Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет103/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Басқа бәле – тілден


Біреулермен қарап жүрмей таласам, Біреулерге ақылыммен қарасам.
Біреулердің бетіне айтып кінәсін Ақиқатқа өз әлімше жол ашам.

Айтарым тез, қайтарым да тез менің, Ашу деген – өрт екен ғой, сезгенім. Өтірікке өрт қоямын ашумен Өтірікшінің бақырайтып көздерін.


Мейлі бастық болсын , мейлі жай адам Жалғандықтың көзін сөзбен оя алам.


Үлкенді де сыйламаймын үлкен деп, Сақал-шашын өтірікпен бояған.
Өтірікпен қона алмадым көрші боп,
Қинамаймын «шындығыма сенші» деп. Тым ащылау, тым ауырлау болса да, Ақиқатты жүрген жанмын еншілеп.

Өспейтінім содан ба деп ойлаймын, Сонда дағы тік айтқанды қоймаймын. Шындық деген зәмзәм суы секілді,


Ал ЗӘМЗӘМҒА өмір бойы тоймаймын.

«Басқа бәле – тілден» дегенді енді ұқтым. Шындық деген – белгісі ғой ерліктің.


Өтірікпен тірі болып жүргенше,


Құлы болып өлген жақсы шындықтың! Жанысбаев Туғанбай

Жағдаяттық тапсырма
Сіз Астана қаласына іссапармен келдіңіз. Сізге «Бәйтерек»
қонақүйіне орналасу керек. Төмендегі қажетті сөздерді пайдаланып сұхбат құрыңыз.


Керекті сөздер: құжат, кілт, қонақүйге орналасу, бөлме, төлем, таңғы ас, теледидар, ғаламтор қызметі, төсек-орын, қызмет түрлері,
жаттығу залы.



ТОПТЫҚ ЖҰМЫС


13. Сөз қисынын келтіріп сөйлейтін қазақтың шешен-билер туралы не білесіздер? Ғаламтор желісін пайдаланып, олар туралы мәліметтер жинаңыздар.

1. Өмірі. 2. Қоғамдағы орны. 3. Нақыл сөздері. І. ТОП МАЙҚЫ БИ


ІІ. ТОП ТӨЛЕ БИ
ІІІ. ТОП ҚАЗБЕК БИ
IV. ТОП ӘЙТЕКЕ БИ


ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА. ТЕСТ


  1. Ойды дәлелдеу, сөз қисындылығы дегеніміз

А. Қатысымдық қарым-қатынас кезінде сөзді дұрыс құрастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану .
Ә. Қатысымдық қарым-қатынас кезінде мақалдар қолдану . Б. Қатысымдық қарым-қатынас кезінде өлеңдер қолдану.
В. Қатысымдық қарым-қатынас кезінде терминдер қолдану.
Д. Қатысымдық қарым-қатынас кезінде диалектілерді қолдану.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет