Кәсіби бағытталған шет тілі



бет5/8
Дата06.02.2022
өлшемі122 Kb.
#64338
1   2   3   4   5   6   7   8
Айтылым бойынша білім алушылар өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Білім алушының берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, айтылым қарқыны минутына170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны минутына 160-180 сөз.
Диалогтық сөйлеуде студент:
• айтушының ой-пікіріне өзіндік тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
• мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;
• естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
3.2 Пәннің мақсаты:
Бұл пән бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар факультеті мамандықтарының студенттері үшін өзекті пән болып табылады. Курс ағылшын тілін қазақ тілді дәрісханаларда кәсіби тілге бейімдей оқытуға, іскерлік дағды-машықтарды қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара сабақтастыра оқыту, тілдік материалдарды қолданымдылық (функционалдық) жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту көзделеді.
3.3 Пәннің міндеті:
Кәсіби бағытталған шет тілі курсында білім алушылар ресми-іскери, өз саласында, қоғамдық-саяси салада қолданылатын лексикалық қорды игеруі қажет. Тіл үйренушілердің (кәсіби ортада) тілдік қатысымда қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс қолдана алу машығы мен дағдысын қалыптастыру және дамыту.
Өз саласындағы күрделі мәтіндерді түсініп, әр түрлі аудитория алдында шешен, тартымды сөйлеуге үйрену.
3.4 Пәнді оқып, аяқтаған студенттердің білуі керек:
Курстың соңында Сіз келесі дағдылар мен біліктерді меңгеруіңіз қажет:
● мамандығы бойынша қажетті тақырыптардағы орташа және күрделі мәтіндерді түсіну және қабылдай алу;
● баяндамалар, хаттар жаза білу, мамандығына қажетті құжаттарды сауатты құрастыра және толтыра білу;
қажетті ақпараттарды талдай, сұрыптай білу;
● сызба, кестелердегі ақпараттарды сауатты сөйлете алу;
● қажет материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудару;
● түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын дәлелдей білу, өз ойын (ауызша және жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып, дәйекті,шебер жеткізе алу;
● негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана алу;
● өтілген тақырыптар негізінде эссе,баяндамалар, хабарлама жазу, студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білу;
● кез-келген стильдегі материалды түсініп, ажырата алу;
● өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;
● іскерлік ортада шебер сөйлей алуы, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қажетті тұстарда оңтайлы қолдана алуы;
3.5. Пән пререквизиттары:

  • Шет тілі I

  • Шет тілі II.

3.6. Пән постреквизиттары:

  • Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

  • Мамандықтар бойынша пәндер.

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді
Кесте 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет