Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


-тaқырып. Лидерлiктiң функциясы, типтерi, стилдері



бет29/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
6-тaқырып. Лидерлiктiң функциясы, типтерi, стилдері



  1. Лидерлiктiң жaлпы типтерi

  2. Лидерліктің функциясы.

  3. Лидерлiк стилдерi.

Негізгі ұғымдар: лидер типологиясы,лидерлік моделі лидерлік стильдері, лидерлік функциясы


Лидерлiктiң жaлпы типтерi. Лидерлік феноменін зерттеу мен түсіну теорияларының көптүрлілігіне байланысты оларды топтастыруда ғалымдар әр түрлі жіктемені ұсынады. Әлеуметтік топтағы лидерлік әрекеттің мазмұны бойынша жіктеме кеңінен таралған. Онда лидердің рөліне қарай үш типі бөліп көрсетіледі:


1. Іскерлік лидерлік типі өндірістік мақсаттар негізінде пайда болатын топтарға тән. Оның негізіне мынадай сапалар алынады: жоғары құзыреттілік, бедел, абырой, тәжірибе және т.б. Іскерлік лидерлік жетекші жұмысының нәтижесіне және тиімділігіне ықпал етеді.
2. Эмоциялық лидерлік типі адамзаттық симпатия мен тартымдылық негізінде пайда болады. Ол адамдарда сенім тудырып, көңіл-күйге әсер етеді, психологиялық алаңдаушылықты жояды.
3. Жағдаяттық лидерлік (іскерлік пен эмоциялық), бірақ оның ажыратылатын белгісі тұрақсыздық, мерзімдік шектеушілік, белгілі жағдаятқа байланыстылық болып табылады. Бұл лидерлік белгілі бір жағдайда топты алып жүреді.
Сонымен қатар лидердің түріне байланысты лидерлік жіктемелері қалыптасқан. Мысалы, Л.И.Уманский лидердің түрлерін (рөлін) бөліп көрсетеді: лидер-ұйымдастырушы (топтық ықпалдасу қызметін орындайды); лидер-инициатор (жаңа мәселені шешуде идея ұсынып, жетекшілік жасайды); эмоциялық көңіл-күйді реттеуші лидер генератор (топтың көңіл-күйін көтерумен ажыратылады); лидер-эрудит (білімнің тереңдігімен ажыратылады); лидер-эталон («жұлдыз» рөліне сәйкес эмоциялық тартымды, идеал, үлгі); лидер-шебер (қандай да бір іс-әрекет түріндегі маман).
Р.Бейлс лидерлік мәселесін қарастырып, лидердің екі типін бөліп көрсетеді: эмоциялық және құралдық. Эмоциялық лидердің негізгі қызметі – бұл топта психологиялық климат құру, тұлғаралық қарым-қатынасты тиімді реттеу. Құралдық лидер – бұл іс-әрекеттің өзіндік ерекше түрінде инициативаны өзіне алатын және мақсатқа жету бойынша жалпы күшті үйлестіретін топ мүшесі. Іс-әрекеттің өзіндік ерекше саласы оқу, қоғамдық пайдалы еңбек, демалыс. Құралдық лидердің негізгі қызметі тұлғалық белгілі қасиеттерінің көмегімен ұжымдық бірлескен мақсатқа қол жеткізу бойынша жалпы күштерді үйлестіру.
Б.Д. Парыгин лидерлік типологиясының концептуальды моделін, әртүрлі үш негіз бойынша олардың қызмет ерекшеліктерімен лидерлерді саралауды ұсынады:

  1. қызмет мазмұнына қарай (лидер-бағдарламашы немесе шабыттандырушы-рухтандырушы – жағдаятты «жаратушы», жасаушы ғана емес, оны шешуші; лидер-орындаушы, яғни ыңғайшыл, көңіл-күйді сергек аңғаратын және жағдаят жасалғаннан кейін лидер-программистке ауысымға келетін, бір мезгілде рухтандырушы да, ұйымдастырушы да болып табылатын лидер);

  2. қызмет сипатына қарай (жағдаяттық лидер, яғни тек белгілі бір ұқсас жағдаяттарды жасап, шешуге қабілетті немесе әртүрлі жағдаяттарда ұйымдастырушының міндеттерін атқара алатын әмбебап лидер);

  3. жетекшілік ету стиліне қарай (өзіне бағдарлайтын өктемшіл лидер, топқа бағдарланатын демократиялық лидер және өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашатын, «араласпайтын» лидер).

Лидерлiк типологиясының концептуaльды моделi. Б.Д. Парыгин ұсынған лидерліктің типологиясы ерекше қызығушылық тудырады. Оның негізіне лидердің мазмұны, стилі және іс-әрекет сипаты өлшемдері алынады. Мазмұны бойынша: лидер-шабыттандырушы (мінез-құлық, тәртіп бағдарламасын ұсынады); лидер-орындаушы (ұсынылған бағдарламаны орындауды ұйымдастырады); стилі бойынша: бір мезгілде шабыт беруші және ұйымдастырушы болып табылатын лидер; іс-әрекет сипаты бойынша: әмбебап және жағдаяттық типтер ажыратылады.

Б.Д. Парыгинің лидерлер жіктемесі.


Іс-әрекеттің мазмұны бойынша

Лидер
шабыттандырушы

Лидер
орындаушы

Лидер шабыттандырушы және орындаушы

Стилі бойынша

Авторитарлық

Демократиялық

Араласпайтын

Іс-әрекет сипаты бойынша

Әмбебап
(үнемі лидерлік сапаны көрсетеді)

Лидер
ұйымдастырушы

Жағдаяттық (белгілі жағдаятта лидерлік сапаны көрсетеді)




Жоғарыда ұсынылған жіктемелерден басқа лидерліктің топтың қабылдауына байланысты жіктемесі де пайдаланылады.
1. «Көптің бірі». Бұл типтің лидері топтың мүшелері арасынан ерекше бөлектенбейді. Ол белгілі салада жетекші қызметіне аса сәтті немесе кездейсоқ «теңдес арасындағы алғашқысы» ретінде қабылданады.
2. «Ішіміздегі ең жақсысы». Бұл типке жататын лидер топтан көптеген параметрлер бойынша (іскерлік, адамгершілік, коммуникативтік) бөліп көрсетіледі және еліктеу үшін үлгі ретінде қабылданады.
3. «Жақсы адам». Бұл тип лидері нақты адамгершілік қасиеттерімен: көрегенділік, парасаттылық, ақкөңілділік, тілектестік, басқаға қамқорлық, зерделілік, көмектесуге даярлық, т.б. қабылданады.
4. «Қайраткер, қызметші». Бұл тип лидері топтың пікіріне бағдарланады, әрқашанда өзінің зерттеушілік қызығушылығын көрсетуге талпынады.
Көбінесе лидерліктің екі түрі бөліп көрсетіледі: биресми (формалды) және ресми (формалды емес). Біріншісі жетекшілік немесе қызметтік жағдайы және басқарушылық қызметпен негізделеді. Екіншісі формалды емес лидер, яғни көпшілікпен мойындалған, шынайы беделге ие, адамдармен тұрақты байланыс жасай алатын және оларға әсер ете алатын адам. Формалды емес лидер өкілеттік билікті меңгермеген және оған ресми міндеттер жүктелмеген. Формалды және формалды емес лидер бір адам болуы мүмкін, қызметіне сәйкес орны және жалпы мойындалған болуы мүмкін.
Тұлғаның лидерлік сапаларын дамыту жолдарын айқындауда төмендегі лидерлік жіктемелеріне де назар аударылды:
1. Ішкі лидерлік – бұл лидерлік құзыреттілікті дамытудың базалық кезеңі. Мұнда болашақ педагог өзіне-өзі жетекші болуға үйренуі тиіс, өз істеріне жапаукершілік алу, жағдаятты бақылау, өзін-өзі мотивациялау.
2. Жағдаяттық лидерлік – туындаған жағдаятқа байланысты өзіне лидер рөлін алады. Көбінесе, оқытушыларда лидерлік сыни жағдаяттарда (кикілжің, белгісіздік, эмоциялық тұрақсыздық) пайда болады.
3. Командалық лидерлік - үлкен уақыт аралығында инициативалық қабілетін көрсетуі, жауапкершілік алып, стратегиялық мақсат қоюы.
4. Стратегиялық лидерлік - бұл кезеңде оқытушы белсенділер ортасын құрып, стратегиялық мақсаттар қояды, лидерлік сапаларын дамытуға ықпал етеді.
Лидер типологиясы бұл ұғымның мазмұнына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Лидер типологиясы







Лидер болуы мүмкін

Оған негіз болатын жағдайлар

1

Формальды (ресми)

Өзара қарым-қатынас саласы

2

Формальды емес(биресми) жалпы қабылданған авторитетке ие, бірақ ресми лидерлік ұстанымды иеленбеген)

3

Аралас

Топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру белгілері мен қызметтерін бөлу

4

Топтық мақсатқа белгілі бір жолмен қол жеткізу
Міндеттерді тиімді шешу бойынша
Психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша
Топтық атмосфера мазмұны бойынша

5

Инициатор
Ұйымдастырушы (іскер лидер)
Эрудит
Эмоционалды күйге келтіру генераторы (эмоционалды лидер)
шебер

Лидердің жүзеге асыратын қызметтері

6

Инструменталды (қызмет атқаратын лидер)
Эмоционалды
Универсалды (екі типтің де белгілерін меңгерген)

Топтық іс-әрекеттер типі: инструменталды және экспрессивті

7

Авторитарлық, демократиялық, аралас

Жетекшіқ стилі бойынша

8

Ұйымдастырушы (жасампаз лидер)
Дезорганизатор (бұзушы лидер)

Ұйымдастырушылық ұстанымы

Кестеде көрсетілген лидерлік типтерінің сипаттамаларын талдау, бір жағынан, лидердің жеке ерекшеліктерін (темперамент, құндылық бағдар, т.б.); екінші жағынан, топ ішіндегі әлеуметтік-мәдени контексте бірін-бірі толықтырады.


Лидерліктің жалпы типтері







Өлшемдер

Лидерлік типтері

1

2

3

1

Әлеуметтік ұстаным

Формалды (ресми), формалды емес (жалпықабылданған беделді меңгереді, бірақ ресми лидерлік ұстанымға ие емес), аралас

2

Субъектілер саны

Жеке, топтық

3

Тұлғааралық қатынастарды қалыптастыру және топтағы қызметті бөлу белгілері

Топтық мақсатқа жету жолдарын анықтау, техникалық міндеттерді тиімді шешу, психологиялық климат құру, топтық ахуал мазмұны бойынша

4

Қызметтер (функциялар)

Инициатор, ұйымдастырушы (іскер лидер), эрудит, эмоциялық көңіл-күйді орнатушы (эмоциялық лидер), шебер

5

Өзгерістерге қатынасы

Консервативтік (өз орнын сақтауға бағытталған), бастамашылдық (өзгерістерге бағытталған)

6

Ұйымдастыру тұрғысынан

Ұйымдастырушы (жасампаз-лидер), ірткі салушы (лидер-бұзушы)

7

Көріну жиілігі

Әмбебап (кез келген жағдайдағы лидер), жағдаяттық (белгілі жағдайда лидер сапасын көрсетуші)

8

Жетекші стилі бойынша

Авторитарлық (жеке билікті талап ететін лидер), демократиялық, аралас

9

Ізбасарларға ықпал ету тәсілі

Ұтымды (логикалық дәлелдерді пайдалануға негізделген және ақылға салатын), эмоциялық (сезімге қатысты эмоциялық құралдарды пайдалану)

10

Ақиқатқа қатысты

Шынайы (мақсатқа жету үшін қорды талдау, шынайылықты ескеру), авантюристік (эмоцияға негізделген, қауіпті мақсатқа талпыну)

11

Топпен қабылдау

«Көптің бірі», «ішіндегі ең жақсысы», «жақсы адам», «қызметші» (топтың қызығушылығын көрсетеді)

12

Іс-әрекеттің болашағы

Стратегиялық (алыс болашаққа бағдарланған), тактикалық (жақын болашаққа бағдарланған)

13

Мақсатты жүзеге асыруға бағыттылық

Конструктивті - ұйымның мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін; дискрутивті - ұйымға зиянын тигізуге талпыну негізінде қалыптасады; нейтральды

14

Әдістері

Революциялық (шешімді және тез өзгерістеге бағытталған), реформаторлық (біртіндеп, тексерілген өзгерістер)

Лидерлік функциялары мен стильдері.


Функция - лат.т. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру деген мағана береді. Функция әр ғылымда кездесетін көп мағаналы ұғым. Мысалы, функция - социологияда белгілі бір әлеуметтік институт атқаратын рөл. Функция - педагогикада қызмет.
Лидерлік жіктемесі сан алуан түрлі болғанымен, оның функционалдық міндеттері тұрақты болып табылады. Лидерлік – биліктің әртүрлі көздерінің тиімді үйлесімділігіне негізделген және жалпы мақсатқа жетуде адамдарды оятуға бағытталған басқару әрекетінің өзіндік типі. Лидер – ұжымның әрекетінің инициаторы, ұйымдастырушысы, айналадағылар бірегей деп мойындаған, артынан адам ерте алатын, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілетті мүшесі. Лидер топқа және оның мүшелеріне, оларды қандай да бір мақсатқа жетуге бағыттай отырып, ықпал етеді. Лидерлік сапаларды дамыту үдерісін ұйымдастыру күрделі іс-шара, ол көп дәрежеде «табиғи» жағдайда жүзеге асырылуы тиіс. Лидерді қалыптастыру тұлғаның ішкі психологиялық, ұйымдастырушылық құрылымын дамыту үдерісі және нәтижесі, оның топ пен ұжым мүшелерінің іс-әрекеті мен қарым-қатынасын сыртқы басқаруға жеке дара ұйымдастырушылық, коммуникативтілік дайындығымен бірлікте көрінуі.
Белгілі философ Л.Н.Гумилев лидерліктің негізгі сипаттамасы пассионарлық деп есептеген. Пассионарлық (лат. passio – құштарлық) индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігі және осы мақсатқа жету жолындағы төзімділігін сипаттайды. Пассионарлы тұлғалар айналадағыларды өзгертуге талпынады. Бұл олардың өзін-өзі сақтау түйсігін арттырады. Бірақ мұндай адамдар қоғамда аз.
Шетел психологиясында XX ғасырдың 60-70 жылдарында персоналистік (қызметкерлік) және функционалдық (жағдаяттық) тұжырымдамалар лидерліктің анағұрлым көп тараған концепцияларының бірі болды.
Бірінші персоналистік концепцияны жақтаушылардың (Г.С. Хоуманс, Tarnopol, L) пікірінше «лидер» «лидер еместен» белгілі бір тұлғалық сапалармен ерекшеленеді және оның бойында осы «лидерлік» сапалардың болуы арқасында ол сол топтың лидері атанады. Г.С. Хоуманстың пікірінше, өз тобының мүшелеріне басқа біреулерге қарағанда жиі және айтарлықтай ықпал ететін, топтың басқа мүшелерімен салыстырғанда талап ететіні аз тұлға лидер болып табылады.
Екінші жағдаяттық концепцияны жақтаушылар Дж. Хант пен К. Кассинелли лидер өзінің соңынан ергендерге тұтас тәуелді болады, өйткені, ол өзін қоршаған орта, туындаған жағдаят арқылы қалыптасады деп есептейді. Лидерлік мәселесін тереңірек ұғыну және оны ғылыми тұрғыдан сипаттау жөніндегі тео­риялық қорытындылар адамның әлеуметтік маңызын құрайтын лидерлікті топтың функциясы ретінде қарастырудың қажеттілігін көрсетеді.
Эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері және лидерліктің теориялық мәселелерін талдау анықталған лидерліктің белгілері мен функцияларының негізінде осы феноменге тән жалпы спаттамаларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Осыдан лидерлік топтың функциясы ретінде (яғни өзара іс-әрекеттің мақсат - міндеттеріне ерекше назар аударылады) сипатталады, ал ол өз кезегінде лидер тұлғасының құрылымын (өзара әрекетті ұйымдастыру үшін адамдарға әсер ету қабілеттілігі қалыптасады) даралап көрсетуге мүмкіндік береді.
Психология ғылымында лидерлік функциясының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіруде лидерлік және жетекші ұғымдары айқын бөлініп көрсетіледі. Лидерлік ұжымдағы психологиялық қатынастардың бағыну және бағындыру тұрғысынан жиынтығы, жетекші топты басқару және оның іс-әрекетін ұйымдастыру үдерісіне қатысты түсіндіріледі.
В.П. По­зняков лидерліктің мынадай белгілері мен функцияларын ерекше бөліп көрсетеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет