Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет42/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

11-тaқырып. Кәсіби лидерлік сапаларын дамыту



  1. Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың технологиялары

  2. Лидерлік сапаларды анықтаудағы диагностикасы

  3. Лидерлік сапаларын анықтаудың әдістері

Негізгі ұғымдар: технология, мониторинг, диагностика, әдістеме, әдістер, технолоия, тәжірибе, тәрбие жұмысы,тәрбие сағаты, тәрбиелік іс-шара


Лидерлік сапаларды анықтау диагностикасы. Тұлғалардың лидерлік сапаларын анықтау әлеуметтік - педагогикалық, психологиялық диагностика жұмыстары арқылы арқылы жүзеге асады.


Диагностика ұғымы dia - кейін, gnosis - білім деген грек сөзінен шыққан. Антикалық әлемде диагност деп соғыстан кейін жаралы және өлген жауынгерлерді санайтын адамды атаған. XIV- XVI ғасырлар қайта өрлеу заманында диагностика ауруды танып-білетін медициналық ұғым болып қалыптасты. Жалпы алғанда диагностика ғылыми білім мәні мен жекеленген құбылысты танып білудің ортасындағы танымның ерекше түрі.
Сонымен танымның нәтижесі диагноз - гр. diagnosis – танып-білу. Диагностикадан нәтижелерді бағалауға дейінгі бұл цикл әлеуметтік жүйелерде адамның қарым қатынасына, басқаруға тән, тәрбиелеу жүйесі де осы тектес болып келеді. Осыған орай диагностика жоспарлау; жоспарды жүзеге асыру; нәтижелерді талдау арқылы жүреді.
Қазіргі заманғы педагогика ғылымында диагностика білім берудің өзара байланыстары бар, мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері мен формалары, обьект - субъектілерін құрайтын жүйе аясындағы тұтас педагогикалық үдерістің сапасын арттыру үшін пайдаланады. Жоғары педагогикалық білім беру аса ұқыптылықты қажет етеді. Себебі, жоғары білім беру оқыту, тәрбиелеу, өздігінен білім алу, дамыту, дайындау, игеру, меңгеру, қалыптастыру, әсер ету және т.б. үдерістердің сапалы жүзеге асыруын қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың мақсаты тұлғаның лидерлік сапаларының дамуында елеулі рөл атқаратын микро ортадағы қатысушылардың ықпалын анықтау, олардың балаға қалай әсер ететіндігіне талдау жасап, баланың жеке лидер тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуші салдарын болжамдай алады. Баланың отбасымен және басқа әлеуметтік топтармен орнатылған қарым-қатынастарының мәнін түсіну маңызды. Басшылыққа алынатын мәселелер:

  • отбасы мүшелерінің баламен арасындағы қарым - қатынастар

  • отбасы мүшелерінің лидерлік потенциалын анықтау

  • қарым-қатынастың тиімді (тиімсіз) жақтарын анықтау

  • отбасында кімнің шешімі маңызды

  • отбасындағы кикілжіндердің болу себептері және оны шешуде кім қандай қандай іс-шаралар қолданылады?

  • қандай құндылықтар мен нормалар отбасы (топ) мүшелерінің тәртібін айқындайды, бұл нормалардың орындалуы қалай қамтамасыз етіледі?

Педагогикада диагностиканың өз ерекше мазмұнға ие болады. Егер психодиагностика жеке тұлғаны және салыстырмалы түрде тұрақты құрылымдар ретінде оның жеке жақтарын бағалауға ұмтылса, педагогикалық диагностика оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуының нәтижелеріне, осы нәтижелердің себептерін табуға және тұтас педагогикалық үдерістің сипатына бағытталған. Педагогикалық диагностика – баланы жеке тұлға ретінде, тұтас педагогикалық үдерісте жеке және дифференцияланған көзқарастың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бала ұжымын зерттеу болып табылады. Әдеттегідей, педагогикалық диагностика баланы белгілі бір әлеуметтік нормалар мен үлгілермен салыстыра отырып бағалайды, бұл қамқорлығындағы жеке тұлғаға бағалаушылық қатынасты және оны шартсыз қабылдаудың болмауын ескертеді. Сондықтан бір қатар жағдайларда әлеуметтік педагог дайын педагогикалық бағаларды пайдалана алмай ғана қоймай, сонымен қатар баланы айналасындағы адамдар алдында оның жақсы жақтарын көрсете отырып, оңалтуға мәжбүр болады.
Педагогикалық диагностиканың талаптары:

  • жеке тұлғаны зерттеу кемшіліктерді жоюға ғана бағытталмай, жеке тұлғаның лидерлік сапаларын, ашылмаған мүмкіндіктерін іздеуге бағытталады;

  • диагностика аясы тар мақсат емес, баланы ынталандыруға бағытталуы тиіс;

  • жеке тұлғаны зерттеу кәсіби іс-әрекет үдерісінде жүзеге асырылуы тиіс;

  • жеке тұлға оқшауланбай, әлеуметтік қатынастар аясында зерттелуі тиіс;

  • диагностиканың мәліметтері жеке тұлғаға қарсы бағытталмауы тиіс, бір ғана диагностикалық әдістің негізінде жеке тұлғаның лидерлік сапалары туралы қорытынды шығару мүмкін емес;

  • баланың жетістіктерін тек басқа балалардың жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ өзінің жеке көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Баланың тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау болашақта лидерлік сапаларын дамыуту мақсатында атқарылатын іс-шараларды анықтауға мүмкіндік береді.
Лидерлік сапаларын анықтаудың әдіс-тәсілдері. Отбасында баланың лидерлік әлеуетін байқап, есею үдерісінде лидерлік сапаларын дамытуға жағдай жасалып, жүйелі жалғасып отырса, болашақта кәсіби лидер маманның қалыптасуына зор ықпал етер еді. Сондықтан балалардың лидерлік әлеуетін анықтау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет