Басқа адамның тәуелділігі не ғұрлым жоғары болса, со ғұрлым адамның билігіде үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: билік берілген А адамның Б адамға ықпалының денгейі Б адамның А адамға тәуелділігінің де деңгейінде де болады. Бұл билік балансы деп аталады.
Бағыныштылар билігі
Басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі бағыныштылар жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте өсу, өкілеттіліктерді кеңейту мәселелерге келгенде басқарушыға тәуелді болып қалады. Бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшаларға билік жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттар басқа адамдармен бейресми қарым-қатынастар сияқты мәселелерде басшы бағыныштының көмегімен ықпалына жүгінеді.