Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


тақырып. Тұлғаның лидерлiк сaпaлaрын дaмыту жолдары



бет40/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

10 тақырып. Тұлғаның лидерлсaпaлaрын дaмыту жолдары

  1. Лидерлiктiң қалыптасқан моделдерi.

  2. Лидерлiк сaпaлaрын дaмыту педaгогикaлық шaрттaры.

  3. Кәсіби лидерлікті қалыптастыру моделі

Негізгі ұғымдар: лидерік сапа, педгогикалық шарттар, мазмұндық, ұйымдастырушылық шарттар, модель,

Ғылымда қалыптасқан лидерліктің моделдері





Моделдер

Сипаттамалары

Зерттеушілер

Тиімді лидерліктің ықтималдық моделі

Лидер өзара әрекеттің инициаторы; оның әсері (оның тұлғалық қасиеттері) және жағдаяттық өзгерістері (лидер мен ізбасарлар арасындағы қарым-қатынас, міндеттің мәні, лидер билігінің дәрежесі)

Дж.Хоманс, Р.Стогдилл, С.Эванс Ф.Фидлер және т.б.

Лидер -топтық үдерістің өзегі моделі

Лидер - топтық үдерістер мен қатынастардың интеграторы

С.Кули, Л.Бернард және т.б.

Жол – мақсат моделі

Лидер нақты басқару жағдаяттарына сәйкес стилді қолданады; лидердің мінез-құлқы бағынушыларының мотивациясына және өндірістік еңбекке әсер етеді

Т.Митчел, Р.Хаус және т.б.

Қайтадан өзгерту немесе реформатор-лық лидерлік моделі

Лидер-реформатор ізбасарларды мотивация-лайды, оларға өзінің қызығушылықтарын жалпы мақсатпен ұштастыру мүмкіндігін ұсынады, сенімді атмосфера құрады, шығармашылық көрсетеді, нәтижеден нәтижеге ізбасарларды ертеді, дағдарыстық жағдаяттағы мәселені шығармашылықпен шешуді ынталандырады топ мойындайды және соңынан ілесуге дайын

М.Мескон және т.б.

Топтың тиімділігіне әсер етуге қабілетті лидер моделі

Лидер сендіру мен ынталандандыру арқылы адамдарды басқаруға қабілеттілік, әлеуметтік жағымды және маңызды құндылықтарға тарту, қойылған мақсатқа жетуде жеке тұлғаға да топқа да әсер ету қабілеті, шағын топтың тиімді нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттерін ұйымдастыру және басқару т.б.

Р.Л.Кричевский, Е.В.Кудряшов, Л.Д.Столяренко,
Н.С.Жеребова, Б.Д.Парыгин, және т.б.

Лидер – орта ізбасарлар моделі

Лидер ізбасарлардың мотивациясына және жағдаят элементі арқылы олардың тапсырманы орындау қабілетіне әсер етеді

Г.Зан, Г.Вулф, А.Ашур, Дж.Воффорд, Т.Шринивазан және т.б.

Лидер - топ модераторы моделі

Белгілі топтық мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекеті, күтілетін нәтижеге жету жолдарын қарастыру, топ мүшелерін интеграциялау құралы; топтық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін лидерлер мен оның ізбасарлары арасындағы өзара ықпал ету үдерісі

М.Кордуэл,
К.Ткаченко, А.В.Коваль және т.б.

Тиімді лидер моделі

Лидер қызметкерлер арасында серіктестік қатынасты қалыптастырады, шешімдерді орындайды, қызметкерлерді дамытуға және оқыту жүйесін жетілдіруге ықпал етеді

Горн, Дилтс Роберт және т.б.

Лидер -топтың беделі моделі

Лидер топтың, ұйымның, қоғамның ұйымдастырушысы, топтық өзара әрекеттестіктің инициаторы рөлін орындаушы беделді мүшесі

А.В.Морозов, А.Я.Анцупов, С.В.Голев және т.б.

Символикалық өзара әрекет моделі

Лидерлік басқа адамның және өзінің мінез-құлқына жабысатын «ярлык» ретінде; лидерлер шешім қабылдайды және әрекетті іске асырады, сосын топтық міндеттерді орындауға олардың әсерін ізбасарлар көзқарасы тұрғысынан түсіндіреді

Дж.Пфеффе, Роджер Гриффин және т.б.

Диададағы тігінен
байланыс моделі

Лидер топқа тұтас ұжым ретінде қарамайды; лидерлер мен ізбасарлардың өзара әрекеті диада түрінде өтеді; лидер ізбасарлар тобында биіктемейді, диадаға енетін өзара әрекетке қатысушының бірі болып табылады

Г.Грэен және т.б.

Кестеде көрсетілген моделдерге жасалған теориялық талдау нәтижесін кәсіби лидерлік сапаларды дамытуда негізге алудың маңызы зор. Қазіргі кезде кейбір ғалымдар моделдің үш түрін бөліп көрсетеді: сипаттамалық – білім беру практикасының міндеттері, құрылымы, негізгі элементтері туралы түсініктерді сипаттау; функционалдық - білім беру жүйесіндегі оның әлеуметтік ортамен байланыстарын анықтау; болжамдық – білім беру практикасының болашақтағы теориялық аргументтік бейнесін ұсыну. Көпеген ғылыми еңбектерді талдау барысында болашақ педагогтардың лидерлік сапаларын дамыту үдерісін моделдеу үшін маңызды болып саналатын «модель» ұғымының бірнеше мағынасы мен мәнін ашуды жөн көрдік.


Оскфордтық түсіндірме сөздікте және Кеңестік энциклопедиялық сөздікте «модель» ұғымының 9 түсініктемесі ұсынылады, бірақ модельдің бар белгілері бөліп көрсетілмейді, тек олардың әртүрі үшін анықтамалары ұсынылған. Дегенмен бұл анықтамалар біздің пікірімізше «құрылым және әрекет» дефинициясының мәнін ашатын мазмұнды білдіреді.
И.Т.Фролов анықтамасындағы негізгі мағына «модель – танымның құралы, оның негізгі белгісі – кескін» болып табылады. Бірқатар ғалымдар моделді объектіні оның нақты формасынан ажырататын түсініктер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы көптеген ғылымдар объектілердің жеке дербес элементтерін емес, олардың өзара әрекетттестігін зерттеумен айналысады.
И.Б.Новик, А.А.Ляпунов моделдің үш белгісін анықтайды: модель танылатын объектімен объективті сәйкестікте болады; белгілі қатынастарда оның орын басуға жарамды; модельді зерттеудегі мәліметтер моделденетін объект жөніндегі ақпарат болып табылады. В.Г.Онушкин, Е.И.Огарев, Б.С.Гершунский және т.б. білім беру моделі – бұл таңбалау жүйесі арқылы қалыптасқан, білім беру практикасында оның тұтас немесе жеке фрагменттерінің сызба нұсқасын көрсетеді деп сипаттайды.
В.Е.Шиянов зерттеулерінде моделдің төмендегідей бірнеше түрі қарастырылады: - позициялық (іс-әрекеттің жалпы сызбасын анықтайды, болашақ объектіні көрнекі ұсынады, қойылған міндеттерді шешуде қозғалу бағытын, элементтер байланысын орнатуды қаматамасыз етеді);
- мазмұндық (зерттелінетін объект, жүйе, үдерістің мазмұндық компонентін сипаттайды);
- ұйымдастырушылық (құрылымдық компоненттегі өзгерістерді көрсетеді);
- басқарушылық (кәсіби білім үдерісі субъектілерінің арасындағы жетекші идеялардың негізінде туындаған байланыстарды, қатынастарды анықтайды және тіркейді);
- нормативтік-құқықтық (өкілеттік, заңды және құқықтық-нормативтік қолдау);
- болжамдық (ресурстар мен мақсаттық арақатынасын оларды тиімді бөлу және нақтылау үшін көрсетеді);
- құрылымдық-мазмұндық (зерттелінетін құбылыстың негізгі әрекетін және құрылымын моделдейді);
- концептуальдық (ғылыми, теориялық, ақпараттық мәліметтер базасы мен әрекет бағдарламасына негізделген);
- рефлексивтік (күтпеген және байқалмайтын нәтижелердің пайда болуы жағдайында шешімді өңдеуді қамтамасыз етеді).
Модель белгілі бір қарым-қатынастарда зерттелінетін объектінің орнына жүреді, объект жайында жаңа мәліметтер береді. Сондықтан В.Г.Афанасьев «модель ықшамдалған объектінің немесе құбылыстың айқын түрде сызбаға түсірілген бейнесі. Әрі ол моделдеу үрдісі барысында танымның өзіндік тәсілінде бір жүйе (зерттеу объектісі) басқаға (моделге) өзгереді» - деп түсіндіреді.
Лидерлік мәселесін зерттеуде Стивен Р.Кови идеясы үлкен қызығушылық тудырды, себебі ол тұлғаның динамикалық дамуын, яғни жетекші болу қабілетін ерекше атайды. Оның моделінде лидердің белсенділігін, бірлескен іс-әрекет үдерісінде өзінің әлеуетін іске асыру мүмкіндігін анықтайтын негізгі үш компонент, атап айтқанда, ықпал ету шеңбері, маңыздылық шеңбері, сапалары бөліп көрсетіледі.
Ресей ғалымы И.А.Невский, ұсынған теориялық педагогикалық ғылымда қазақстандық ғалымдар (Ә.П.Сейтешев, Т.С.Садықов және т.б.) болашақ маманның болжамдық моделін құрудың әдіснамасын жасап, тұтас оқу-тәрбие үдерісінің моделі мен студенттің тұтас тұлғасын кезеңді қалыптастыру моделін анықтаған. Ол келесі кезеңдерді қамтиды: болашақ маман моделінің негізгі параметрлерін болжамдық, содан соң зерттеу деңгейлерінде анықтау; тұлғаны қалыптастыру үшін әдістемелер кешенін іріктеу, құру, стандарттау және түзету; нақты моделді жасауға болжау үшін әдістемелік негіздеме жасау және оны жүзеге асыру.
Моделдің нақты ғылыми анықтамасын В.А.Штофф «Роль модели в познании» аты еңбегінде ұсынды, оның пікірінше, модельді ойша ұсынылатын немесе материалды жүзеге асырылатын, зерттеу объектісінің кескіні бейнеленетін, оны зерттеу бізге объект туралы жаңа ақпаратты беретін жүйе деп түсінуге болады. Демек, модель белгілі бір мәнді қарым-қатынасты зерттеу пәніне, оның қасиеттер жүйесіне сәйкес болып келеді. Модель түпнұсқа туралы білімдерді құру және көбейту, оның жаңа құрамын жасау, басқару мен дамыту функциясын атқарады. Моделді құру жүзеге асырудан іс-әрекетке дайындықты көрсететін аралық кезеңді суреттейді.
Сонымен модель дегеніміз нақты объект пен жүйенің немесе түсінік пен идеяның шын мәніндегі қалыбынан ерекше түрде берілген көрініс. Әдетте модель жүйені анықтау, түсіну не жетілдіру үшін қолданылатын құрал. Осыған орайзерттеу барысында дайындалған болашақ педагогтардың лидерлік сапаларын дамытудың моделі құрстырылды. Моделді жобалау барысында болашақ педагогтарды дайындаудың ерекшеліктері, олардың тұлғалық және лидерлік сапалары туралы жоғарыда мазмұндаған теориялық-әдістемелік материалдардағы ғылыми анықтамалар мен түсініктерге сүйендік.
Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет