Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет32/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Таңбалы ақпарат дегеніміз – сөйлеу, жазу түрінде алынатын ақпараттар.
Адам өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда өздігінен ізденіп, алған ақпараты негізінде білімі мен тәжірибесін одан әрі жетілдіріп отырады. Ересек адам миы ақпараттарды тек қабылдап қана қоймай, оны сақтап, реттей алады. Ал бала ақпараттарды қабылдағанымен, оны миында толық сақтап, реттей алмайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар таңбалы ақпаратқа қарағанда бейнелі ақпаратты жақсы қабылдайды.
Осы жерде К.Ушинскийдің «Бала табиғаты айқын көрнекілікті талап етеді. Балаға қандай да бір бес белгісіз (жаңа) сөз үйретсеңіз, ол оны түсіну үшін ұзақ және бейтарап ойланады, бірақ сіз осындай жиырма жаңа сөзді суреттермен байланыстырсаңыз, ол оны лезде қағып алады» деген қағидасын еске алу артықтық етпейді.
Қазіргі қоғамдағы ақпараттық кеңістікке балаларды дайындау үшін, ең алдымен, олардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту қажет.
Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы. Ақпарат материя және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның іргелі құрамды бөліктерінің бірі болып саналады. Ақпарат – қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында табиғи тіл арқылы берілетін ақпарлар жиынтығы (Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде 8/9 бб). Ақпарат, сондай-ақ кез-келген құралды қолдану кезінде жасалған психофизикалық организмнің психикалық өнімі болып табылады. Ақпарат (хабарлама, мәліметтер) организмнен организмге берілмейді, бірақ бір организмнен басқасына берілетін және алынатын ақпаратты қолдану кезінде қалыптасады. Мысалы, кітап ақпарат құралы болып табылады. Оның көмегімен белгілі бір ақпарат алынады. Бір заттың мағынасы ақпарат қабылдаушыға белгілі бір мағлұматтар негізінде жетеді.
Лингвистикалық терминдер сөздігінде «ақпарат – адресанттың (жіберушінің) адресатқа (қабылдаушыға) түсінікті формада жіберген хабары» деп анықталған [167]. Бұл ретте хабар – заттанған ақпарат, яғни ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады.
Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылы американдық инженер, математик, ақпарат теориясының негізін қалаушы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың математикалық теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптаса бастаған. Клод Шеннон байланыс теориясының негізін қалай отырып, ақпарат ұғымын техникалық тұрғыдан түсіндіріп, оның мөлшерін анықтады. Ал қарапайым адамдық көзқараспен қарағанда, дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының айырмашылығы Мысалы, “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынынан таңдалып алынған бірі болғандығында” .
Ақпарат білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну ұғымдарымен тығыз байланысты. Ол қабылданған және түсінікті хабар. Ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушының жаңа білім ретінде ұғынған нәтижесі болып табылады.
Ақпараттың тағы бір түрі - Р.Э.Фишер енгізген ұғым – Фишер ақпараты. Ағылшын статисі, биолог-эволюционист және генетик Р.Э.Фишер ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғымға ие деген пікір айтқан.
Деректер - байланысы жоқ ақпараттар жинағы. Олар мазмұнына сәйкес өңделмейінше, ақпаратты қабылдаушыға пайдасыз болып табылады. Деректер өңделу барысында мазмұнға ие болып, ақпарат санатына ауысады, яғни деректер нақты ақпаратты қамтымайынша, балаға жаңа білім беруде жарамсыз болып табылады. Мысалы, қоршаған ортадағы ағаш - дерек. Бұл сөз кең және айқын мағынаға ие. Балалар ағашты күнделікті өмірде көріп жүр. Дегенмен олар ағаш туралы не біледі?
Мектеп жасына дейінгі балаға «ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы өсіп жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдік. Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны» деп ғылыми тілмен жеткізсек, ол үшін пайдалы ақпарат болмайды. Балаға ағаштың суретін көрсете отырып, ол туралы ертегі немесе аңыз әңгіме айтылса («Ағаш ара», «Киелі ағаш, «Үш бәйтерек» т.с.с.), онда ол қиял әлеміне еніп, ағашқа қарай отырып, заттық ағашты ғана емес, одан жағымды кейіпкерді көреді, көз қарашығы арқылы миында электрлік импульстер пайда болады. Олардың әсерімен көптеген нейрондардың жағдайы өзгереді, сөйтіп, ағаштың көріністі бейнесі санасында қалады.
Баланың үш жасынан бастап әлеуметтік рөлдерді, қоғамдық тәртіпті түсінуі, соған сәйкес қарым-қатынас жасап, шығармашылыққа ұмтылуы, білмекке құмартып, өзін-өзі бағалауы, балалық көзқарасы, ұят сезімі, мінез-құлқы айқындала түседі. Бейнелі ойлауы 4-5 жастан бастап дами түседі. Олар осы жаста зейінін 15-20 минут бойы бір әрекетке бөліп, оның қарапайым шартын есіне сақтай алады. Ал 6-7 жасқа келгенде зейіні 30 минутқа дейін жетеді. Осы жаста баланың ақпаратты қабылдауы, көрнекі образдармен ойлауы, қиялы едәуір дами түседі. Сондықтан баланың қиял-ғажайып ертегілер мен оқиғаларға, аңыз-әңгімелерге деген қызығушылығы артады.
Алынған ақпараттың сақталуы және таралуы адамның сезім мүшелері арқылы мидың қызметі арқылы жүзеге асады. Сондықтан ақпарат - білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну ұғымдарымен тығыз байланысты. Ол қабылданған және түснікті хабар болып табылады. Ал бала үшін жаңа білім дегеніміз - ұсынған ақпаратты қабылдау және меңгеру үдерісі.
Балалар ақпаратты қабылдау мен игеру қабілетіне (немесе арналарына) қарай шартты түрде төртке бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет