Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал


Табыс, түсім – шотқа түскен ақша



бет77/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Табыс, түсім – шотқа түскен ақша


Табыс табу, пайда табу – ол үлкен өнер, үлкен еңбек, себебі табыс халықтың тұрмыс-дәрежесін көтереді. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жетеді. Кез
келген өндіруші еңбек еткенде, біріншіден, пайда әкелетін өнім шығаруды ойлайды, екіншіден, табыс табуды ойлайды. Табыс – белгілі бір уақыт кезеңінде кәсіпорындардың өнім өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен ақшалай қаржы. Бұл халықтың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алатын ақшалай немесе заттай нысандағы қаражаты да болуы мүмкін. Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады.
Табыскер әр ісін түсетін пайданы болжап барып бастайды. Кейде болжал ақталуы мүмкін. Ақталған жағдайда пайдаға кенелері, ал ақталмаған жағдайда залал шегері анық.
Пайданың биржалық пайда, баланстық пайда, кәсіпорын пайдасы, құрылтайшы пайдасы, тұтынушы пайдасы сияқты түрлері бар.
Шығын – бұл белгілі бір өнімді немесе тауарды дайындауға немесе жасап шығаруға жұмсалатын қаражат, яғни жұмысшылардың еңбек ақысы,электр энергия шығыны, құрылғылар мен өндіріс үшін сатып алынатын шикізат, сондай-ақ ғимаратты жалға алу, көлік т.б. үшін жұмсалатын қаржы. Кез келген өндіріс шығынсыз болмайды. Әрбір кәсіпкер қаржыны неге жұмсау керек екенін білуі қажет. Өзінің тауарын шығарып сатпастан бұрын оның өзіндік құнын есептеп алады.
Залал, құқықта – азаматтық құқық бойынша жеке заңды тұлғаға екінші бір жеке заңды тұлғаның заңсыз келтірген ақшалай зияны.
Жұғын бар жерде шыбын бар, Шыбын бар жерде шығын бар.
Кедейге өлең айтқан да — шығын. Шығыс шықпай, кіріс кірмес.


ЖАҒДАЯТТЫҚ ӘҢГІМЕ


  1. Мәтінді оқыңыз. Құрылысқа байланысты кәсіби сөздерді қатыстырып,

әңгімені кеңейтіп жазыңыз. Зәулім үйді қалай салуға болады? Қандай құрылыс заттарын қолданар едіңіз?Ақсақалдың үйінің жобасын жасап көріңіз.
Әңгімеден қандай ғибрат алуға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет