Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет38/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Сабырсыздық - кейбір адамдар сабырсыздықты ізгілік деп есептейді. Бірақ егер сіз сабырсыздыққа жақын болсаңыз, эмоционалды күю алыста емес. Егер сіз сабырсыз болсаңыз, бір тұрарлық нәрсе жасайтындай қажетті уақыт таппайсыз. Бұл өте жауыз нәрсе. Өзінің эмоицялық табиғатына сай, сабырсыздық – қалаған болашағын жақындатуға тырысу. Есте сақтаңыз, сіз ағашты көп суғарғаныңызбен, ол бәрібір тез өспейді. Ия, тез үйренуге, жылдам жұмыс істеуге болады, бірақ мұның барлығын ақылмен істеу қажет. Дегенмен, өмірде тездетуге болмайтын, біріншіні екіншісінен ажырату қажет үдерістер де болады. Сабырсыздықпен қалай күресуге болады? Сізге жол картасы керек, - осылайша сіз қайда баратыныңызды көресіз және келген жеріңізден рахаттанасыз. Қазіргі сәт пен дәл қазіргі жұмысыңызға ойыңызды шоғырландырыңыз: сіз болашақты жақындатқыңыз келмейді, себебі сіз қазір және осында болып жатқан жағдайға ойыңызды бөлгенсіз. Және ең соңғысы, нәтижеге емес, болып жатқан үдеріске ойыңызды шоғырландырыңыз.
Фрустрация (қорқыныш) - бізде тым көп жұмыс және өте аз уақыт болғанда фрустрация пайда болады. Ол бірнәрсе істеу мотивциясын өлтіреді және адам әшейін ештеңе істемеуді жөн көреді. Бұны болдырмауға бола ма? 99% алдын алуға болады. Ол үшін үш стратегия қажет:

  • Тым маңызды емес және өте шұғыл емес міндеттерді жойыңыз.

  • Маңызды істеріңізді ұйымдастырыңыз.

  • Міндеттерді тым мінсіз емес және уақытыңызды үнемдей отырып орындаңыз, деңгейіңізді төмендетіңіз.

Әрекетсіздік - қаншалықты әрекетсіз уақыт өткізсеңіз, соншалықты жұмысқа кірісу қиын болады. Идеяның келуі және ол жайлы көп ұзақ ойлану, сосын ол жайлы өзгелерге шексіз айта беру қолайлы, бірақ сіз мұндайда оны жүзеге асыру үшін мотивацияңызды жоғалтып аласыз. Есте сақтаңыз, әрекет дегеніміз – ол барлығы. Ойлану керемет нәрсе, дегенмен үдерісте де үйрену қажет. Әрекет әрекетсіздікті өлтіреді. Осы анық фразаны ойланыңыз. Тоқтамаңыз. Есте сақтаңыз, сіз тоқтап қалсаңыз, іске қайта кірісу қиын болады. Бізді қанағаттандыратын жағдайға жетсек, біз сол деңгейде қалып қоюға бейімбіз. Егер сіз қиын жұмысқа қол ұрсаңыз, онда оны соңына дейін орындаңыз, бірнеше күннен соң оған қайта кірісемін деп өзіңізді өзіңіз алдамаңыз.

Кәсіби лидерлік сапаларды дамыту құзыреттіліктері.




Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Сонымен қатар, тұлға – іс-әрекеттің және қоғамдық қатынастардың нақты тарихи үдерісінде қалыптасатын әлеуметтік сапа аспектісіндегі адам индивид, адам кісілер арасында өз бағытын еркін және жауапкершілікпен айқындаушы қоғамдағы тұлға. Ол қоршаған әлеммен, қоғамдық және адамдық қатынастан жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттесу кезінде қалыптасады.
Қазіргі білім беруде тұлғаның кәсіби лидерлік сапаларын дамыту құзыреттіліктерін меңгерту қажеттілігі туындап отыр.
«Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өздігінен іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін айтады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Тұлғаның кәсіби лидерлік сапаларын дамытуда төмендегідей құзыреттіліктерді бөліп көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет