Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет76/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы үғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылады, мағынасы үнемі тұрақты болады. Термин сөздердің жасалу жолдары:
а) қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, вектор, эпос, поэзия, пьеса т.б.
ә) қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.
б) сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төл+құжат (паспорт), ән+ұран (гимн), елтаңба (герб) т.б.

      1. «СУРЕТТІ КӘСІП» – Ойқозғау

Суретке қарап, кәсіп атауын айтыңыз. Кәсіппен байланысты сөздерді жазыңыз.





      1. Кәсіптерді жұптастырыңыз.




Халық алдына шығып ән салады

журналист

Адам өмірінің арашашысы

мұғалім

Қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқытады

әнші

“Орталық Қазақстан” газетіне мақалалар жазады.

дәрігер

Ол аспанда ұшып жүреді, адамдарды тасиды.

маркетолог

Ол сиыр сауады, сүт, май, ірімшік т.б. дайындайды.

бухгалтер

Ол жарнама жасайды.

сауыншы

Ол кәсіпорында есеп жүргізеді.

ұшқыш




      1. «Кәсіп» сөзінен туынды сөздер жасаңыз.



Кәсіп



  1. Ата - аналарының істейтін кәсібіне қатысты термин сөздерді қатыстырып әңгіме жазыңыз.

  2. 8. Мақалдарды сәйкестендіріңіз. Кәсіп атаулары мен оған қатысты сөздерді табыңыз.




Ұстаның бізі сүйкімді

соққан күймесі де алтын

Диқан жерді анасындай сүйеді

қойшыны таяғы асырайды

Шебердің инесі де алтын

орақ таңдайды

Тігіншіні инесі асырайды

байлықтың өзін табады

Орақшының жаманы

жақсының сөзі сүйкімді

Еңбектің көзін тапқан

бармағын жалар

Алуан-алуан кәсіп бар

балаға нәсіп

Ата кәсіп

таңдай біл де,талап қыл!

Бал ұстаған

өнерпаз шаһар түзетер

Шаштараз сақал түзетер

сақалын бояр

Бояушы бояушы дегенге

жер диқанын баласындай сүйеді







  1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз. Кәсіп атауларын пайдаланып, сөйлем құрыңыз, жазыңыз.

Арқар менен құлжаны ... үшін жаратқан, Алтын менен күмісті ... үшін жаратқан. Шеберді ... асырайды,
Қасқырды ... асырайды, Егіншіні ... жүзі асырайды.
Малды баға білмеген ... таба білмейді. Жұмысы жоқтың ... жоқ .
Жаман етікші ... таңдайды, Жаман жігіт ... таңдайды Ерінбеген ... болады.
Керекті сөздер: кетпеннің, мерген, зергер, ырысы, қыз, саусағы, аяғы, пайданы, біз, етікші.



  1. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз.

Табыс табу, пайда табу, қабілетті, табысты болу, табыскер, таза табыс, жылдық табыс, мемлекеттік табыс.



  1. Берілген даналар сөзі мен мақал-мәтелдерді жаттаңыздар және айтып беріңіздер. Пайда, табыс, байлық сөздеріне талдау жасаңыздар.

Жамандықтың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шышыл да, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды. В.А.Сухомлинский
Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктен ада қылады. Г.Саллюсти
Табысы жоқтың танысы жоқ. Саиф Сараи
Қайырсыз пайдадан – қайырлы залал. Оңай олжа оңалтпас.
Оңай олжа қолға тұрмас.
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол. Абай
Малды сүймей, малшының мамандығын, оның еңбек кәсібін сүймей, жақсы малшы болу, жұмыста жақсы нәтижеге ие болу мүмкін емес.
М. Ғабдуллин Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың. Л.Н.Толстой Еңбекті сүйгенді елі сүйеді. Жазылбек Қуанышбаев



  1. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөйлемдерді жазыңыз. Сұраулы сөйлемдер құрыңыз. Екеуара сұхбат құрыңыз. Экономикалық терминдерді табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет