Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Бейвербалды қарым-қатынастың ұлттық сипаты Бейвербалды қарым-қатынас – ым-ишара тілі



бет67/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Бейвербалды қарым-қатынастың ұлттық сипаты Бейвербалды қарым-қатынас – ым-ишара тілі.


Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», - деп кеңес береді .
Ишаралық тілі сөзбен бірге, аралас қолданылады.
Бейвербалды амалдарды алғаш зерттеулер Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин. Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым- қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды зерттеген. Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған.
Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан;
4) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; Көзін қысу – ниеттестікті білдіру;
Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 5) Төс қағыстыру – амандасу;
Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.
Бейвербалды қарым-қатынас қазақ халқының тұрмысында дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы.
Ахметова Ж., Макеева Ж.



    1. Мәтінді оқып, өздеріңіз білетін бейвербалды амалдар туралы айтып, мәтінді жалғастырыңыз. Басқа ұлт өкілдерінің бейвербалды амалдарымен ой бөлісіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет