Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет28/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

«Басшы болуға ешкім үйрете алмайды, басшы болуды үйретуге болатындығына біз сенбейміз, - деп американ психологы Д.Бойд айтқандай Р.М.Қоянбаев өзінің өмірінде басшылық қызметін ізгілікпен, адамгершілік тұрғыда басқара білген лидер тұлға. Ол қарамағындағы адамдардың белсенді жұмыс жасауына жағымды көңіл-күй орнатып, туындаған кикілжіндерді үйлесімді шешіп, керек кезінде орынды жазалау және мадақтау, ынталандыру әдістерін дұрыс қолдана білген басшы.
Р.М. Қоянбаевтың даралық қасиеті мен өмірлік тәжірибесі басқарудың теориялық негіздерін жасуға ықпал еткен. Ол басқарудың адамға бағытталған жағын ұсынды. Р.М. Қоянбаев оқулығында басшыға қойылатын талаптарды екіге бөліп қарастырады.

  • Бірінші: кәсіби талаптар – бұл кәсіби бағытталған ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттігі.

  • оқу-тәрбие процесінің даму жолдарын алдын ала болжай білу;

  • мұғалімдердің шығармашылық еңбегін ұжымда ұйымдастыру;

  • оқушылар мен мұғалімдер ұжымының даму жолдарын зерттеу, бағалау,қортындылау;

  • өз іс-әрекетін шығармашылық пен мақсатты және шебер ұйымдастыру.

Екінші: өнегелі талаптар – бұл басшының жеке басындағы адамгершілік қасиеттерді көрсетеді:

  • ізгілік, ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық;

  • тәртіптілік, өзін-өзі ұстай білу, тәжірибелілік, іскерлілік;

  • қоғамның, халықтың мүддесін, мектеп ұжымның қажеттігін қанағаттандыру;

  • іс-әрекетінде ұжымға сүйену, қоғамдық пікірмен санасу, шешімінің жариялылығы, жұмысты дұрыс жоспарлай білуі.

Басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Басшылық құқықтық қарым-қатынастардың, әлеуметтік бақылау және әкімшілік тәжірибенің қағидаларына негізделеді.
Басқарудың негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.
Сонымен, Р.М. Қоянбаевтың идеясы бойынша мектептегі басқарудың рөлі былайша анықталады: нәтижені алдын ала болжау, мектеп жұмысын дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және жан-жақты бақылау.
Бүгінгі күні бұл тізім толықтырылып, мынадай логикалық әрекеттер жүйесі түрінде ресімделуі мүмкін: мақсатты болжау, яғни ұйымның немесе мектептің келешектегі жағдайын анықтау; стратегия құру, яғни мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін айқындау; жұмысты жоспарлау – нақты орындаушының міндеттерін белгілеу; жұмысты жобалау
– орындаушылардың функцияларын анықтау; қызметті ынталандыру
– қызметкерлерге мақсатты ықпал жасау; жұмысты реттеу
– орындаушылардың әрекеттерін үйлестіру; жұмысты есепке алу және бағалау – нәтижені мақсатпен салыстыру; кері байланыс – мақсаттарға түзетулер енгізу.
Р.М. Қоянбаев еңбектерінде «лидер» ұғымын атап анықтама бермегенімен лидерге тән ерекшеліктері мен сапалардың барлығын басшы бойында табылу керек деп айтқан. Бірінші: лидерлікті анықтайтын бірден бір қасиеті - белсенділік. Ол белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы ролін айтқан. «...Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің марқабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкешілік сезімі қалыптасуына мүмкіндік туғызады деген. Бұл қасиеттер жоғарыда айтылған Джон Максвеллдің  анықтаған Лидердің 21 міндетті қасиетінің ішінде кездеседі. Олар: қарапайымдылық, қамқорлық, жігерлік, ерлік, жомарттық, сенімділік, жауапкершілік, құзыреттілік, тыңдай білу, қырағылық т.б. Екінші: «сенімділік – ғылыми білімнің дәлдігіне сүйенеді, адамның қабылдған, қажет екендігі терең түсінілген идеяға немесе іске тұлғаның көтеріңкі көңіл күй сезімімен қатынасы арқылы беки түседі. Сенімділікке нақты деректерге сүйенген дәлелдің жан-жақты негізделуі деректердің дұрыс арақатынасы және оған негізделген жинақтау логикалық қортындылар және сенім тұжырымдамалар арқылы қол жетеді».
Үшінші: бедел – жеке аданың, әлеуметік институттың, идеялар жүйесінің нақты сапаларының, сіңірген еңбегінің күшіне қарай көпшілік мойындаған мағана, ықпал. Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныстар жігерін, тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының, жауапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.
Р.М. Қоянбаев адамның беделі, абыройы арқылы шиеленісті шешуге, елде тұрактылық, татулық орнатуға көпшілік мойындаған касиеті ретінде түсіндірген. Адамдарды, жұртшылықты, халықты өзіне, сөзіне, сендіру үшін бедел - лидерге де басшыға да қажетті іс-әрекет барысында дәлелденетін сапа белгісі.
Төртінші: креативтік – тұлғаның салыстырмалы беріктігін сипаттайтын құрамасы, шығармашылығының қабілетін, шығармашылық дарындылығының деңгейі. Осы аталғандардың барлығы лидерлердің бойында табылатын сапа белгілері.
Қорта айтқанда қазіргі таңда қоғамда орын алған өзгерістерге байланысты лидерге деген қызығушылық айтарлықтай артты. Р.М. Қоянбаев басқаруға тән ұғымдарын кеңейту мен нақтылауға үлкен үлес қосты. Оның ғылыми талдаулары мен идеялары қазіргі отандық психологиялық-педагогикалық ғылымында пайдаланылатын «лидер», «лидерлік», «лидерлік сапалар» түсініктерінің көптеген әртүрлі анықтамаларының ауқымын кеңейте түседі.
Жоғарыда айтылған теорияларда басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Басшылық құқықтық қарым-қатынастардың, әлеуметтік бақылау және әкімшілік тәжірибенің қағидаларына негізделеді. Ал лидерлік – бұл адамдардың бір бірін қабылдау, сендіру, түсіну негізінде жүзеге асырылатын олардың бірлескен өмір сүру кезінде бір адамның басқаларға психологиялық әсер ету үдерісі болып табылады.
Лидерлік - топтың белгілі мүшелерінің нағыз психологиялық сипаттамасы. Лидерлік еркін қарым-қатынас жасау, өзара түсіну және бағыну еркіндігі қағидаларына негізделеді. Осылайша, басқару қызметін, осы сөздің кең мағынасында тек басшы емес, сонымен қатар лидер де жүзеге асыра алады. Қазіргі жағдайда лидер түрінде жүзеге асырылатын адамдарды басқару әлеуметтік тұрғыдан қолайлы және тиімді болып табылады.

Семинар сабағының мазұны


Алыс және жақын шетелдік зерттеулердегі «лидерлік» феноменін анықтайтын теориялар. Гуманистік бағыттағы теориялар – «X» және «Y» теориялары. Лидерліктің мотивациялық теориялары. Тұлғалық-жағдаяттық теория. «Лидерлік сапалар» тұжырымдамасының негізін қалаушылар. Харизматикалық лидерліктің тұжырымдамасы

Тақырып бойынша сұрақтар





  1. Лидерлiктiң философиялық, психологиялық және педaгогикaлық aспектiлерi.

  2. Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортaның әсерi.

  3. Лидерлік сапаларының жіктелуі

  4. Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортaның әсерi.

  5. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда отбасының рөлі

  6. 1950 жылы лидерлікті топтың қызметі (Р.Крачфилд, Д.Креч, Г.Хоманс)

  7. Лидерлік сипат теориясы

  8. Мінез-құлық пен тәртіп теориясы

  9. Жетекшіге тән негізгі сапалар

  10. Лидерліктің жағдаяттық теориясы

  11. Лидерліктің харизматикалық теориясы

  12. Ресей ғалымдарының лидерлік және жетекші идеялары

  13. Лидерлік және басшылық феномені

  14. Персоналистік концепцияны жақтаушылар«Лидерлік» феноменін сипаттайтын тұжырымдамалар

  15. Б.Д. Парыгин «Лидердің әлеуметтік-психологиялық сапалар»

  16. Лидерлік сапаларының жіктелуі

  17. Лидер және лидерлiктің мәні мен мазмұны

  18. Лидерлік және басшылық феномені

  19. Л.И. Уманскийдің топ мүшесі – тұлға құбылысы ретінде идеясы

  20. Б.Д.Парыгиннің басшылық және лидерлік феноменін салыстыруы

  21. Алмасу және трансактылы талдау теориясы

  22. Гуманистік бағыттағы теориялар – «X» және «Y» теориялары

  23. Тұлғалық-жағдаяттық теория

  24. Ұлы адамдар теориясы

  25. Джон Максвеллдің «Лидерліктің теріске шығарылмайтын 21 Заңы» кітабындағы заңдарды талдау.

  26. Р.М. Қоянбаевтың идеясындағы мектептегі басқару

  27. Р.М. Қоянбаевтың еңбегіндегі лидерлік идеялары

  28. Р.М. Қоянбаевтың еңбегіндегі басшы және лидердің ара қатынасы

Өзіндік жұмысқа тапсырмалар:



  1. Саяси лидерлік теориясы

  2. Лидерлік» феноменін анықтайтын теориялар

  3. Дж.Б.Уотсон, Э.Торндайк . Бихевиористік теория

  4. Тұлғалық-жағдаяттық теория

  5. Мак Грегор лидерлерді дайындау теориясы

  6. Харизматикалық теорияның ерекшеліктері

  7. Жағдаяттық функция ретіндегі лидерлік теориясы

  8. Педагогтың кәсіби маңызды лидерлік сапаларын дамыту

  9. Лидерлiк сaпaлaрдың дaмуынa әлеуметтiк ортaның әсерi.

  10. Лидерліктің пассионарлық сипаттамасы.

  11. Тұлғаның лидерлік сапаларың дамуына отбасының рөлі

  12. Лидерлiктiң зерттелу aспектiлерi

  13. Мінез-құлық пен тәртіп теориясы

  14. Лидерлік сипат теориясының дамуы

  15. Лидерлік сапаларын дамыту тұғырлары

  16. Тұлғаға бағдарлану тұғыры

  17. Р.М. Қоянбаевтың Педагогика оқулығындағы лидерлік идеялары

Ұсынылыатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1.Н.Б. Беляцкий. Основы лидерства. Учебник. Москва. – 2015. (Оқулық электронды кітапхана жүйесінде қолжетімді – biblio-online.ru.)
2 В.А. Ильин. Психология лидерства. Учебник. Москава – Юрайт, 2014 – С. 312
Қосымша әдебиеттер:

  1. Мануйлов Ю.С. Опыт освоения средового подхода в образовании: Учебно-методическое пособие. – М.: Н.Новгород, 2008.-220с

  2. Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Оқулық. – Алматы. 2004

  3. Креативтік тәрбие. Оқу құралы. – Астана: Флоиант,2009. – 192б.

  4. Клименко О.Е. О лидерах и лидерстве: воспитание личности лидера в условиях профессионального объединения. Студенчество: Диалоги о воспитании. – 2007. -№2. –С. 9-10.

  5. Пескова И.В. Организационно-педагогические условия формирования позитивных лидерских качеств у детей. Дис. канд. пед. наук. –Нижний Новгород, 2003. – 176с.

  6. Шалғынбаева Қ.Қ., Алимбекова А.А. Теретический анализ проблемы исследования лидерства в психологии. Научный журнал Вестник. ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. – Астана. №3 (106) 2015. - 400-406

  7. Баймуханбетов Б. М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік сапасын қалыптастыру. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2014



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет