2. Ықпал ету және билік формалары. Марапаттауға негізделген билік. Оң, дұрыс ықпалды нығайту арқылы әсер ету. Заңды билік. Дәстүр арқылы әсер ету. Эталондық билік (үлгі билігі). Харизма арқылы ықпал ету. Сараптау билігі.
3. Сендіру мен қатысу.
4. Лидерлік теориясына шолу. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл. Тәртіптілік тәсіл. Жағдайлық тәсіл.
Басшылық басқарудың маңызды компоненті болғанына қарамастан, лидерлер (жетекші қызметкер) үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешімді лидерлік ресми ұйымға да кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, бейресми ықпалды лидер ұжымның нашар жұмыс істеуіне және өнімнің сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.