Кәсіби бағдардың теориялық негізі туралы білімі қалыптасады


Кәсіби бағдардың теориялық негізі туралы білімі қалыптасады



бет2/4
Дата09.05.2020
өлшемі26,91 Kb.
#66831
1   2   3   4
Байланысты:
бейіндік оқыту 8

Кәсіби бағдардың теориялық негізі туралы білімі қалыптасады.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:


  • оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

  • түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

  • кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгерістерінде оқушылардың кәсіби бағдары мәнді күрделенді. Түлектер білім ордасында тәжірибеге бағдарлы білім алуға көп көңіл бөлуде. Келешекте өзін-өзі анықтауға. Қазіргі кәсіби бағдардың теориялық негізі продуктивті оқыту теориясына сүйенуге бағытталды. Продуктивті оқыту – оқушының өндірісте өзінің өнімді еңбегі арқылы білім алуы, білім беру процесі соңғы нәтижесіне, біртұтастығына жету әр оқушының жеке нәтижесі болып табылады. продуктивті оқытудың бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, мектептен тыс жағдайда оқушының еңбек ісәрекетімен дербес өзбетімен шұғылдана оқу-танымдық әрекеттерді жүзеге асырады; екіншіден, оқу мен еңбек оқушыны шынайы, әлеуметтік мәнді өнім алуға бағыттайды; үшіншіден, педагогтың қызметі оқушыға дайын білім беру емес, оқушыны қолдаушы, жетекшеуші, кеңесші, жаттықтырушы, ұстаздық рольдермен алмастырылуы, төртінші, формалды формадағы оқытулар ашық, эвристикалық, топтық, формалды емес формада пробемаларды анықтау, рефлексия жасауға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда продуктивті оқытуды ұйымдастыру оқушы мен педагогтың іс-әрекеттерін өзгертеді. Оқушының продуктивті оқытудағы нәтижесі немесе көрсеткіштері, оның жеке қызығуы, кооперациясы мен партнерство, дербестік пен жауапкершілік,, педагог үшін кеңес беру мен оны қолдау, бір-бірімен әрекеттену, жаңа білім беру ортасын құру.

Олай болса, білім беру іс-әрекеті оқушының жеке тәжірибесі мен рефлексия негізінде құрылады. Осындай оқытудың формасын ұйымдастыру үшін мынандай шарттарды сақтау орынды:

 білім беру процесінде әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі анықтауға орта құру(жеке оқу бағдарламасын құру сияқты);

 оқушының кейін білімін жалғастыруға шешім қабылдау мүмкіндігін беретін қабілет, құзыреттіліктерін дамытатын білім беру кеңістігін жобалау;

 жоғары сынып оқушыларына психологялық-педагогикалық қолдау жасау (кеңес беру, ақпаратпен қамтамасыз ету, диагностика жасау сияқты).

Бұл аталған шарттардың жүзеге асырылуы кәсіби бағдар жұмысының мына бағыттарында орын алады: білім беру салалары мен сабақтан тыс ісәрекеттерді интеграцялау; әлеуметтік әріптестікті құру; диагностика мен кеңес беруді ұйымдастыру; вариативтілік принцип негізінде бейіндік дайындықты қамтамасыз ету.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет