Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет37/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Жеке тұлғалық сапалар:гетерономды белсенділік, репродуктивті белсенділік, қайырымдылық, ақкөңілдік,сенімділік, сабырлылық, бейімділік, толеранттық, субъектілік ,т.б.

Лидерлік сапалар: автономды белсенділік, өзін-өзі басқару, бағалау, зеректік, жауапкершілік,жігерлілік авторитарлық, мотивациялық, харизмалылық, креативті лік, дарындылық , болжау, т.б.



Кәсіби лидерлік сапалар:шығармашылдық белсенділік, шығармашылық ынта, жауапкершлік, қажеттілік, мақсаттылық, ізгілік, әділетілік, парыздылық, жинақылық, жариялылық, зиялылық, байқампаздық, мотивация, жасампаздық, стимул, ұйымдастырушылық тұжырымдау, т.б.




Жоғарыда айтылған ғылыми ойларға байланысты кәсіби лидерлік сапаларды дамытуда белсенділіктің мотивациялық, мақсатты және құралдық негіздерін жұмылдыру кезеңінде «объективтік түрде сана белсенділігі ретінде және сәйкесінше тұлға белсенділігі, жалпы адам белсенділігі ретінде де байқалатын» ерік жігері шешуші рөл атқарады.


Лидерлік сапаларды дамытудағы мотивация


Мотивация – бұл тұлғаның белсенділік түріне ішкі ниеті, дүниетаным мен мотивациялық қажеттілік. Ол тұлғаның өзін-өзі танытуында интеллектуалдық, танымдық қабілеттері мен креативтілікті дамытады және тұлға іс-әрекетінің құндылық негізін анықтайды.
Мотивацияны психологиялық категория ретінде қарастыра отырып, көптеген ресейлік және шетелдік ғалымдар (Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.А.Реан, А.Маслоу ,т.б.) мотив, мотивация, мотивациялық сала жөнінде жан-жақты зерттейді.
Робин Шарманың мотивацияға кедергі болатын 5 кедергіні бөліп көрсетеді.. Сізде мынадай жағдай болды ма: сіз таңертең тұрып, күнді еріншектікпен бастадыңыз, бір шыныаяқ шай немесе кофені әзерге дайындап, ештеңені қаламадыңыз, тіпті жұмыс істей алмадыңыз. Дегенмен, өзіңізге өте маңызды нәрсені еске түсірдіңіз де дереу шабыттанып, іске кірісіп кеттіңіз. Тағы қалай дерсіз – қызуқанды және күш-қуатыңыз екі еселенді. Сол немесе басқа да ұқсас көріністер әрбірімізде кездесетін құбылыс – өзімізге қажет болған жағдайда, біз өз өзімізді ынталандыра аламыз. Мәселе тек біреу ғана: бұл жайлы үнемі есте сақтау қажет. Мотивацияны өлтіруші бес кедергісі, әдеттегідей, таңертеңнен бастап байқалады. Оларға назар аудармай қойсаңыз, сіздің мотивацияңыз сөзсіз зардап шегеді.
Мотвациямен байланысты тағы бір мәселе, сіз жуық арада әлемдегі ең ынталанған адамның бірі болсаңыз да, келесі күні одан ештеңе, тіпті із де қалмауы мүмкін. Бұл күйді адам өзіне шақыруды үйренуі қажет – саналы және күніне бірнеше рет. Олардың әрбірі байқаусыз әрекет етеді, сондықтан олардың пайда болуын байқап, оның көзін жою үшін әрекет жасау керек.
Жақсылықты бағаламау. Ризашылық өмірдің толыққандылығын көрсетеді. Ол жоқ нәрсені емес, бар нәрсені көруді үйретеді. Ол қателіктерді жеңіске, хаосты тәртіпке, түсінбестікті анықтыққа айналдырады.
Егер сіз жақсылықты бағламасаңыз, онда мақсатыңызға жинақталуыңыз және шаббыттануыңыз қиынырақ болады. Мұндай көңіл-күй мотивацияны өлтіреді. Өнімділік бойынша сарапшы Тим Феррис айтқандай, «күніге таңертең біз неге риза екендігіміз жайлы тізім жасауымыз керек – бұл өмір жақсырақ бола түсуі үшін істеуге болатын ең күшті нәрсе».
Төмендегідей тізім жасауға болады:
Біз риза болған заттарымыз.

  • Дәл қазіргі сәтте нақты ортада сізді қоршап тұрған заттарға сіздің ризалығыңыз.

  • Сізбен болған сәтсіздіктер жайлы жазыңыз да, оның әрбірінен он позитивті жақтарын табыңыз.

  • Алғыс хат немесе біреуге хабарлама жазыңыз.

Қызғаныш - егер сізді қызғаныш билесе, онда сіз өзіңізде бар нәрсені, бүкіл әлемді көрмейсіз (барды бағаламау: мотивацияны өлтіруші кедергілер бір-бірімен жиі қиысады), немесе оны пайдасыз деп есептейсіз. Сіз қақпадан сіздің жағыңызға қарай өспейтін жасыл шөпті ғана білесіз. Ең қызығы, ол басқа жақта қандай екендігін де білмеуіңіз де мүмкін. Қызғаныш бізде жоқ нәрсеге назарымызды аудартады. Бұл басқа адамнан бір нәрсесін алып қою тілегін тудырады. Мұндай көзқараста шығармашылық қарқын да, мораль да, ешқандай адмагершілік нәрсе жоқ. Және әрине мотивация да жоқ. Сіз бастан кешіріп жатқан қызғанышты байқағаныңыз өте маңызды. Бұл өзге адам сәтсіздікке ұшырағанда сіз сезінетін бейсаналы қанағаттанушылық болуы да мүмкін. Мұны сіз байқаған бойда өз өзіңізбен сөйлесіңіз. Сіз бұған не үшін қуаныштысыз? Енді қызғаныш болмауы үшін не істеу керек. Біз қызғанған кезде, өзімізді жақсырақ болу үшін ынталандырмайтынымызды естке ұстаңыз. Біз өзіміз қалаған нәрсеге күш салмастан, оңай қол жеткізгіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет