1. Жеке тұлғалық сапалар (адамгершілік қасиеттер кешені, мінез-құлық пен тәртіп ерекшеліктері): дүниетаным, әлеуметтік белсенділік, демократизм, патриотизм, жауапкершілік, толеранттылық, сабырлылық, салауатты өмір салтына бағдарлық, батылдық, мақсаттылық, өзіне және өзінің күшіне сенімділік, оптимизм, мобилділік, табыстылық, шешім қабылдаудағы дербестік, субъектілік, шығармашылық, үздіксіз өзін-өзі дамытуға және өздігінен білім алуға, өзін-өзі басқаруға, шығармашылық өзін-өзі танытуға, объективті өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі бақылауға қабілеттілік.
2. Әлеуметтік-психологиялық сапалар (басқа адаммен қарым-қатынаста көрінетін коммуникативтік қасиеттер): коммуникабелділік, басқа адамды түсіну қабілеті (эмпатия), фрустрацияға қарсы тұру, көпшілдік, ашықтық, мінез-құлықтың икемділігі, зейіні, қайырымдылық, мәселені және кикілжіңді шешуге қабілеттілік, келісімге келуге бейімділік, тұлғааралық қатынастың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру, эмоциялық тартымдылық, шешендік өнерге қабілеттілік.
3. Ұйымдастырушылық-іскерлік сапалар (интеллектуалдық, іскерлік және ұйымдастырушы - жасампаз сапалар): сыни ойлау, креативтілік, алдына мақсат қоюшылық, жігерлілік, жинақылық, болашаққа үміт арту, жағдаятқа сезімталдық, ұжымның мақсаты мен құндылығын қалыптастыру, серіктестік сезімі, қойылған мақсатты шешуге топты ұйымдастыруға қабілеттілік, топ мүшелері арасында қызметті бөлу біліктілігі, міндеттерді орындауға мотивациялау қабілеті және оларды міндеттерді орындауға шабыттандыру, жұмысты үйлестіру қабілеті, қиын сәттерде қолдау көрсете білу, бірлескен іс-әрекеттің нәтижелерін бақылауға қабілеттілік.
4. Статустық-лидерлік сапалар (лидердің мойындалған сапалары): индивидті топтың лидер ретінде қабылдауы, оның лидерлік статусы мен беделін мойындау, лидердің соңынан ерушілердің болуы, лидердің идеясын тыңдаушылар мен орындаушылардың болуы, лидердің іс-әрекетіне еліктеушілердің болуы, соңынан ерушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағымды атмосфера жасай білуге қабілеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |