Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


-тақырып. Лидерлiк және әлеуметтiк ортa



бет34/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

8-тақырып. Лидерлiк және әлеуметтiк ортa.



  1. Тұланың лидерлiк әлеуеттiн дамыту

  2. Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортa.

  3. Отбасы баланың лидерлік сапаларының дамуының негізгі факторы

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік орта, тұлға, отбасы, даму, фактор, әлеует, т.б


Тұланың лидерлiк әлеуеттiн дамыту. Лидерлiк әлеуеттi aнықтaудың тұлғaлық, топтық бaғыттaры. Әлеуеттің педагогикалық функциясы тұлғаны шығармашылық іс-әрекетке бағыттау рөлін атқарады.


Әлеует - потенциал латын тілінде potieпia – күш, бір нәрсеге қабілеттілік дегенді білдіреді. Түсіндірмелі әлеуметтік сөздікте «әлеует» белгілі рөлдерді немесе нақты өнімді орындауға қатысты жеке адамның, ұйымның немесе сектордың білім, білік немесе қабілеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Б.А.Тұрғымбаеваның «Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту» атты ғылыми зерттеуінде «Әлеует» категориясы педагогика үшін аса маңызды жалпығылыми әдіснамалық ұғым болып табылады. Адамға қатысты айтылатын бұл ұғымның философиялық сөздіктегі түсіндірмесі адамның бойындағы «күш-жігер», «қайрат» деген сөздерімен мағыналас екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, адамның белгілі бір мәселені шешу, нәтижеге жету үшін жұмсайтын қор, ішкі мүмкіндіктер көзі. Ұғымды ең алғаш тұрмыста қол жеткен нәтижелер мен болашақты екі бөліп қарастыру үшін қолданысқа Аристотель енгізген. Әлеуеті жоғары мамандар - елестің, интуицияның күшті дамуымен, қалыптан тыс өнімді ойлай алуымен, ойды шығармашылықпен іске асыра алуымен, шығармашылық әрекет барысында ішкі күштерін жылдам жұмылдыра алушылығымен сипатталатын адамдар» деп атап айтқан.
Сондықтан «лидерлік әлеует» ұғымы «шығармашыл тұлға», «тұлғаның креативтілігі», «дарындылық» деген түсініктермен ұқсастырылады. Сонымен бірге көптеген ғалымдар бұл сапаларды тұтас жиынтық ретінде қарастырады.
Демек лидерлік әлеует интеллектуальдық, мотивациялық, эмоциялық-жігерлік және кәсіби-құндылық сапалардың жиынтығынан тұратын, жүйелі, интегративті, тұлғалық білім болып табылады. Психология және социологияда (С.Л.Рубинштейн, Р.Л.Кричевский, Б.Д.Парыгин және т.б.) «әлеует» ұғымының субъектінің барлық іс-әрекеттерінің объективтік жағдайында өзін-өзі таныту қызметтерін орындауды қамтамасыз ететін қасиет жиынтығын білдіретінін көрсетеді.
Әлеует екі құраушыдан, атап айтқанда, іскерлік және тұлғалық ресурстардан тұрады. Іскерлік ресурсқа белгілі іс-әрекеттерді табысты орындауға мүмкіндік беретін жеке психологиялық ерекшеліктер, психикалық үрдістер және кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын немесе кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық ахуал, өмір жағдайы, сан алуан жағдаяттар жатады.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлғаның әлеуеті - ұғымының мазмұнына қабілеттер, мүмкіндіктер, дүниетаным және өзін-өзі таныту мотивациясы, ішкі даму мен өсу деңгейінде кәсіби білік пен дағдыны меңгеруі, оны жетілдіруі енеді. Ол тұлғаның даму, қалыптасу және өзін-өзі жүзеге асыру үдерісімен тығыз байланысты. Лидерлік әлеует өзінің тұлғалық және іскерлік ресурстары арқылы беделге ие болу мақсатында нақты объективті жағдайда тұлға іс-әрекетінің тиімді жүзеге асырылуын анықтайтын, қамтамасыз ететін ерекше сапа ретінде қарастырылады. Лидерлік әлеуетті анықтаудың тұлғалық, топтық бағыттары да қалыптасқан.
Ғылыми әдебиеттерде «әлеуеттің» лидерлік, шығармашылық, ғылыми, зерттеушілік, білімділік деген түрлері де бөліп көрсетіледі. Болашақ педагогтар үшін қажетті ортаның сапасына тоқтала отырып, «лидерлік әлеуетті» дамыту қарастырылады.
И.В. Дрыгинаның пікірінше, лидерлік әлеует тұлғаның сапалық сипатын көрсетеді, ол өмірдің сан алуан саласындағы бірлескен міндеттерді шешуде топ мүшелеріне ықпал етуді қамтамасыз ететін құзыреттілік, жауапкершілік, белсенділік, коммуникативтілік интеграциясы деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін ішкі сұраныстардың, мүмкіндіктердің, құндылық қатынастардың, құралдардың жиынтығы.
Лидерлік әлеует – бұл басшының кәсіби маңызды сапаларының жиынтығы, ол топтық өмірдің құнды басымдылығын көрсетуге, «әсер ету және еру» концептісін алып жүруші ретінде жалпы мақсатқа қызықтыруға, мотивациялауға мүмкіндік туғызады (Т.В. Медведева). Демек лидерлік әлеует – бұл тұлғаның икемділігі мен қабілеттеріне, меңгерген басқару біліктілігіне негізделген күрделі әлеуметтік-психологиялық білімі. Лидерлік әлеуетті арттыру лидер мақсатының, ой-пікірінің, стратегиясы мен тактикасының мінез-құлқымен сәйкестігін қамтамасыз ететін басқару біліктіліктерінің үйлесімді дамуын қамтиды.
Шетелдік зерттеушілер П.Друкер, Р.Дилтс, Р.Перо, Дж.Рон, Х.Сильва, М.Фишер және т.б., қазіргі заманғы лидердің әлеуметтік бейнесіне арналған жұмыстарында лидер алғашқылардың бірі болуға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге, өзінің таланттары мен қабілеттерін ашуға талпынуы тиіс деп есептейді. Жоғарыдағы ғалымдар белгілі іскер адамдардың У.Дисней, Г.Форд, Б.Гейтс, М.Бауэр, Дж.Уэлч, М.Делли, т.б. биографиясы мен табыстарын және жетістіктерін талқылай отырып, «өзін-өзі танытқан» адамды лидер деп есептеген.
Американдық философ Джим Рон «нағыз лидерлер отбасында немесе жұмыста өзінің талантымен, тәжірибесімен және мүмкіндіктерімен басқа адамды өзіне тартатындар. Егер сізде ынта-ықылас болса, соны біреу байқап сізге өзіңізді танытуға мүмкіндік берсе, сіз өзіңіздің қабілетіңізді жүзеге асырып, лидер бола аласыз» - деп тұжырымдайды.

Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортaның әсерi.


Әлеуметтік орта – адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдық және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум). Әлеуметтік орта – социум, адамның қоғамдағы қарым-қатынастары, дамуы мен қалыптасуна тікелей ықпал ететі. Іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын қоршаған әлемі. Адамның барлық өмірі әлеуметтік контексте өтетіндіктен, олардың лидерлік сапаларының дамуыда әртүрлі топтарда өмір сүретін және формальды немесе формальды емес лидерлердің әсеріне (отбасының мүшелеріне, ересектерге, мұғалімдерге, тренер т.б.) байланысты болады. Адамның дамуы мен қалыптасуы әлеуметік ортаға тікелей тәуелді.
Әлеуметтік орта адамға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, адамның сыртқы әсерді қабылдау оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан қабылдау үдерісіде адамның санасында ішкі қайшылық туады. Ішкі қайшылық дамудың - қоғаушы күші.
Даму екі бағытта жүреді: биологиялық және әлеуметтік:
1. Биологиялық даму:
а) Морфологиялық – бойы, салмағы дене пішімі
б) Биохимиялық – қанның құрамы, сүйегі, бұлшық еті
в) Физиологиялық – асқорту жолдары, қан айналыс жолдары, жыныс мүшелерінің дамуы, жүйке (нерв) жүйелерінің дамуы
2. Әлеуметтік даму:
а) Психикалық – еске сақтау, ақыл-ой, ерік, мінез
б) Жандүниесінің дамуы – рухани жан-дүниесінің қалыптасуы, адамгершілік қасиеттерінің, сана-сезімнің өзгеруі
в) Интелектуалдық – білімнің кеңейуі мен тереңдеуі
Аталған даму түрлеріне байланысты лидерлік сапаларды төрт топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Физиологиялық сапалар – жағымды сыртқы келбет, дауыс, денсаулық, жұмысқа жоғары қабілеттілік, жігерлілік, сымбаттылық, т.б.
2. Психологиялық сапалар – тұлғаның типтері (экстраверт, интроверт), темперамент (флегматик, сангвиник, холерик), өктемдік, агрессивтілік, басымдылық, тәуелсіздік, шығармашылық, жасампаздық, еркіндік, т.б.
3. Интеллектуалдық сапалар – жоғары интеллект: ақыл, логика, интуитивтілік, энциклопедиялық таным, ақыл-ой өрісінің кеңдігі, білімділік, бірегейлік, т.б.
4. Іскерлік және тұлғалық сапалар – ұйымдастырушылық, тәртіптілік, сенімділік, дипломатикалық, икемділік, дербестік, жауапкершілік, игілік, әділдік, өнегелік, көрегендік, коммуникабелділік, жасампаздық, т.б.
Адамның лидерлік сапаларының қалыптасуы мен дамуы дүниеге келгеннен бастап, бүкіл саналы өмірінде әлеуметтік орта факторларының әсерімен жүзеге асып отырады. Баланың қоршаған ортаның сырларын танып-білуге деген қызығушылығы үш жасынан бастап анық байқалады. Бала бұл жасында сөздерді құрап, жүйелі сұрақтар қою дәрежесіне жетеді.
Психолог В.С. Мухина «бала туғаннан бастап, мектепке барғанға дейін кезеңде үш дағдарыс кезеңдерінен өтеді» деп санайды: бір жаста, үш жаста, жеті жаста» Осыған сәйкес баланың өмірін үш кезеңге бөлуге болады: туғаннан бір жасқа дейін (нәрестелік) кезең, бір жастан үш жасқа дейін (сәбилік) кезең, үштен жеті жасқа дейін (мектепке дейінгі) кезең. Осы кезеңдерде әлеуметтік ортада балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, өйткені баланың сыртқы әсерді қабылдауы оның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Бұл жөнінде ұлы Абай қара сөздерінде былай сипаттаушы еді ғой: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетің кірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген - жан құмары». Лидерлік сапалардың дамуында осы жан құмарлыққа бас назар аударған дұрыс.
А байдың айтып отырған жан құмарлығы – баланың әлеуметтік ортасы арқылы қызығушылық танытуы. Әлеметтік даму нәтижесінде бала санасының қабылдау үрдісінде ішкі қайшылық туады. Бұл дамудың қозғаушы күші. Дамудың қозғаушы күші әлеуметтік ортада арқылы, орта бала; орта ағза;
о рта тұлға; орта лидер ретінде өзара іс-әрекетке түседі. Әлеуметтік орта лидерлік сапалардың дамуына ықпал жасайтын қоғамдық әлеуметтік қатынас. Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуының әлеуметік ортасы: отбасы, достары, бала бақша, мектеп, университет, қызмет ету орны. Әр өмір сатысы адамның лидерлік сапаларының дамуына өзінше ықпал етеді.
Ю.С.Мануйловтың пікірінше, орта – бұл субъект болатын материалды және идеалды құбылыстар, сыртқы және ішкі, тұрақты және өзгермелі жағдайлармен нақты жағдаяттар
Ю.С.Мануйлов балалар әлемінің тәрбиелік кеңістігінде жаңадан өндіруге, өңдеуге бағдарланған үдерісті - орта тұғыры деп атады. Бұл жүйенің әрбір қатысушысының іс-әрекетін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі жетілдіруге, тіршілік ортасына жақын болуға көмектеседі. Тәрбие кеңістігін модельдеуде орта тұғыры маңызды. Салыстырмалы талдауға сәйкес, болашақ педагогтарды іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптастыруда педагог пен студенттердің бірлескен өзара іс-әрекетіндегі субъект-субъекті парадигманы басшылыққа алу керек.
Ю.С. Мануйлов тұлғаның мінез-құлқы, тұлғалық қасиеттері, дене бітімі мен денсаулығы туа біткен әлеуетіне тәуелді болғандай, қоршаған ортадағы ақпараттар көздеріне де тәуелді болады деген пікір айтады. Атап айтқанда, лидерлік сапаларды дамыту ересектер тарапынан, тәжірибелі педагогтардан т.б. берілетін ақпараттарға, олардың ерекше көңіл бөлінуіне, жақын адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауға, белгілі бір әсерлер мен сезімдерге мұқтаж келеді. Кәсіби лидерлік сапалардың дамуы қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі, алған ақпараттарды қабылдауы мен игеруі дербес ерекшеліктерге байланысты.

Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуына әсер ететін әлеуметтену ортасы. Сурет -1







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет