«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту-әдістемелік кешен



бет3/7
Дата08.06.2018
өлшемі0,53 Mb.
#41598
1   2   3   4   5   6   7



1-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық-бағдарлама бойынша ........


Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының......

Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар ....., музыка, суреттер, кинофильмдер...., заводтар мен ғарыштық кемелерді ......

Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ... . 
Фразеологизмдер

Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.


2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.

Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.



3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.

  • Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?

  • Неге олай дедің ?

  • Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?

  • Кімнен естідің ?

  • Бәрі айтып жүр ғой.

  • Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.

  • Қайрат, рас айтасың.

  • Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.

  • Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Программное обеспечение. Компьютер – это машина, которая, команда за командой выполняет то, что ей приказано. Набор таких команд – это программа. При смене программы вся работа компьютера меняется: то он играет в шахматы, то редактирует книгу, то рассчитывает зарплату. Для игр – свои программы. Программа кодируется и хранится в памяти компьютера так же, как любая другая информация – в виде одного или нескольких файлов.



Языки программирования. Чтобы компьютер «понимал» программы, их записывают, используя определённые слова и знаки ­– «язык» программирования. Таких языков много: Бейсик, Си, Паскаль и другие. У каждого свои достоинства.

«Вирус» - это программа, которая разрушает память компьютера, мешает его работе. С вирусами можно бороться. Для этого используют антивирусные программы.
* * *
Тәрбиелік мәнін ашыңыз.

Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.

Қасындағы бай:


  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.

№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютер деген не?

2. Компьютерлердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Компьютер қалай жұмыс істейді?

4. Құрылысы бойынша компьютерлердің қандай түрлері бар? Сізге қандай түрі ұнайды?
Практикалық сабақ №7

Компьютерлік бағдарламалар. Көнерген сөздер мен неологизмдер.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін, осы бағдарламаларға қазақша сипаттама беріңіз;

  • Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.


Әдістемелік нұсқау
Компьютерлік бағдарламалар

Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, адамдармен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

Алғашқы компьютерлер үлкен бөлменің ауқымындай болды, оны ЭЕМ (электронды есептеу машинасы) деп атады.

Дербес компьютерлер ақпараттарды сақтауға, оны өңдеу кезінде есептеуді жеңілдетуге арналған. Дербес компьютерлердің жұмыс істеуі, оған «бағдарлама» деп аталатын арнайы нұсқауларды ендірмей мүмкін емес. Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін.

Жүйелік бағдарламасының ең күрделісі – операция орындау жүйесі (Microsoft фирмасының MS, DOS, Windows 95 және Windows NT Workstation). Олар компьютерді басшылыққа алып, бағдарламаны іске қосады және мәліметтің сақталуын қамтамасыз етеді.

1952 жылы АҚШ-та пайдаланушылардың ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы Интернет компьютерлік желісі құрылады. Нәтижесінде Интернет планетадағы барлық компьютерлік желілердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналады.

XXI ғасырда барлық қоғамның қалыптасуы үшін шешуші рөл информатика мен компьютерлендіруге түсіп отыр. Онда негізгі бағалы зат ақпарат болмақ. Осы мақсатта «Қазақстан 2030» даму жолындағы Президенттік стратегияда елімізде ғылым, басқару, және оқу-ағарту салаларында компьютерлік базаны кеңінен ендіру көзделіп отыр.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

электронды есептеу машинасы – электронно-вычислительная машина

ақпараттарды сақтауға – для хранения информации

арнайы нұсқауларды ендірмей – без ввода специальных инструкции

қолданбалы – прикладные

жүйелілік – системные




аспаптық – инструментальные

мәліметтің сақталуын қамтамасыз етеді – обеспечивают защиту данных

ақпараттарды іздеуге – для пойска информации

«Өрмекші тор» - паутинная сеть


шешуші рөлрешающая роль









1-тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

Электронно-вычислительная техника все шире входит во все сферы нашей жизни. Компьютер стал привычным не только в производственных целях и научных лабораториях, но и в студентеческих аудиториях и школьных классах. Непрерывно растет специалистов их основным рабочим инструментом.

На сегодняшний день нет такой сферы нашей жизни, где нет место информационным технологиям. Умение работать на компьютере стало одним из основных требований при приеме на работу. Информатика – перспективная, динамично развивающаяся област знаний.


2-тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Интернет желісі, компьютерлік база, дербес компьютерлер, алғашқы компьютер, бағдарлама, мәлімет.



Көнерген сөздер мен неологизмдер

Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:



  1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.

2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:


  1. қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;

  2. тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.

3-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Ғаламтор, пернетақта, тінтуір, үнтаспа, мешіт, жолсерік, мұсылман құжат, зейнетақы, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.


* * *
Қожанасыр мен молда

Қожанасыр мен молда көрші отырыпты. Бір күні Қожанасырдың сиыры молданың сиырын сүзіп жарып тастапты. Қожанасыр молданың үйіне барыпты да:

- Молдеке, сіздің сиыр біздің сиырды түнде жарып тастапты, құраныңызға қарап жіберіңізші, құн төлеуге жата ма екен, жатпай ма екен? – деп отыра кетіпті.

Молда құранын ары-бері ашыпты да:

- Е, көрші, құранда малды мал жарып тастаса, құн төленбеуге тиіс деп жазылған екен, - депті.

Сонда Қожанасыр:

- Молдеке-ай, мен сасқанымнан жаңылыс айтыппын ғой, біздің сиыр сіздің сиырды жарып тастаған екен ғой, оқасы жоқ енді, - деп орнынан тұра берген екен дейді.

Молда не дерін білмей құранын аударыстырып отырып қалыпты.


№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Алғашқы компьютерлер қандай болды және қалай аталды ?

  2. Бағдарламаның қандай түрлері болды?

  3. Интернет компьютерлік жүйесі қашан құрылды ?

  4. XXI ғасырда информатика мен компьютерлендіру не үшін шешуші рөл атқарады ?


Практикалық сабақ №8

Компьютер қалай жұмыс істейді? Мақал-мәтелдер.

Тапсырмақа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:




Әдістемелік нұсқау

Компьютер қалай жұмыс істейді ?

Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс істейді. Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады. 



Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді. Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады.  Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз. 



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет