Дидактикалық ойындар - бұл оқылатын жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді имитациялық модельдеуді жүзеге асыратын белсенді қызмет. Ойынның басқа қызметтерден басты ерекшелігі, оның пәні баланың қызметінің өзі екендігінде. Дидактикалық ойында қызметтің негізгі түрі ретінде, ойымен сабақтасатын және біріккен оқу-ойын түріне айналатын оқу қызметі болып табылады. Дидактикалық ойын - бұл әр бір қатысушы мен топ басты міндетті шешу үшін толығымен бірігетін және өздерінің әрекеттерін табысқа, бағыттайтын, ұжымдық, мақсатты оқу қызметі. Оқу мақсатында ұйымдастырылған ойынды оқу ойыны деп атауға болады. Оның негізгі құрылымдық әлементтері:
ойынға қатысушылардың бірлесқен іс әреқеті;
ойынның ережесі,
жағдайдың өзгеруіне орай шешім қабылдау;
қабылданған шешімнің тиімділігі.
Дидактикалық ойындарды тұлғаның жас және дербес ерекшеліктеріне орай ұйымдастырылады. Педагогика ғылымының дидактика бөлімінде лидерлік сапаларды дамытуда оқу үдерісінде оқыту формасы мен әдісіне үлкен мән беріледі. Мысалы, дебат - студенттердің кәсіби лидерлік сапаларын дамытуда оқытудың тиімді формасы. Жоғары оқу орнында дебат өткізудің маңызы зор.
Дебат – талқылау мен дәлелдеуді үйрену технологиясы
Дебат қағидалары: құрметпен қарау, адал болу, жеңілген жоқ.
Дебат - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу, талқылауға қойылған мәселе бойынша, әр спикер өз көзқарасы негізінде үшінші жақтың көзқарасын өзіне бұру.
Дебат - студенттердің қисынды, сыни ойлау, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық, шығармашылық дағдыларын қалыптастырып, кәсіби сөйлеу стилі мен шешендік өнерін дамытады, өздігінен ақпараттарды іздеу, өңдеу, қабылдау әлеуеттері артады. Коммуникативтік қабілеттерін дамытып, командамен жұмыс істеуге үйренеді, басқа адамның пікіріне толерантты көзқараспен қарауға, өзін-өзі сенімділігі мен жауапкершілігі артады. Студенттердің өзін-өзі басқару мүмкіндіктері артады.
Келесі студентердің кәсіби лидерлік сапаларынң дамуына оңтайлы әсер ететін жұмыс формасы – эссе.
Эссе - дегеніміз - фр. тіл. еssai-тәжірибе, лат.т. exagium – құрау философиялық, педагогикалық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді:
1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту.
2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әр бағытта білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – салыстыру - тексеру
Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптары:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теориялық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мысалы:
1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.
2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теориялық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Бағалау талаптары:
Бірінші әдіс:
Жалпы білімі - max 100
1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы - max 40
2. Проблема теориялық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы - max 30
3. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. max30
Екінші әдіс:
Жалпы білімі - max 100
Педагогикалық ғылыми тілді қолдану деңгейі - max 40
Сауаттылық - max 30
Фактілер мен деректерге сүйену - max 30
Семинар сабағының мазмұны
Педагогикалық диагностика. Лидерлік әлеуетті анықтау диагностикасы. Тұлғаның лидерлік сапаларының диагностикасы. Педагогикалық тенологияларды тиімді пайдалану. Лидерлік сапаларын дамутудың әдістері. Лидерлік сапаларын дамытуда оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттары. Лидерлікке тәрбиелеудегі жұмыстaрын ұйымдaстырудың әдiстемесi.
Тақырып бойынша сұрақтар
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуына байланысты жүргізілетін диагностика түрлері
Лидерлік сапаларды анықтаудағы педагогикалық диагностикасы
Лидерлік сапаларды анықтаудағы әлеуметтік - педагогикалық диагностикасы
Лидерлік сапаларды анықтаудағы психологиялық диагностикасы
Тұлғаның лидерлік әлеуетін анықтаудың әдіс-тәсілдері
Баланың лидерлік сапаларын дамытуда педагогтың отбасымен бірлескен іс-әрекеті
Лидерлік сапаларын дамытуда оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттары
Баланың лидерлік сапаларын дамыту мақсатында әлеуметтік педагогтың жұмыстары түрлері
Мектепке дейінгі балалардың лидерлік сапаларын дамытудағы тәрбиешінің іс-шаралар жоспары
Тәрбие жұмыстaрын ұйымдaстырудың әдiстемесi.
Тұлғаның лидерлік сапаларының дамындағы ақпараттың ролі
Тұлғаның лидерлік сапаларын дамыту мақсатын ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыстар
Сыны тұрғысынан ойлау технологиясы
Лидерлік сапаларды дамыту технологиялары
Түс бойынша баланың лидерлік әлеуетін анықтау әдістері
Студенттердің өзіндік жұмыстары
Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық технолоиялары
Тұлғаның лидерлік әлеуетін анықтау диагностикасы
Балалардың мінез-құлығын анықтау, лидерлік сапаларын дамытудың негізі
Баланың лидерлік сапаларын дамытуда ата-аналармен жүргізілеті жұмыстар әдістемесі
Балалардың лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық кадрларды араный курстары
Тұлғаның лидерлік сапалрын дамытуда қазақ ойшылдары мен ағартушыларының идеяларын пайдалану әдістемесі
Баланың лидерлік сапалыр дамытудағы халық педагогиксын пайдалану әдістемесі
Девиантты балалардың лидерге тән адамгершілік сапаларын дамыту жолдары
Балалардың лидерлік сапаларын дамытуда кездесетін инертті мінез-құлық
Тұлғаның лидерлік сапаларының дамындағы ақпараттың ролі
Балалардың идерлік сапаларын дамытудағы мінез-құлық ерекшеліктері
Баланың лидерлік сапаларын дамытудағы отбасымен жұмыс технологиясы
Қазақ ойшылдары мен ағартушыларының лидерлік идеяларын пайдалану әдістемесі
Халық педагогиксындағы баланы лидерлікке тәрбиелеу
Балалардың лидерге тән адамгершілік сапаларын дамыту жолдары
Ұсынылған әдебиеттер тізім
Негізгі әдебиеттер:
Н.Б. Беляцкий. Основы лидерства. Учебник. Москва. – 2015. (Оқулық электронды кітапхана жүйесінде қолжетімді – biblio-online.ru.)
В.А. Ильин. Психология лидерства. Учебник. Москава – Юрайт, 2014 – С. 312
Қосымша әдебиеттер:
Нұржанова С.А. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ мамандардың креативті ойлауын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері п.ғ.к., дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2010
Алимбекова А.А. Лидер және лидерлік феноменінің ғылыми теориялары. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.-Астана, 2014.244-247б.
Достарыңызбен бөлісу: |