Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


Халитова. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012



бет36/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

3.Халитова. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012


4.М.Т Баймұқанова: «Отбасы мен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс». Астана 2005
5.Бикенов К.Ұ. Отбасы мен әлеуметтік жұмыс: оқу құралы./ Алматы: Қазақ университетті, 2003ж.Қоңырбаева С.С. Қазіргі отбасы және оның негізгі қызметі мен ерекшеліктері // Отбасы және мектеп, 2005ж.
Нормативтік –құқықтық әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы, 1995ж

  2. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы 1998 жыл 17 желтоқсан



9 тақырып. Кәсіби лидерлік сапаларды дамыту



        1. Кәсіби лидерлік сапаларды дамытудағы белсенділік

        2. Лидерлік сапаларды дамытудағы мотивация

        3. Лидерлік сапаларды дамыту құзыреттіліктері.

Тұлғаның лидерлік сапаларының дамуыдағы белсенділік


Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау пдагогтың басты міндеті.
Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Тұлға белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықты немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Әр түрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Ресей ғалымы В.Н.Мясищевтың (тілдесудегі тұлға белсенділігінің тұжырымдамасы), Л.И.Божовичтің (білім алушылар мен педагогтың өзара байланысы және оқы қызметіне белсене қатысу), В.Г.Ива­новтың (оқу мен еңбек шығармашылық белсенділік көзі ретінде), В.А. Петровский «белсенділік – әрекеттің қалыптасуын, іске асуын, дамуын және өзгеруін қамтамасыз ететін, индивидпен шартталған қозғалыс сәттерінің жиынтығы» - деген анықтама береді .
Л.Ф. Алексееваның зерттеуінде белсенділік адамның негізгі ерекшелігі, тұрақты күйі ретінде қарастырылады. Белсенділік жағдаяттық және тұлғалық диспозицияларға сәйкес индивидтің ішкі және сыртқы функцияларының үздіксіз өзгеруі арқылы ағзаның тіршілік әрекетін, оның психикасы мен санасын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік белсенділік қоғамдық тәртіп нормаларына, ережелеріне және тұлғаның өз бетінше дамуға, өз тағдырын өзі шешуге, өзінің өмірлік мақсаттарына жетуге деген ұмтылысына сәйкес байқалады деп тұжырымдайды.
Лидерлік теорясын зерттеуге елеулі үлес қосқан Ресей ғалымы
Г. К. Селевконың ойынша үдеріс тұлға ішілік деңгейде өтеді және тұлғаның әсерлерді қабылдауы, өңдеуі және игеруі болып табылады. Тұлға дамуының соңғы нәтижесі адамның ішкі белсенділігінің – объектілік немесе субъектілік белсенділігінің деңгейімен анықталады, белсенділік деңгейі жоғары болған сайын, тұлғалық даму нәтижесі де жоғары болады. Сонымен қатар, ғалымның пікірі бойынша, бірқатар педагогикалық шарттар бар, оларды қамтамасыз ету субъектілік белсенділіктің ішкі үдерістеріне әсер етуге мүмкіндік береді:

  1. тұлғаға адекваттық тәрбие беру әсерлер кешенін (мақсаттарын, мазмұны мен әдістерін) ұйымдастыру;

  2. тұлғаның жеке қасиеттерін ескеру;

  3. тұлғада өзін-өзі басқару механизмін қалыптастыру, оған:

  4. адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген уәждеме; өмір тіршілігінде игерілген белгілі бір тәжірибе;

  5. Мен-концепциясы; г) тұлғаның бағытталуы жатады.

Субъектілік белсенділікті, зерттеушінің ойынша, келесі қасиеттер ажыратады:

    1. субъектінің әрекет кезіндегі ішкі қасиеттері мен күйлерінің спецификасы — мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, болжау әрекеттерінің болуы;

    2. еркіндік – өз мақсатымен және субъект еркімен шарттылық;

    3. жағдаяттылық – бастапқы мақсаттар шегінен шығу;

    4. автономизация — қабылданған мақсатқа қатысты қызмет дербестігі мен тұрақтылығы.

Э. Эриксонның, Д.Б. Элькониннің тұлға дамуын периодтау теориясы бойынша адам белсенділігінің дамуы өмірінің әртүрлі кезеңдерінде оның тұлғалық қалыптасуына сәйкес орын алады. Жастық кезде белсенді танымдық әрекет, өзін іздеу, өздігінен дамуға деген ұмтылыс, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өз тағдырын шешу, өзінің қоғамдағы орнын белсене іздеу байқалады. Қоғамдық қарым-қатынастар топтық сана арқылы тұлға мен топтың әлеуметтік қызметінің бағытын, қоғамдық белсенділігін анықтайды.
JI.И. Уманский «қоғамдық белсенділік – топтық қызмет болып табылатын немесе оны үлгілейтін өмірлік және эксперименталдық міндеттерді тұлға мен топтың шешу үдерісінде ғана зерттеуге болатын қызмет» деп санайды.
А.Л. Уманский, Л.И. Уманский Н.Д. Левитов және т.б. белсенділікті лидерліктің негізгі сапасы ретінде бөліп көрсетеді.
Н.Д. Левитов «саналы ерікті белсенділікті» (батылдық, табандылық және инициативтілік) бөліп көрсетеді. Ол нақ осы белгілерді қажет кезінде «отқа да түсетін», күрделі және даулы жағдайларда өз бетінше шешім қабылдайтын нағыз белсенді адамның, яғни лидердің басты сипаттамасы деп санайды.
К.А. Абульханова-Славская белсенділікті кәсіби таңдауларды жүзеге асыру тәсілі арқылы құндылық бағдарды іске асыру сипатымен байланысты тұлғаның ерекше сапасы ретінде зерттейді. Оның пікірінше, белсенділік тұлғаның мінез-құлқында, қоршаған ортамен қарым-қатынасында, әлеуметтік-психологиялық ұстанымында байқалатын ішкі қозғаушы күшті ашуға мүмкіндік береді. Ол өзінің өзге адамдармен арақатынасын белгілеудің, өзін - өзі көрсетуі мен өзін-өзі бағалауының тұлғалық тәсілі ретінде көрінеді. Белсенділік дәрежесіне субъектінің мінез-құлқы, әртүрлі қызмет түріндегі табыстылығы мен тиімділігі, айналасындағылармен өзара қатынасы тәуелді. Ол тұлға белсенділігін қоғамдық қарым-қатынастардың дамуымен өзара байланыстыра отырып қарастырады. Белсенділік арқасында тұлға әлеуметтік талаптар мен нұсқауларға толықтай тәуелді болып қалмайды. Ол әлеуметтік-психологиялық қайшылықтарды шешу және өзінің басқа адамдармен арақатынасын белгілеудің жаңа тәсілдеріне ие болады. Осылайша өмірдің ықпалды жоспарын іске асыра отырып, белсенділік өздігінен іске асу формасына, уақытша жоспарда өз әрекеттерін жандандыру формасына, құндылық жоспарда өзін өмірде көрсету формасына ие болады. Тұлға белсенділігінің көзі, ғалымның пікірінше, тек таңдалған әлеуметтік рөлдің өзінің ішкі ұстанымына, өзіне, сәйкес шындыққа үйлесуі. Өзінің «Менін» көрсетуге, өзін адекватты немесе адекватсыз көрсетуге өзін-өзі сүю сезімі ықпал етеді. Ол қажеттілік жүйесінде тұлға белсенділігі мен даралығы арқылы қоғам мен басқа адамдардың пайдасы үшін іске асырылып, адамгершілік пен жауапкершілікті көрсетеді.
А.Г. Ковалевтің пікіріне сүйенсек, ерікті белсенділік логикалық сипатқа ие. Ерік сананың практикалық жағы болып табылады, ол тілектерді орынды жүзеге асырады. Ерікті белсенділік сипаты тұлғаның байқалу дәрежесіне байланысты. Бұл тұрғыдан психолог гетерономдық және автономдық ерікті белсенділік деп бөледі. Гетерономды белсенділік – бұл тұлға тек жоспарды ғана емес, сондай-ақ, іс-әрекет жоспарын алатын бұйрық бойынша жасалатын әрекет. Гетерономды белсенділік әдетте жеке ынтасы жоқ, ұйымдастырушылық сапаларын және ұжымды басқару дағдыларын игермеген адамдарда болады. Автономды ерікті белсенділік адамның өз бетінше әрекет істеуі деп түсіндіріледі. Тұлға белсенділігінің автономдылығы оның қоғамдық орнына, ұжымдағы рөліне байланысты. Сонымен бірге белсенділікті репродуктивтік және шығармашылық деп бөледі. Репродуктивтік белсенділік өз ынтасымен емес, дайын жоспар бойынша өзге біреудің жетекшілік етуімен жұмыс істеуді жөн көретін жалтақ адамдарға тән. Шығармашылық белсенділікбұл қабілеттері дамыған, өмір тәжірибесі бай әрі әртүрлі іске ресми түрде емес, үлкен сүйіспеншілікпен және жауапкершілікпен қарайтын» адамдардың сапасы. Тұлғаның өмірде өз орнын табуға, өзінің өмірлік ұстанымының дұрыстығын ұғынуға мүмкіндік беретін адамның барлық өмірлік жоспарының нәтижесі болып табылатын белсенділіктің маңызы ерекше екені анықталды. Демек белсенділік лидерлік сапаларының дамуының алғышарты болып табылады. Сондықтан тұлғаның белсенділіктерін арттыру кәсіби маңызды лидерлік сапаларының жан-жақты дамуына қажетті мүмкіндік жасайды. Төмендегі суретте жеке тұлғалық, лидерлік, кәсіби лидерлік сапаларының жіктемесі сипатталды.
Тұлғаның белсенділіктеріне байланысты лидерлік сапаларының жіктелуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет