Реферат тақырыбы: Күріш Жетекші: Какежанова З. Е. Орындаған: Сарқыт Д. Д. Агр-301тобы Жоспар: Жалпы сипаттамасы



бет5/6
Дата07.03.2022
өлшемі28,37 Kb.
#134510
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
күріш
срс 5 афу LAN, Жусип Нургабыл
Топырақ өңдеу. Күріш өсіруді механикаландыру үшін ин- женерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі - атыз. Оның көлемі 2-3 гектар. Суды танапта ұстап түру үшін танапты айнала топырақ үйіндісімен қоршайды. Та- наптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылга жасала- ды, көлденең богеттері аласалау, биіктігі 30-40 см, бұлар эр күз сайын жаңартылып отырады. Жал аралығындағы жерді «атыз» деп атайды.
Атыздың ені 20 м, үзындығы 700-1500 м болғаны дүрыс. Су бас арықтың екі жагынан бірдей жіберіледі. Әр атыздың ұзын бойына, бас арыққа қарама қарсы тереңді- гі ең кем дегенде 0,7 м арық қазылады. Ол негізінен егістік бе- тіндегі артық суды агызып жіберуге арналады. Су бас арыктан атызга жэне одан кашыртқы арыққа ашып-жабатын қақпагы бар кұбырлы тоспалар аркылы агып барады.
Көктемгі егістік жерді тырмалау, тығыздау жэне кесектерді майдалау жұмыстарын тоң кесектердің оңай ұнтақталатын ке- зінде жүргізеді. Ауыр саз топырақты егістегі тоң кесектерді ар- найы майдалағышпен немесе ауыр таптауыштармен ұсақтайды.
Арамшөптер басып кеткен жерлерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын 16-18 см тереңдікке қайта жыртып, пайда болған тоң кесектерді соңынан «Зигзаг» тырмасы тіркелген ауыр дискілі БДТ-2,2 немесе БФД-2,5, БДГ-3,0, БДНТ-3,5 тырмаларымен үн- такгайды.
Мамыр айында топырақты 8-10 см тереңдікке дискілі БДТ3, БДТ-7 құралдарымен екінші рет өңдейді, содан кейін ПА-ЗА, Д-2 ОБ құралдарымен танап тегістеледі. Топырақтың ірі түйіршектерін үгіту жэне жерді тегістеу үшін себу алдында танапты ЗКК-бА, ЗКК-1,4 таптағышымен тығыздайды.
Күріш көп жылдық шөптердің екінші айналымына себілгенде топырақ өңдеу наурыз-сәуір айларында 3-4 см тереңдікке БЗТС1,0 тырмасымен ылғал жабудан басталады. Сэуір-мамыр айларында танап РЧ-3,б чизел қыршуышымен 16-18 см тереңдікке қопсытылады, содан кейін Д-719, Д-20Б, ПА-4А кұралдарымен танап тегістеледі.
Мелиоршщялық танапты қазан айында түренді ПН-4035, ПН- 8-35 соқалармен 25-37 см тереңдікке жыртады. Ерте көктемде 3-4 см тереңдікке ЗБТС-1,0 тырмасымен тырмалап, содан кейін Д-20Б, ПА-4А құралдарымен танап тегістеледі. Күрмек тектес арамшөптермен күресте 25-27 см терендікке аудара жыртқан сүдігер тиімді. Ал батпақты жерде өсетін арам шөптерге қарсы топырақты 12-14 см терендікте жыртқан дұрыс.
Қайта игерілген тың мен тыңайған жерлерде (ең кемі 23 см), сонымен катар камыс басқан учаскелерде (25-27 см) сүдігер ерте жыртылады. Екпе сүрі жерді өңдеу оған себілген дақылды жинап алысымен, жерді суарудан (гектарына 1000-1500 м3) басталады. Су топыраққа толық сіңіп, арамшөптер жаппай көктеп шыққаннан кейін, танапты сыдыра жыртқыш соқалармен (ППР-10-25, ППП5-25) 20-22 см тереңдікке жыртады.
Жыртылған қабат толық кепкеннен соң егістік жердің жөндеу-тегістеу жүмыстарына кіріседі. Топырақты тұқым себу алдында өңдеу жүмыстарына көктемде топырақтың физикалық пісуі жетсімен кіріседі, Топырағы тығыз жэне ылғалы көп жерлерде сүдігер көлденең жэне үзын бойына 16-18 см терендікте өңделеді.
Күріш егісінде минералдық тыңайтқыштарды пайдаланған- да, эсіресе оларды енгізудің мерзімдері мен тэсілдерін білудің үлкен маңызы бар. Егіске тыңайтқыш енгізудің мерзімдерін белгілегенде күріштің өсіп-жетілуінің ең жауапты кезеңі - оның түптенуі мен сабактана (түтіктене) бастаған кезі екенін эрқашан ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет