«Тіл мәдениеті» – шығарма жазыңыз.
«Ұлттық бейвербалды амалдар» – тұсаукесер дайындаңыз.
11. КӘСІБИ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР. ТАБЫС. ШЫҒЫН Алуан-алуан кәсіп бар,
таңдай біл де, талап қыл! Мақал
Сабақтың мақсаты. Кәсіби сөздер мен термин сөздерді ауызекі тілде дұрыс қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, кәсіби қатысымдық
құзыреттілігін дамыту.
Тірек сөздер: Термин, әмбебап, сала, терминология, кәсіби, экономика, интернационалдық термин, қаржы, қолөнер, омарташы, үдеріс, ұлттық,
сөздік, шығын, табыс, түсім ,көрсеткіш, өркендеу, бәсеке, өндіргіш күш, тауар өндірушілер, нарықтық шаруашылық, шығын, тәуекел, бизнес әлемі, басқарушы –менеджер, бірлестік.
Мәтінді оқыңыз. Кәсіби сөздер мен терминдерді пайдаланып, ауызекі тілде сұхбат құрыңыз. Өзіңіз тұратын аймақтағы кәсіби сөздерді атаңыз.
Кәсіби сөздер мен терминдер
Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен тілде еліміздің әр аймақтарының жер жағдайына қарай диханшылықпен
айналысуына, бау-бақша, балық, аңшылықты кәсіп етуіне байланысты сөздер бар. Кәсіби сөздер шаруашылықтың бір ғана саласына қызмет етеді.
Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның
түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін
құрал, тарамыс – аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер:
а) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші.
ә) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б.
б) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; в) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек,
жом;
г) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |