудандары) және Оңтүстік Қазақстан облыстарынді. өсіріледі. Соңгы жылдары республикада күріш егісінің ауданы азайып кетті, егер 1991 жылы күріш 135 мың гектарга егілсе, 2007 жылы 75,7, ал 2009 жылы 85,3 мың гектарга себілді.
Күтіп-баптау технологиясына байланысты күріштен мол өнім алуга болатынын өндірістік тэжірибе дэлелдеп отыр.. Өндірістік жагдайда гектарынан 35,0-45,0 ц, Краснодар өлкесінде 50,0 ц/га, Кубань тәжірибе шаруашылыгында 78,1 ц/га өнім алынган. Екі мэрте Соцналистік Еңбек Ері Ыбырай Жакаев кезінде күріштің эр гектарынан 171 центнерден өнім алган.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет