Есеп беру Өндірістік практикадан өту туралы



Дата07.03.2022
өлшемі124,42 Kb.
#134451
Байланысты:
Асқарұлы Абылай отчет практика


Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
Факультет: «Су, жер және орман ресурстары»
Кафедра: «Орман ресурстары және аңшылық шаруашылығы


Есеп беру
Өндірістік практикадан өту туралы
Орындаған: Асқарұлы Абылай
Қабылдаған :Адилбаева Жанера Бикеновна

Ол 1929 жылы тапсырма берушi сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттiк қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982 – 1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекшерек қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика,экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кiтапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетедi. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес – республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан мұқият қарауда.


Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеу ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай басталды. Алғаш 1831 жылы орыс ғалымы Р. Левшин Арал теңізінде осындай аралдың бар екенін анықтап, картаға сызбасын түсіреді. Патша үкіметі 1848 жылы Арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция шығарып, оған басшы етіп әскери теңізші Алексей Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан керуен айдан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Осыдан кейін бұл жерге зерттеуші Л.Бергтің табаны тиеді. Міне, Барсакелместің ашылу тарихы осындай.



Айдынды арал зерттеушілерді өзінің керемет табиғатымен таңғалдырады. Оның табанын түгел жасыл желек жапқан. Тұщы суы бар көлдер көп. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар мен бүйілер өріп жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездері бұл жер шынында таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды.


Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

Табиғи қоры
Бүгінде құрылғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.

Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдыларын түгел басқа жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет