Тестілеудің бағалау нәтижелері
Сіздің жауаптарыңыз үшін ұпайлардың сомасы сауалнаманың кілттері арқылы есептеледі.
Сауалнаманың кілті
(1а, 2а, 36, 4а, 5а, 6б, 7а, 8б, 9б,10а, 11а, 12а, 13б, 14б, 15а, 16б, 17а, 18б, 19б, 20а, 21а, 22а, 23а, 24а, 25б, 26а, 276, 28а, 29б, 30б, 31а, 32а, 33б, 34а, 35б, 36б,37а, 38б, 39а 40б, 41а, 42а, 43а, 44а, 456, 46а, 47б, 48а, 49б, 50б.)
Кілтпен сәйкес келетін әрбір сұрақтың жауабы үшін, сынақталушы 1 ұпай алады, кері жағдайда – 0 ұпай алады.
Лидерліктің бағалануы
Егер ұпайлардың сомасы 25 төмен болса, лидерліктің қасиеті төмен айқындалған.
Егер ұпайлардың сомасы 26-дан 35-ке дейінгі аралықта болса, лидерліктің қасиеті орташа айқындалып тұр.
Егер ұпайлардың сомасы 36-дан 40-қа дейінгі аралықты алса, лидерлік қасиет мықтылықты танытып тұр.
Егер ұпайлардың сомасы 40-тан жоғары болса, ендеше бұл адам диктатқа (өктем) жақын.
Интерпретация.
Адамның лидер болу қабілеттілігі көп жағдайда оның коммуникативтік және ұйымдастырушылық қасиеттеріне байланысты болады. Нағыз лидер қандай жеке даралық сипаттамалық ерекшеліктерге ие болуы керек? Ондай белгілерді Е.Жариков және Е.Крушельницкий келесідей етіп атап кеткен:
- Қайратты, мақсатына қарай жолдағы тосқауылдардан жеңіп шығады.
- Табанды, ақылмен тәуекелге бел буады.
- Шыдамды, біркелкі және қызықсыз жұмысты ұзақ әрі сапалы орындай алады.
- Бастамашыл, майда қамқорлықсыз жұмыс жасағанды қалайды. Тәуелсіз.
- Психикалық тұрғыдан орнықты, қияли ұсыныстарға өзін ертіп әкетуге бағындырмайды.
- Жаңа шарттар мен талаптарға өте жақсы бейімделеді.
-Өзіне сыншыл, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін парасаттылықпен бағалайды.
- Өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, өзі тапсырған жұмысы үшін есебін сұрай алады.
- Сыншыл, қызығарлықтай ұсыныстардың осал қырларын көре алады.
- Сенімді, сөзінде тұра алады, оған сенім артуға болады.
- Шыдамды, шамадан тыс қиын болған жағдайларда да жұмыс жасай алады.
- Зерек, дәстүрлі емес міндеттерді соны тәсілдермен шешуге бейім.
- Стресске қарсы ұстамды, қысылтаяң (төтенше) жағдайларда өзінің сабырлылығы мен еңбекқорлығын жоғалтпайды.
- Оптимист, қиыншылықтарды – одан қашып кете алмайтын және оларды жеңіп шығуға болатын кедергілер деп біледі.
- Табанды, шешімдерді өз бетімен және уақытылы қабылдауға, өте қиын жағдайларда жауапкершілікті өзіне жүктеуге қабілетті.
- Әр түрлі жағдайларға байланысты өз-өзін ұстай алу стилін өзгертіп отыруға қабілетті, жігерлендіре де алады, талап ты қоя алады.
Ұсынылған әдіс адамның лидер болу қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Лидерлік сапаны анықтауға арналған тест
Нұсқау: 10 пікірдің әрқайсысын мұқият оқыңыз және өзіңізге жақын, қонымды жауаптың әріптік түрін таңдаңыз. Есіңізде сақтаңыз, тестпен жұмыс жасау кезінде жақсы немесе жаман деген жауаптар болмайды. Жауапты таңдау кезде объективтілік пен ойыңызға бірінші келген жуапты таңдауға тырысыңыз.
Сұрақтары
1. Ойында сізге не маңызды?
а) жеңіске жету
в) көңіл көтеру
2. Ортақ әңгімеде нені дұрыс көресіз?
а) бастаманы қолға алып, бір нәрсеге ұсыныс жасау
в) басқалардың ұсыныстарын тыңдап, сынау
3.Жеке тартыс-егестерге араласпай, айыпсызданбай, сіз туралы айтылған сынға шыдамдылық көрсете аласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
4. Жұрт көзінше сізді мақтағанды ұнатасыз ба?
А) ия
Б) жоқ
5. Барлық жағдай (көпшіліктің пікірі) сізге қарсы тұрғанда, өзіңіздің пікіріңізді қорғайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
6. Топ ішінде, жалпы жұмыста сіз басқаларға қызықты болатын нәрселерді ойластырып, үнемі бастаушы боласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
7. Айналадағылардан өзіңіздің көңіл күйіңізді жасыра аласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
8. Жасы үлкендердің айтқанын үнемі шапшаң және қыңқылсыз орындайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
9. Әңгімеде, пікірталастарда сізбен бұрын келіспеген адамдарды өз жағыңызға тарта аласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
10.Басқаларды оқытып отыру (тәрбиелеу, оқыту, үйрету, кеңес беру) сізге ұнайды ма?
А) ия
Б) жоқ
Мәтіннің дереккөзі – «Лидерліктің өзіне баға беруі» Фетискин Н.П., Козлов В.В., Мануйлов Г.М. Тұлға мен шағын топтарды дамытудың әлеуметтік-психологиялық диагностикасы. М., 2002. С. 391-392)
Достарыңызбен бөлісу: |