Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет30/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Лидерліктің белгілері: топтық мәселені шешудегі жоғары белсенділік пен инициативтілік; топ мүшелері, шешілетін мәселе және жалпы жағдаят туралы көбірек хабардар болу; топтың басқа мүшелеріне айқын әсер ету қабілеті; топта қабылданған ережелерге, құндылықтар мен нормаларға көбірек сәйкес келу; топ үшін үлгі болатын тұлғалық қасиеттердің анағұрлым айқын болуы.

  • Лидерліктің негізгі функциялары: ортақ әрекетін оның әртүрлі салаларында ұйымдастыру; топтық нормаларды жасау мен ұстану; басқа топтармен арақатынаста топтың сыртқы өкілдігі болу; топтық қызметтің нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау; топта қолайлы әлеуметтік-психологиялық қатынастар орнату және сақтау.

    Лидер функцияларын төмендегідей бөліп көрсетуге мүмкін туғызды:
    1. Конструктивті функциясы, бұл қоғамдағы барлық адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Ол қоғамдағы қабылданған құндылықтар жүйесімен және институт билігімен, қауымдастықтың пікірімен келісу арқылы шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
    2. Ұйымдастыру функциясы, мұнда лидер бір жүйені қалыптастырады, міндеттерді бөледі, әрі қарай жүруі қадағаланады, тұлғааралық қарым-қатынасты реттейді, бәрін келісімге бағыттайды. Бұл функция ұжым мүшелері үшін қолайлы жағдайлар мен басқару жүйесін құрумен, әртүрлі әрекетті жоспарлаумен, топқа қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеумен байланысты жүзеге асырылады.
    3. Координациялық функциясы, топаралық әрекеттерді келістіру, бірігіп жұмыс атқаруға белсендендіру. Мұнда лидер шешім қабылдаушы, ортақ шешімге келтіруші, ортақ қоғамдық құндылық құрушы. Ол топ мүшелерін қанағаттандыру, барлығының қызығушылығын ескере отырып, пайда келтіретін нақты бағдарламаны айқындау міндетін іске асырады.
    4. Интерактивті функциясы, мұнда лидер айналасына өз ойымен, мақсатымен ортақтас адамдарды жалпы қызығушылығымен әрекет ететін топқа біріктіреді.
    Лидердің белгілі типтері:
    Автократ лидер - барлық шешімді өзі қабылдайды, тіпті жұмыстың әдістерін де көрсетіп береді. Ұстану стилі – авторитарлық.
    Демократ лидер - шешім қабылдауға топты қатыстырады, олардың өзіне жұмыстың мақсаты мен әдісін таңдауды ұсынады. Ұстану стилі – демократиялық.
    Либерал лидер – іс-әрекетті ұйымдастыруда салғырттық танытады, бағыт, бағдар бере алмайды, бағынушыға толықтай еркіндік береді. Ұстану стилі – лидералдық.
    Лидерлік стильдері 1930-шы жылдардың аяғында К.Левин лидерлік стильдер жіктемесін ұсынған. (Курт Левин (1890-1947ж.ар. өмір сүрді) – неміс, одан кейін американдық психолог.) Бұл жіктеменің негізінде шешім қабылдауда «Лидердің көзқарасы» деген компонент жатыр. Берілген үш стильдің атауы К. Левиннің жеке өмірбаяны мен оның қағидаларына байланысты. К.Левин фашистермен басталған екінші әлем соғысы кезінде АҚШ-ға қоныс аударып, өз тәжірибелерін бастады.
    К. Левин фашисттерге қарсы өз ұстанымын көрсете отырып, белгілі бір саяси мағынаға ие «авторитарлық» және «демократиялық» терминдерін қолданды. К. Левин басқарудың классикалық стильдері: авторитарлық, демократиялық және либералдық деп анықтады. Сөздіктерде олардың әр түрлі атаулары кездеседі: авторитарлықты – директивалы, либералды - салғыртты, анархиялық, бейтарап, формалды, рұқсат етуші, деп те атайды. Басқарудың авторитарлық стилі кезінде топ демократиялық стилге қарағанда көлемді жұмыс атқаратыны белгілі, бірақ мотивация төтен, іс-әрекеттерінде шығармашылық көрінбейді, кесісінші бірегейлілік басқыншылық орын алған. Бұл басқыншылық басшыға да және топтың басқа мүшелеріне қатысты көрсетілген. Басқарудың авторитарлық стилі кезінде едәуір жабырқаулылық және үрей, тәуелділік және елгезек тәртіп белгілері байқалған. Басқарудың демократиялық стиліне қарағанда, либералдық стиль кезінде жұмыс көлемі азайып, оның сапасы төмендеп, ойын элементтері байқалған, Көптеген ұйымдарда, ұжымдарда сауалнама жүргізген кезде демократиялық лидерлікті қалайтындарын айтқан.
    К.Левин әрбір стильге сипаттама беріп, оны пайдаланудың мақсаттылығын анықтаған.
    1. Авторитарлық стиль. Шешімді басшы жеке қабылдайды. Ол бағынышты адамдарға қарай өктем әрекеттеніп, қатысушылардың рөлдерін қатаң орнатып, егжей-тегжейлі бақылауды жүзеге асырады, басқарудың барлық негізгі қызметтерін өз қолына жұмылдырады. Алгоритмикалық міндеттердің шешуіне бағытталған.
    2. Демократиялық стиль. Шешімді басшы бағынышты адамдармен бірге қабылдайды. Лидер өз шешімдерінің талқылануын ұйымдастыра отырып, бастамасын қолдай отырып, бағынышты адамдармен бірге топты басқаруға ұмтылады. Бұл стиль нашар құрылымдасқан жағдаяттарда тиімді болып, тұлғааралық қарым-қатынастарда шығармашылық міндеттерді шешуге бағытталған.
    3. Либеральдік стиль. Шешімдерді бағынышты адамдар басшыға зорлап міндеттейді. Басшы топты белсенді басқарудан шеттетіліп, қатардағы қатысушы ретінде әрекеттенеді, топтың мүшелері толық еркіндікке ие болады. Топтың қатысушылары өз ниеттеріне сәйкес әрекеттеніп, олардың белсенділігі ұйымдастырылмаған сипатқа ие болады. Бұл стиль топтық қызметтің едәуір өнімді бағыттарын іздеу жағдаяттарында тиімді болып табылады.

    Семинар сабағының мазұны:


    Лидерлiктiң жaлпы типтерi. Р.Бейлс теориясы. Л.И.Уманский бойынша лидердің түрлерінің рөлі. Лидерліктің функциясы. Лидерлік типологиясы. Лидерлiк стилдерi. Ғалымдардың стилдер жіктемелері. Ғaлымдaрының лидерлік стилдер жіктемесі.


    Тақырып бойынша сұрақтар





    1. Лидердің ізбасарларға ықпал ету ерекшеліктері

    2. Жағдаяттық теорияның қалыптасуы

    3. Білім беру жүйесінде авторитарлық стилге сипаттама және нәтижесі.

    4. Лидерлер жіктемесі (Б.Д.Парыгин бойынша)

    5. Лидерліктің негізгі функциялары

    6. В.П. По­зняковтың лидерлік теориялры

    7. Қазіргі қоғамдағы лидерліктің демократиялық ұстанымы

    8. Лидерлік стилдері.

    9. Лидерлік стилдерінің тұлғааралық қарым-қатынаста алатын орны

    10. Лидерлiк типологиясының концептуaлды моделi

    11. Лидерлік феноменін көрсетудің формасы.

    12. Лидерлiктiң жaлпы типтерi.

    13. Лидерліктің функциясы.

    14. Ғaлымдaрының лидерлік стильдер жіктемесі.

    15. Іскерлік лидерлік типтегі лидеріктің бәсекеге қабілетілгі

    16. Қазіргі қоғамда тұлғаның лидерлік сапаларын дамытудың өзектілігі.

    17. Лидерлік стилдің гендерлік аспектіде көрінуі

    18. Мектп жасына дейінгі балалардың лидерлік сапалрын дамыту ттеориясы мен практикасы

    19. Отбасында балалардың лидерлік сапаларын дамытуда ата-аналардың ұстану стилдері

    20. Лидерлік типологиясы

    Студентердің өзіндік жұмыстары





    1. Лидерлiктiң жaлпы типтерi. Лидерліктің функциясы.

    2. Лидерлiк типологиясының концептуaльды моделi (Б.Д. Пaрыгин).

    3. Қазіргі қоғамда лидерліктің типтері мен стилдері

    4. Лидерлiк стилдерi.

    5. Ғaлымдaрының лидерлік стилдер жіктемесі.

    6. Әлеуметтік топтағы лидерлік әрекеттің мазмұны

    7. Лидерлік феноменін зерттеу мен түсіну теориялары

    8. Р. Стогдиллдің лидерлік феномен идеялары

    9. Лидердің тұлға-лық; сипаттамалық, мотивациялық сапалары

    10. Қазақтанның білім беру идеологиясының кәсіби іс-әрекеттегі лидерлікке деген қызығушылы

    11. Жастардың лидерлк сапаларын дамыту креативті ойлау қабілеттілігіне тәуелділігі

    12. Тұлғаның либерадық стиль ерекшеліктері

    Ұсынылған әдебиеттер тізімі
    Негізгі әдебиеттер:

    1. Н.Б. Беляцкий. Основы лидерства. Учебник. Москва. – 2015. (Оқулық электронды кітапхана жүйесінде қолжетімді – biblio-online.ru.)

    2. В.А. Ильин. Психология лидерства. Учебник. Москава – Юрайт, 2014 – С. 312

    3. Рысбекова А.К. Ахметова Ж. Көшбасшылық мәдениеті.– Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, 2014 – 98 бет.

    Қосымша әдебиеттер:

    1. Нұржанова С.А. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ мамандардың креативті ойлауын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері п.ғ.к., дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2010

    2. Алимбекова А.А. Лидер және лидерлік феноменінің ғылыми теориялары. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.-Астана, 2014.244-247б.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет