7-тақырып. Ақпараттың лидерлік сапалардың дамыуна әсері.
Тұлғаның ақпараттық қызығушылықтары
Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуына ақпараттың ықпалы
Болашақ педагогтардың медиа-білім беру арқылы кәсіби лидерлік сапаларын дамыту
Негізгі ұғымдар: тұлға, ақпарат, визуалдар, аудиалдар, кинестетиктер, дискреттер, қызығушылық, БАҚ, арна, медиа білім беру, технолоия, техника.
Тұлғаның ақпараттық қызығушылықтары. XX ғасырдың аяғында адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – ақпарат. Қазір ақпарат білім берудің негізгі құралы болып отыр. Бүгінгі таңда ақпараттық үдеріс адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналып, ақпараттық қоғамның пайда болуына әкеліп отыр. «Ақпараттық қоғам» терминін 1960 жылдары Ф. Махлуп енгізген. Осыған байланысты 1980 жылдары У. Драйзардтың «Ақпараттық қоғам беталысы», Т.Стоуньердың «Ақпараттық байлық: постиндустриалдық экономикалық мамандану саласы», Д. Беллдың «Ақпараттық қоғамның әлеуметтік шектері» атты еңбектері жарыққа шықты. Аталған еңбектерде жаңа ақпараттық тұрмыс қалыптасып, оның барлық жақтары адамның ақпараттық іс-әрекеті арқылы өтіп, қазіргі ақпараттық технологияларға байланысты адамның бағалы құндылықтары, қызығушылықтары, қажеттіліктері өзгеріп отыратыны айтылады.
Қазіргі уақытта ақпарат, ақпараттық үдеріс адам өмірінің ажырамас құрамдас бөлігіне айналды. Білім алудың негізгі құралы ақпарат арқылы келетіні мәлім. Ақпарат алу негізінде бала құндылық ұғымымен танысып, қызығушылығы, қажеттіліктері мен көзқарастары өзгеріп, қалыптасады.
Ақпарат дегеніміз – жалпы алғанда, қоршаған дүние және онда жүріп жатқан алуан түрлі процестер мен өзгерістер туралы хабарлар мен мағлұматтар. Ақпарат оқу, көру, есту, өз бетімен ойлану, зерттеу, пікір алмасу, зерделеу т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады.
Қазақ әдеби тілінің сөздігінде ақпарат және ақпар (араб тілінен енген) - мәлімет, дерек ұғымын білдіретіні көрсетіледі (ақпар алып келді, ақпар берді, ақпар етті т.б.). Латын тілінде informatio – ақпарат, яғни түсіндіру, баяндау, хабардар ету деген мағынаны білдіреді. Ақпарат ұғымының мазмұнына тереңірек үңілсек, біріншіден, істің жағдайы, қандай да бір оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру. Адамның және арнайы құрылғылардың қабылдауымен алынатын қоршаған орта және ондағы мәліметтер жайындағы деректер.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап ақпарат - адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автоматтың өзара деректермен алмасуы, жануарлар немесе өсімдіктер арасындағы сигналдардың алмасуы, тұқым қуалаушылық белгісінің бір клеткадан басқа бір клеткаға, бір ағзадан екінші бір ағзаға берілуі, т.б. секілді жалпы ғылыми ұғым ретінде қарастырылады.
Ақпарат таратылу түріне қарай: вербалды – ауызша, сөз түрінде берілетін ақпарат (деректіден айырмашылығы, қандай да бір сақтау құралында сақталады); ғылыми-педагогикалық – техникалық құралдар және арнаулы басылым арқылы таратылатын және педагогикалық ғылым, білім беру жүйесі, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқаруда пайдаланылатын нысандар мен құбылыстар туралы мағлұматтар жүйесі; ғылыми-техникалық немесе тәрбиелік сипаттағы мағлұмат - оны алушылардың интеллектуалды мүмкіншіліктері мен жас ерекшеліктерін ескере келіп, табиғат пен қоғам туралы жинақталған білім, ғылыми тұрғыдан дәйектелген тәжірибе.
Бүгінгі күні теледидар мен ғаламтор арқылы үйде отырып-ақ бірнеше минут ішінде әлемде не болып жатқанын білуге, алыс қашықтықтағы субъектімен хат жазысып, хабарласуға мүмкіндік мол. Сондықтан БАҚ-ның бала тәрбиесіне əсері зор. Бұл жағдай ата-аналар мен мамандардан (педагогтар мен психологтардың, тіпті медициналық қызметкерлердің) балаға берілетін ақпараттардың сипатына және көлеміне айрықша назар аударуды талап етіп отыр.
Ақпаратты қабылдау адамның сезім мүшелері арқылы бейнелі және таңбалы түрде жүзеге асады.
Бейнелі ақпарат дегеніміз – табиғат көріністері мен нысандарын көзбен көру, қолмен ұстау, дәмін, иісін сезу арқылы қабылдау арқылы алынатын ақпараты.
Достарыңызбен бөлісу: |