Кәсіби қазақ тілі сабағында ікерлік ойындарды пайдалану маңыздылығы
Ойын ешқашан білімнің мазмұны мен құнын төмендетпейді, қайта мазмұнын толықтыра түседі. Сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындар мынадай түрге бөлінеді: иммитациялық (қимыл -қозғалыс), проблемалық (тақырыптық,) сюжеттік (драма), ситуациялық, шығармашылық, рольдік, іскерлік (басқару), ұжымдық (командалық), нәтиже көрсету ойыны болып бөлінеді.
Оқу үрдісінде тәжірибелік іс-әрекетке жақындату мақсатында қазақ тілін кәсіби тілдесім арқылы меңгертуде ең тиімді, аса қажетті белсенді әдістемелік тәсілдердің бір түрі іскерлік ойындар.Кәсіби қазақ тілін оқытуда мамандыққа қатысты іскерлік тілдесу ойындарын қолдану студенттердің кәсіби тілдесім дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру арқылы өзі таңдаған болашақ кәсіби қызметіне бейімделуге ,мамандығының маңыздылығын меңгеруге,өз бетінше ізденіп,дербес пікілесу, тілдесу қабілетінің артуына жол ашады.Тіл үйренушілерді кәсіптік ортаға үйренуге көмектеседі.Іскерлік ойындар дайындықты қажет етеді.Іскерлік ойындарды өткізер алдында оқытушының тікелей бақылауымен студенттердің тыңғылықты дайындығы жүргізіледі. Оқытушы іскерлік ойындардың тақырыбымен, өткізілу шарттарымен ,орындайтын рөлдерімен таныстырады.Дайындықта оқытушының рөлі ерекше белсенді, ол сценарист,кеңесші және тілдік ақпарат беруші.Кәсіби қазақ тілі сабағында студенттер мамандықпен байланысты кәсіби мәтіндермен, терминдермен,ауыз-екі сөз құрастырып,өз рөлдеріне қатысты ақпарат,мәлімдемелер жинақтайды.Ойын барысында студенттер пән бойынша танымдарын ғана көрсетіп қоймайды сонымен ғана өздерінің болашақ әріптестерімен кәсіби іскерлік қарым –қатынас дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады.Оқытушы ойын қорытындысында сын –ескертпелер айтады, жіберілген қателерге оларды дұрыстау бағыттары көрсетіледі.Сонымен қоса жетістіктеріне аса назар аударылып айтылады.Студенттердің өздерінің пікірлері тыңдалып, ойын қорытындысы анықталады,баға беріледі.Ойын нәтижесінде болашақ маман қызметкер есебінде қарым-қатынас жасай білуге,шешім қабылдай білуге үйренеді.Себебі ойын барысында шығармашылық тұрғыдан ойлай білуге , жұмысты бағалауға , нақты шешім қабылдауға дағдыланады.Ойынға қатысушыларойын үстінде кәсіби білімін, іскерлігін,ынтасын,қарым –қатынас жасау мәдениетін байқата алады.
Мына келесідей ойын түрлерінен студенттердің білімге деген қызығушылығының,белсенділігінің артқанын аңғаруға болады.
Мәселен: «Банкте», «Кеңесші менеджер», «Менеджер қызметі» кәсіби тақырыптар төңірегінде өткізілген іскерлік тілдесу ойындары сабақта қазақша кәсіби тілдесу үшін маңызды.Сабақ барысында қолданылған ойындар болашақ кәсіби қызметіндегі қажеттіліктерін іс жүзінде қолдана білуге қалыптастырады.сонымен сабақ барысында кәсіби қарым –қатынасқа үйрене отырып, студент белсенді кәсіби тұлға ретінде қалыптасады.
Сабақ барысында іскерлік ойындардың мақсаты – кәсіби тақырыптар төңірегінде өз ойын сауатты түрде жеткізе білуге үйрету,іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Мәселен, «Кеңесші менеджер» іскерлік ойынын алайық.
Ойынның қатысымдық мақсаты: Өз мамандығы бойынша кәсіби тұрғыда клиенттер мен тұтынушыларға кәсіби кеңес бере білуді үйрену.
Ойынның танымдық мақсаты: Кәсіби терминдерді, мәтіндерді сауатты құрастыра біле отырып, ой –өрістерін дамыту.
Ойынның тәрбиелік мақсаты:Кәсіби этикет, мәдениеттілікті сақтай отырып, клиенттермен сыпайы қарым – қатынасты орнату.
Ойынға қатысушылар ойын үстінде кәсіби білімін,іскерлігін, білімділігін ғана көрсетіп қоймайды, сондай –ақ белсенділігін, ынтасын және тіл табысу, қарым -қатынас жасау мәдениетін де байқата алады.
Іскерлік ойындардың ұтымдылығы : ойын ойнау кезінде кәсіби тілдесім ерекше маңызға ие болады, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары оянады.Студенттер кәсіби тақырып төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асырады,сөйлеуге машықтанады. Студенттің алған білімдерін кәсіби қажеттіліктеріне іс жүзіне қолдана білуіне қалыптасады.Топ алдында сөйлеу дағдысы қалыптасады.Студенттің сөздік қоры молаяды, ізденушілік, шығармашылық қабілеттері дамиды,ой –өрісі кеңейеді, кәсіби мәдениеттілікке, әдептілікке үйренеді.
Бүгінгі білім беру жүйесі тынымсыз ізденуді талап етеді.Сондықтан ойынмен ұйымдастырылған сабақ келешек маманның ойын жетілдіріп,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.Демек,ойын деген аты ғана,ал шындығында ол сабақтың, еңбектің жемісі.Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен келешек жас ұрпақ өміріндегі ойынның маңыздылығын көреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж;
2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2008 ж. № 7;
3.А.Қайырбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі – 2005ж.
Достарыңызбен бөлісу: |