Глосарий Автономиялық белсенділік - тұлғаның қоғамдық орнына, ұжымдағы рөліне байланысты өз бетінше мақсатты іс-әрекеті
Гетерономды белсенділік – тұлғаның авторитет бұйрығы бойынша жасалатын іс-әрекеті
Ерікті белсенділік - тұлғаның логикалық ойлау арқылы тілектерін орынды жүзеге асыруы сапасы, ерікті белсенділік – адамның әдеттегі белсенділігі.
Зиялылық – жеке адамның сыртқы бейнесі мен алған біліміне, мамандығына сай атқарып жүрген кәсібімен шектелмей, адамның ішкі дүниесіне тәуелді рухани болмысының даралық мәнін, дербестігін, еркіндігін көрсететін ұғым.
Интеллигенция – мамандығымен, ой еңбегімен шұғылданатын, әлеумет мүддесіне қызмет ететін, шығармашылық жолдағы адамдар тобы, яғни «зиялы қауым өкілдері, интеллигент: зиялы адам (оқыған, жоғары мәдениетті адам).
Интуиция – жағдайды адамгершілік – рухани тұрғыда көру, сезіну, түсіну, ұғыну.
Көшбасшы – топ мүшелерінің өзара әрекет ету нәтижесінде немесе нормалары мен құндылық бағдарларына сәйкес келетін топ құру арқылы көзге түсетін шағын топтың өкілі.
Кәсіби маңызды сапалар – белгілі кәсіби іс-әрекетпен оның субъектісіне қойылатын және осы кәсіби іс-әрекеттің сәтті жүзеге асыруын қамтамасыз ететін биологиялық (типологиялық, нейродинамикалық) және психологиялық (жалпы және кәсіби қабілеттер, тәжірибе-білім, дағдылар), мотивациялық сала ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қасиет – адамның өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттілік, т.б.)
Лидер – қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Лидер аса беделді тұлға ретінде танылады: көшбасшы; басшы, жетекші; аса құнды әлеуетті меңгерген, топқа жетекші ықпал жасай алатын белсенді мүше.
Лидерлік – топ мүшелерінің қарым-қатынастарын үйлестіру және оларды басқару құралы; топтық мақсатқа жетуге бағытталған топ мүшелеріне тән құндылықтарды жүзеге асыруда дәлелденген тұлғааралық әсер ету үрдісі.
Лидерлік сапалар – функцияларды орындаудың табыстылығын қамтамасыз ететін, топтың лидермен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің, психологиялық сапалары мен қабілеттерінің жиынтығы.
Педагог лидерлігі – әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше мұғалімнің мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен таңдауын білдіретін қызметі.
Сапа – белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Ол беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстетикалық т.б. көрсеткіштерімен сипатталады.