Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет43/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Түс арқылы лидерлік сапаларын анықтау диагностикасы. Психологтар бұрыннан бері осы мәселені зерттеп, кім қандай түсті басқалардан артық көруі оның жеке тұлға туралы, мінез ерекшеліктері, лидерлік әлеуетін, отбасыдағы қарым-қатынастар, қиындықтар туралы айта алатындығын анықтаған.
Сары түсті – шығармашылығы мол, армандаушы тұлға таңдайды. Олар өте қиялшыл, арманшыл болып келеді, олардың армандауды ересек кезіндеде жалғасады. Мысалы, сары түсті ұнататын балалар қымбат ойыншықтармен ойнағаннан гөрі бұтақшалармен, тастармен, шүберектермен және құммен ойнағанды ұнатады.
Қызғылт сары түсті - көбінесе мінезі тез қозатын балалар таңдайды. Мұндай балалар көңілді, белсенді, бұзықтау болады және әрдайым және әр жерде ешбір себепсіз айқайлап жүреді. Қызғылт сары түс гипербелсенді балалардың сүйікті түсі. Бала қызғылт сары түстен басқа ешқандай түспен сурет салғанды қаламайды. Фломастерлер салынатын қораптан осы түсті алып қойғанда, бала сурет салудан бас тартып, оны іздеп, жылап, ренжіп, ашуланып отыратын болса назардың жетіспеушілік синдромы бар. Бұндай балалардың бойында лидерлік әлеуеті бар.
Қызғылт және ақшыл көкшіл бояумен қорқақтау балалар сурет салғанды ұнатады. Мұндай балалар үнемі біреудің қолдауында болып, олардың айналасындағы адамдардың пікірі балалар үшін маңызды.
Көгілдір түс жазғы демалыста балалардың көп бос уақыты және міндеттері аз болған кезде, жазда салған суреттерде көптеп кездеседі.
Қызыл түсті - бұл агрессияның түсі. Бірақ, бала психологтарының пікірінше, бұл түсті ашық және белсенді балалар да ұнатады. Лидерлік әлеуеті жоғары. Олар өте жігерлі, қайсар мінезді болады, өз ойыншықтарын бұзып, бөлшектейді. Тағы бір қызықты факт – көптеген табысты саясаткерлер балалық шағында қызыл мен сары түстерді жақсы көрген екен. Жалпы, қызыл түс – бұл өмірдің, қуаттың, денсаулықтың түсі. Бұл таңдау жаман емес.
Көк түсті байсалды, тыныш балалар таңдайды. Бұл балалар ойын ойнағаннан гөрі, кітапты оқығанды ұнатады. Суретте көк түс басым келетін балалардың барлығы тыныш деп айту мүмкін емес. Кейде белсенді, жігерлі бала да көк түсті сурет сала бастайды. Психологтардың ойынша, бұл баланың тыныштықты қалайтындығын, шулы ойындардан шаршағандығын білдірсе керек.
Баланың суреттерінде жасыл, әсіресе қою жасыл түстері басым болса, онда бұл жағдай ата-аналарды алаңдату керек. Өйткені психологтардың пікірінше, жасыл түсті таңдаған балалар ата-аналар тарапынан қамқорлық пен назарды талап етеді. Ата-ана балаға жеткілікті назар аударып жүрмін, деп ойлағанмен, оған көбірек көңіл бөлу қажет. Балада қоршаған ортаға ашық болу қасиетін тәрбиелеу маңызды, кері жағдайда бала тұйықталып қалады.
Көк және жасыл бояуды бір нәрседен қысылып жүретін балалар таңдайды. Мүмкін бала күйзелісті басынан кешірген болар, немесе оның ата-аналары өте қатал кісілер, және баладан спортта немесе оқуда үлкен жетістіктерді талап ететін шығар. Егер ересектерді айтатын болсақ, онда көк және жасыл түстерді шенеуніктер және әкімшілік жауапты лауазымды тұлғалар таңдайды. Мүмкі балаға ата-ана немесе педагогтар тарапынан үлкен жауапкершілік жүктелген болар. Балаға еркіндік беріп, оның бастамаларын мадақтап, мақтап, қолдаса сонда ғана бала жарқын шуақты суреттерді салып бастайды.
Күлгін түсті кішкентай балалар ұнатпайды. Психологтардың бақылауынша, бұл түсті мектеп жасындағы балалар таңдайды. Күлгін түсті ұнататын балалар сезімтал және нәзік жанды болады. Олардың ішкі дүниесі бай болып келеді.
Сұр түсті көбіне мінезі тұйық, сабырлы тыныш балалар пайдаланады. Мұндай балалардың әрбір бастамаларын қолдап, демеп тұру қажет. Балаңызға көбірек көңіл бөлсеңіз, оның суреттері жарық түспен боялады.
Қоңыр түсті, психологтардың пайымдауынша, өзінің қиялындағы әлемде өмір сүріп жүрген балалар жақсы көреді. Егер бала әр түрлі түстерді пайдаланып жүріп, кенеттен қоңыр түсті пайдалана бастаса, онда бұл оның басынан өткен психологиялық қиындықтарды, жақын арада ауырғандығын, күйзелгендігін немесе отбасындағы орын алатын қиын мәселелерді білдіреді.
Егер балаңыз сурет салғанда тек қара түсті пайдаланатын болса, онда ата-аналарды бұл жәйт толғандыру қажет. Қара түс бұл бір қауіп-қатердің белгісі. Бұл баланың күйзелісін білдіреді. Алайда, егер бала сурет салғанда қара түстен бастап, содан соң әр түрлі жарқын түстерді пайдаланып отырса, онда уайымдамауға болады. Бұл оның үйлесімді дамып келе жатқан жеке тұлға екендігін білдіреді.
Психологтардың пікірінше, түс терапиясы арқылы баланың кейбір психологиялық проблемаларын шешуге болады, қорқақ баланы батылдыққа етіп, ал аса белсенді баланы тыныштандыруға болады. Бұл үшін балаға белгілі бір түсті суретті салуды ұсынуға болады. Қызыл немесе қызғылт сары түсті ұнататын балаларға көк бояуды ұсыныңыз және, керісінше, - көк және жасыл түсті ұнататын балаларға сары, көгілдір және қызыл түстерді ұсыныңыз. Бұл диагностика балалрдың жастайынан лидерлік әлеуетін анықтауға көмектеседі. Балалардың ата-аналары мен тәрбиешілеріне баланың бойындағы лидерлік сапаларының дамуына ықпал ететін жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Лидер бола алу қабілеттіліктің диагностикасы
(Е.Жариков, Е.Крушельницкий)



Көрсеткіштер

Қолданылатын әдістемелер

Топ ішінде беделдерін анықтау

социометрия әдісі (Дж. Морено)

Жеке тұлғалық сапалар

  1. №1 сауалнама - студенттердің белсенділік деңгейін айқындау;

  2. Лидер болуға қабілеттілік диагностикасы (Е.Жариков, Е.Крушельницкий)

Әлеуметтік-психологиялық сапалар

3. «Сіздің коммуникабельділік» тесті (А.В. Батаршаев);
4. И.И. Рыданованың «Педагогикалық коммуникабельділік» әдісі

Нұсқау: Сізге «ия» немесе «жоқ» деп жауап беретін 50 сұрақ ұсынылып отыр. Орта мағыналы жауаптың түрі қарастырылмаған. Қойылған сұраққа ұзақ ойланбаңыз. Егер күмәнданып тұрсаңыз да, өзіңіздің көңіліңізге қонымды баламалы сұраққа «+» немесе «-» («а» немесе «б») белгісін қойыңыз.
Тест-сауалнама
1. Айналадағылардың «назар орталығы» ретінде жиі боласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
2. Өзіңізге қарағанда, сыныптағы қоршаған адамдардың көпшілігі сізден
жоғарылау тұр деп есептейсіз бе?
А) ия
Б) жоқ
3. Қызметтік дәреже бойынша өзіңізбен тең тұрған адамдармен жиналысқа қатысу кезінде өз пікіріңізді айтқыңыз келмеу қалауын сезінгенсіз бе, тіпті қажет болған жағдайда да?
А) ия
Б) жоқ
4. Бала кезіңізде құрдастарыңыз арасында лидер болуды ұнатушы едіңіз бе?
А) ия
Б) жоқ
5.Біреуді, неге болса да көндірген кезіңізде, рақаттанасыз ба?
А) ия
Б) жоқ
6. Сіз туралы тартыншақ адам деген жағдайлар болған ба?
А) ия
Б) жоқ
7. Сіз мына пікірмен келісесіз бе: «Дүниедегі ең пайдалы нәрселер санаулы ғана көрнекті адамдардың қызметінің нәтижесі».
А) ия
Б) жоқ
8. Сіздің кәсіби белсенділігіңізді бағыттай алатын кеңесшінің табанды қажеттілігін сезінесіз бе?
А) ия
Б) жоқ
9.Кейде адамдармен сөйлесу кезінде сабырлылығыңызды жоғалтқан кездеріңіз болды ма?
А) ия
Б) жоқ
10. Айналадағылардың сізден сескенетінін көру сізге рақат әкеле ме?
А) ия
Б) жоқ
11. Жағдайды бақылап, барлығының назар ортасы болатын (жиналыстарда, компанияда т.с.с.) орындарға отыруға тырысасыз ба?
А) ия
Б) жоқ
12. Адамдарға айбатты (импозантты) әсер қалдырамын деп ойлайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
13. Өзіңізді арманшыл деп ойлайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
14. Жаныңыздағы адамдар сізбен келіспеушілік білдіргенде, сасқалақтап қаласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
15. Өзіңіздің жеке қалауыңыз бойынша спорттық, еңбек т.б. командалар мен ұжымдардың ұйымдастыруымен айналысқан кездеріңіз болды ма?
А) ия
Б) жоқ
16. Егер белгілеген ісіңіз күткен нәтиже бермесе, сіз:
а) бұл істің жауапкершілігін өзгеге жүктесе, қуанышты боласыз
б) жауапкершілікті өз мойныңызға алып, істі өзіңіз аяғына дейін
жеткізесіз.
17. Екі пікірдің қайсысы сізге жақындау?
а) шын басшы өзі басқарған істі өзі орындап, өзі қатысуы керек
б) шын басшы өзгелерге тек басшылық жасай алып, іске қатысуы
міндетті емес.
18. Кімдермен жұмыс жасағанды дұрысырақ көресіз?
а) көнгіш адамдармен;
б) тәуелсіз, дербес адамдармен.
19. Өткір пікірсайыстан қашқақтауға тырысасыз ба?
А) ия
Б) жоқ
20. Бала кезіңізде әкеңіздің өктемшілгімен жиі соқтығыстыңыз ба?
А) ия
Б) жоқ
21. Кәсіби тақырыптарға байланысты пікірталастарда бұрын сізбен келіспеушілік білдіргендерді өз жағыңызға тарта аласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
22. Келесі жағдаятты көз алдыңызға келтіріңіз: достарыңызбен орманда серуен жасау кезінде жолдан адасып қалдыңыздар. Жел басталғалы тұр, ал сізге шешім қабылдау қажет. Сіздің әрекетіңіз?
а) өзіңізден гөрі біліктілеу адамға шешім қабылдауды ұсынасыз;
б) басқаларға сенім артып, ештеңе жасамайсыз.
23. Мынадай мақал-мәтел бар: «Қалада ең соңғы болғанша, ауылда бірініші болған жөн». Осымен келісесіз бе?
А) ия
Б) жоқ
24. Басқаларға әсерімді тигізе аламын деп есептейсіз бе?
А) ия
Б) жоқ
25. Бір бастама ісіңіздің сәтсіздікке ұшырауы, келесісін бастамауға себеп бола ала ма?
А) ия
Б) жоқ
26. Сіздіңше, нағыз лидер кім?
а) ең білікті адам;
б) мықты мінезге ие адам.
27. Адамдарды қадір-қасиеті бойынша үнемі түсінуге тырысасыз ба?
А) ия
Б) жоқ
28. Тәртіпті сыйлайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
29. Сіз үшін басшының қайсыбірі қонымды?
а) барлығына шешімді өзі табатын басшы;
б) өзгелермен ақылдасып, басқалардың пікірлерімен санасатын басшы.
30. Сіздіңше, сіз қызмет атқаратын мекеме типті жұмыс үшін басшылардың
қай стилі ең дұрыс деп есептейсіз?
а) коллегиальді (алқалы)
б) авторитарлы (әмірлі).
31. Басқалар мені асыра пайдаланады деген пікір сізде жиі бола ма?
А) ия
Б) жоқ
32. Келесі портреттің қайсыбірі сізге жақындау, ұқсас?
а) қатты дауысты, айқын ишаратты, тілімен жағына сүйенген;
б) ұстамды, ойлы, жұмсақ және сабырлы үнмен.
33.Жиналыста тек өзіңіздің пікіріңіз дұрыс, ал өзгелер сізбен мүлде келіспей тұрған жағдайда, өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
а) үндемейсіз;
б) өз пікіріңізді қорғайсыз.
34.Өз қызығушылықтарыңызды және өзге адамдардың тәртібін айналысып отырған іске бағындырасыз ба?
А) ия
Б) жоқ
35.Маңызды бір іс үшін жауапкершілік артылған жағдайда, сізде үрей сезімі пайда бола ма?
А) ия
Б) жоқ
36.Сіз нені қалар едіңіз?
а) жақсы адамның қол астында жұмыс жасау;
б) басшысыз, дербес түрде жұмыс жасау.
37.Мына пікір туралы сіздің ойыңыз: «Отбасыдағы өмір жақсы болу үшін, жанұядағы шешімді жұбайлардың біреуі ғана қабылдау керек»?
а) келісемін;
б) келіспеймін.
38.Өзіңіздің жеке қажеттілігіңізден емес, өзге адамдардың пікірі әсерінен
қандай да бір затты сатып алғансыз ба?
А) ия
Б) жоқ
39.Өзіңіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізді жақсы деп ойлайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
40.Қиыншылықтарға кезіккенде, Өзіңізді қалай ұстайсыз?
а) енжарлыққа түсу;
б) оларды жеңіп шығуға ниеттену.
41.Егер лайықты болса, адамдарға бір адамды кіналайсыз ба?
А) ия
Б) жоқ
42.Жүйке жүйеңіз өмірлік ауыртпалықтарды көтере алатын қабілеті бар деп есептейсіз бе?
А) ия
Б) жоқ
43.Сізге мекемеңізді немесе ұйымыңызды қайта ұйымдастыруға ұсыныс жасалынса, не істер едіңіз?
а) тез арада қажетті өзгерістерді енгіземін;
б) асықпаймын, алдымен барлығын салмақтап ойластырамын.
44.Аса көп сөйлейтін мылжың адамның сөзін доғарта аласыз ба?
А) ия
Б) жоқ
45.Келесі пікірмен келісесіз бе: «Бақытты болу үшін, елеусіз өмір сүру керек»?
А) ия
Б) жоқ
46.Әрбір адам өз өмірінде бір үздік нәрсе жасау керек деп есептейсің бе?
А) ия
Б) жоқ
47. Кім болуды қалар едіңіз?
а) суретші, ақын, композитор, ғалым;
б) аса көрнекті басқарушы, саяси қайраткер.
48. Қандай әуенді тыңдағанды ұнатасыз?
а) құдіретті және салтанатты;
б) биязы және лирикалы.
49. Атақты және маңызды адаммен кездесу алдында қобалжуды сезінесіз бе?
А) ия
Б) жоқ
50. Өзіңізден ерігі анағұрлым мықты адаммен жиі кездесесіз бе?
А) ия
Б) жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет