Реферат тақырыбы: Күріш Жетекші: Какежанова З. Е. Орындаған: Сарқыт Д. Д. Агр-301тобы Жоспар: Жалпы сипаттамасы



бет4/6
Дата07.03.2022
өлшемі28,37 Kb.
#134510
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
күріш
срс 5 афу LAN, Жусип Нургабыл
Өсіру технологиясы. А л г ы д а к ы л. Күрішті бір орынга екі, эрі кетсе үш жылдан артық орналастыруга болмайды, ойт- кені топырақ батпақтанып жэне сортаңданып кетеді. Сондық- тан күрішті суда өспейтін жаксы алгы дақылдардан кейін орна- ластырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бүзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, кү- ріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңгы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алгы дакылы жоңышқа екенін дэледцеді. Одан кейінгі алгы дақыл жоңышқа қыртысының аударылган алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер (мелиоративті танап) енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл себуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрме бүршақ немесе беде себіледі.
Қазақстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. Ондагы дақылдар келесі тізбекте орналасады: 1, 2-ші танаптар жоңышқа, 3, 4-ші танаптар-күріш, 5-ші танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7-ші танап-күріш. Т ыңайтқыш қолдану. Суармалы жерлерде өсірілетін астык дакылдарының ішінде күріш қоректік заттарға ерекше та- лап қояды.
Тыңайтқыш колдану басқа дакылдардан гөрі күріштің өнімінің артуына көбірек әсерін тигізеді. Бір тонна астығы мен сәйкес мөлшерде сабан өнімін түзу үшін күріш 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор жэне 30-35 кг калий пайдаланады.
Күріш қоректену үшін минералды элементтер топырақта жетіспесе оның өнімі азаяды, эсіресе азоттың жетіспеуі күрішке көп эсер етеді: фотосинтез процесінің өнімділігі төмендейді, өсімдік сарғыштанып, түптенуі нашарлайды. Азот күрішке ве- гетациялық кезеңінің барлық сатысында қажет. Алайда, бір өлшем құрғақ зат түзу үшін күріштің бүл элементті ең көп қажетсінетін мерзімі-көктеу мен түтікке шығу аралығы.
Күрішке фосфор элементі де жан-жақты эсер етеді. Бүл элемент топырақта жетіспеген жағдаида өсімдікте ақуыздың син- тезделуі нашарлайды, жапырағы жарылады, тамырлары нашар өседі, түптену кешігеді, щашақ басының көлемі де кішірейеді. Күрішке фосфордың алғашқы кезеңінде (көктеу) жетіспеуі, оның жақсы жетілуіне кедергі келтіреді, ал кейінірек берілген фосфор оның орнын толтыра алмайды. Сондыктан күрішті фос- формен бастапқы кезде камтамасыз ету керек. Күріштің басқа дақылдардан өзгешелігі ол суда еритін фосфор қосылыстарымен коса қиын еритін фосфор, калий, темір түздарын жақсы сіңіреді.
Басқа қоректік элементтерге Караганда күріш топырақтан калийді көбірек алады, эсіресе түтікке шығу кезеңі басталарда калийді коп керек етеді. Сондықтан күрішті осы мерзімде калий- мен камтамасыз етсе, солғұрлым тез жетіледі. Барлық тыңайткыштардын ішінде күріш өніміне неғүрлым көбірек эсер ететін азот тыңайтқышы. Қызылорда облысының шалғынды-батпақ топырағында азоттың жеке өзін қолданғанда күріш өнімі 70%-ға артқан. Күріш суда өсетін болғандықтан топырақтан азотты аммоний ионы түрінде сіңіреді, сондықтан күрішке аммоний сульфаты мен мочевина сияқты азот тыңайткыштары жақсы эсер етеді.
Азот тыңайтқышының мөлшері көбейтілген сайын күріштің ӨНІМІ жүргізілген де арта түседі. Алматы облысының Ақдала өнірінде алынған Азот тыңайтқышының мөлшері алғы дақылға да байланысты өзгереді. Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу жэне Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу инстиіуттарының деректері бойынша шалғынды-батпақты жэне боз топырақтарда үшжылдык жоңыш- Қадан кейін себілетін күріш үшін 60-90 кг, үшжылдық жоңышқадан соң үшінші жылы себілетін күрішке 130-150 кг азот беру тиімді екені анықталған.
Күрішке баяу сіңірілетін азот тыңайтқыштарын (мочевинді- формальдегидті) қолданудың маңызы зор. Бұл тыңайтқыштар кұрамындағы азотты өсімдік 2-3 жыл пайдаланады. Сондықтан баяу сіңірілетін тыңайтқыштарды көп мөлшерде (2-3 жылдық мөлшерін) сүдігер жыртар алдында бірден беру керек.
Күрішке органикалық жэне жасыл тыңайтқыштарды қолда- ну °ның онімін едэуір арттырады. Жасыл тыңайтқыш ретінде асбұршақ, сиыр жоңышқа, май бұршақ сыяқты дақылдарды пайдаланады. Күріш ауыспалы егісінде органикалық тыңайтқыш (көң) мелиоративті танапқа гектарына 20-40 т есебінде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет