1.Интеллектуалды-шығармашылық құзыреттіліктер кәсіби міндеттерді орындауға дайындықта, стандартты шешімнен бас тарту идеясын дәлелдеу қабілетінен, жағдаятты практикалық тұрғыдан бағалау біліктілігінен, ақпараттың негізгісіне назар аудара отырып, дәлелді және мақсатты пайдалана алу біліктілігінен көрінеді.
2.Ұйымдастырушылық құзыреттілігі шешімді өз бетімен қабылдау қабілетінен, топтық міндеттерді шешуде жауапкершілікті өз еркімен өзіне алуынан, өзін басқара алуынан (тұлғалық байланысты ұтымды ұйымдастыру біліктілігі, топішілік қатынас біліктілігі), командамен жұмыс істеуге психологиялық дайындығынан, адамдармен жеке тұрғыдан қарым-қатынас жасай алу біліктілігінен (жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып) көрінеді.
3.Орындаушылық құзыреттіліктері жоғары нәтижелі жұмысты ұзақ орындауға дайындықты, қол жеткізген нәтижені стандартты емес шешу және адекватты бағалау қабілеті, ақпаратпен ұтымды әрекет ету дағдысы, қойылған мақсатқа қол жеткізуде тиянақты талпынумен әрекет ету алгоритмі бойынша мақсатты бағытта әрекет етуге қабілеттілік, идеяларын ұсыну және оны нақтылы түрде іске асыру жолдарын белгілеу біліктілігін сипаттайды.
4.Әлеуметтік-коммуникативті құзыреттіліктер өзін алып жүру қабілеті, топтық міндеттерді шешу барысында кикілжіңді жою біліктілігі, әр түрлі адамдармен тіл табыса алу, басқаның эмоциясын сезіну және түсіну, құбылыстардың көзге көрінбейтін ерекшеліктерін байқау қабілетін сипаттайды.
Сонымен қатар тұлғаның лидерлік сапаларын дамыту үдерісі логикалық өзара байланысын көрсететін, өзара толықтырылатын, шартталған барлық элементтерін қамтамасыздандыратын ұстанымдарға сүйенеді:
1. Өзін-өзі өзектендіру ұстанымына сәйкес тұлғаның интеллектуалдық, коммуникативтік, көркем және дене қабілеттерін өздігінен өзектендіру қажеттілігі болады. Әр тұлғаның тұлға ретінде өзінің табиғи және әлеуметтік қалыптасқан мүмкіндіктерін көрсету және дамыту талпынысын ояту мен қолдау өте маңызды.
Даралық ұстанымын жүзеге асыру әрбір тұлғаның даралық сапаларын дамыту үшін жағдай жасау, бұл білім беру мекемесінің басты міндеті болып табылады. Сонымен тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескеріп қана қоймай, олардың әрі қарай дамуына әр қырынан ықпал ету керек.
Субъективтілік ұстанымы тұлғааралық өзара әрекеттестікті, тілдесуді және қарым-қатынасты қалыптастыруда өкілеттілікті пайдалана алатын адамға тән. Тұлғаның өмірдің нағыз субъектісі болуына көмектесу, оның субъектілік тәжірибесінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ету оқытушының міндеті болып табылады.
Таңдау ұстанымы тұлғаның даралығы мен субъектілігін, өзін-өзі өзектендіру қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл ұстаным тұрғысынан тұлғаның тұрақты таңдау жағдайында өмір сүруі, оқуы және тәрбие алуы, оқу-тәрбие беру үдерісін және өмірін ұйымдастыру мақсатын, мазмұнын, формалары мен тәсілдерін таңдауда субъектік өкілеттіктерді игеруі педагогикалық тұрғыда мақсатты болып табылады.
Шығармашылық пен табыс ұстанымы жеке және ұжымдық шығармашылық әрекеттерін анықтауға және оқу тобының бірегейлігін дамытуға мүмкіндік береді. Шығармашылықтың арқасында әр тұлғаның өз қабілетін көрсетуге, өз тұлғасының «күшті» жақтарын білуге мүмкіндігі бар. Қандай да бір қызмет түрінде табысқа қол жеткізу студент тұлғасының позитивті «Мен» концепциясын дамытуға ықпал етеді, білім алушының өзін-өзі жетілдіру мен өз «Менін» өзі құруы бойынша әрі қарай жұмысты жүзеге асыруға ынталандырады.
Сенім мен қолдау ұстанымы бағытталуы бойынша әлеуметтік орталық және оқу-тәрбие беру үрдісінің сипаты бойынша авторитарлық болып келеді. Тұлғаға сену, олардың өздігінен қалыптасып, өзін-өзі танытуына деген ұмтылыстарын қолдау керексіз талап пен шектен тыс бақылаудың орнына келуі керек. Сырттан ықпал ету емес, ішкі мотивация тұлғаның лидер болып қалыптасуын негіздейді.
Лидер болу үшін өзінде лидерлік сапаларды мәдениет, білім деңгейіне сәйкес дамыту, сонымен қатар күшті мінез-құлық пен дамыған мотивацияны меңгеруі тиіс.
Әлеуметтік-психологиялық әсер ету мен өзара әрекеттесудің (сендіру, көндіру, жарысу, жігерлендіру, көтермелеу және т.б.) жеке механизмдеріне қарағанда, олар топтық қызмет пен қарым-қатынаста максимал нәтижеге қол жеткізу мақсатымен әлеуметтік-психологиялық әсер етудің барлық механизмдері мен тәсілдерін біріктіру, әлеуметтік бақылаудың дербестендірілген формалары болып табылады.
Білім беру оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігін көрсететіндіктен, оның мақсаты мен мәні ұсынылатын құндылықтарға байланысты болады. Оқыту мен тәрбие құндылықтарының жүйесі тұлғаның толық дамуына мүмкіндік туғызады, бірін-бірі өзара толықтырады. Қоғамның болуы әрқашанда жалпы маңызды құндылықтар жүйесінің иерархиясымен байланысты. Құндылық бағдар тұлғаның дүниетанымының құрылымдық құраушысы, оның тұтастығын, белсенді әлеуметтік ұстанымын және кәсіби іс-әрекетке дайындығын анықтайтын өзек болып табылады.
Семинар сабағының мазұны:
Лидерлiк сапаларды дамытуда тұлғaлық, топтық бaғыттaр. Отбасы баланың белсенділігін арттырудың маңызы. Білім беру мекмелерінде тұлғаның белсенділік іс-әрекеін ұйымдастыру. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуыдағы мотивация. А.Маслоудың мотивация пирамидасы. Қазіргі білім беруде тұлғаның кәсіби лидерлік сапаларын дамыту құзыреттіліктері.
Тақырып бойынша сұрақтар
1.Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудағы белсенділік
2.Лидерлік сапаларды дамытудағы мотивация
3. Әлеуметтік ортада аланың белсенділіктерін арттыру
4. А.В.Баранниковтің құзыретіліке берген анықтамасы
5. Кәсіби лидерлік сапаларды дамыту құзыреттіліктері.
6. Лидердің фрустрацияға қабілеттілігі
7. Мотивацияны психологиялық категория ретінде қарастырған ғалымдар
8. Робин Шарманың мотивацияға кедергі болатын 5 кедергі
9. Қызғаныш сезімнің көрінісі және лидерлік
10.Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытудғы құзыреттіліктер
11.Лидерлік сапаларды дамытуда тұлғаның жеке қасиеттерін ескеру
12. Белсенділік лидер тәрбиелеудегі әлеуметтік – педагогикалық мәселе
13. А.Г. Ковалевтің ерікті белсенділік теориясы
14. Гетерономды белсенділік және лидерлік
15. Репродуктивтік белсенділіктің лидерлік сапалардың дамуына ықпалы
16.Автономды ерікті белсенділік және лидерлік сапа
17.Белсенділік субъектінің мінез-құлқы, әртүрлі қызмет түріндегі табыстылығы
18.Кәсіби лидерлердің ұйымдастырушылық сапаларын арттыру
Студенттердің өзіндік жұмысы
1. К.А. Абульханова-Славская белсенділікті кәсіби таңдауларды жүзеге асыру тәсілі
2. JI.И. Уманский «қоғамдық белсенділік»
3.Э. Эриксонның, Д.Б. Элькониннің тұлға дамуын периодтау теориясы бойынша адам белсенділігінің дамуы
4.Тұлға дамуының соңғы нәтижесі адамның ішкі белсенділігі
5.Л.Ф. Алексееваның зерттеуінде белсенділік идеясы
6.Тұлға белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі
7.Адам белсенділігінің табиғатын тани білу
8. Мотивацияны психологиялық категория ретінде қарастырған ғалымдар
9. Ресей ғалымдарының лидерлік теорясын дағы белсенділікті арттыру идеялары
10.Белсенді тұлғаның лидерлік әлеуетті
11.Мектептерді тұлғаның белсенділігін арттырудың маңызы
12.Бала белсенділін арттыру арқылы лидерлік сапаларын дамыту
13. Э. Эриксонның, Д.Б. Элькониннің тұлға дамуын периодтау теориясы
14.Н.Д. Левитов «саналы ерікті белсенділіктің лидерлік сапаларды дамытудағы рөлі
15. Болашақ педагогтарды белсенділік іс-әрекеті негізінде лидерлік спаларын дамыту
16Болашақ педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру арқылы кәсіби лидерлік сапаларын дамыту
17.Лидерлік сапаларды дамытудағы мотивация
18.Робин Шарманың мотивациялық идеялары
19 А. Маслоудың мотивациялық идеялары
Достарыңызбен бөлісу: |