Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет23/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Он сегізінші: Құрбан заңы. Лидер кейін қайта алға жылжу үшін, шегіне білуі тиіс. (The Law of Sacrifice A Leader Must Give Up to Go Up)
Он тоғызыншы: Уақтылы Заңы. Қашан соңынан ерту керектігін сонымен қатар не істеу керек және қалай, қайда қозғалу керек екендігін білу. (The Law of Timing.When to Lead Is as Important as What to Do and Where to Go)
Жиырмасыншы: Секірмелі өсу Заңы. Өсуді көбейту үшін, ерушілерді соңыңыздан ертіңіз, ал өсуді бірнеше есе арттыру үшін лидерлерді ертіңіз. (The Law of Explosive Growth. To Add Growth, Lead Followers—To Multiply, Lead Leaders)
Жиырма бірінші: Мұра Заңы. Лидердің еңсерілмейтін құндылығы сабақтастықпен өлшенеді (The Law of Legacy. A Leader’s Lasting Value Is Measured By Succession)
Сонымен қатар Джон Максвеллдің 24 кітабының ішінде «Өзіңде лидерді тәрбиеле», «Лидерлер командасын құра», «Жеңімпаз ұстанымы», «Табыстан табысқа саяхат» т.б. еңбектері лидерлік сапаны дамытуға арналған.
Робин Шарма. Канаданың Жаңа Шотландия атты провинциясында дүниеге келген дүние жүзіне тұлғаның мотивациясын және лидерлік сапаларын дамыту жөніндегі ең танымал мамандардың бірі, жазушы, бизнес жаттықтырушы. Жас кезінде өзінің қалауы бойынша адвокат мамандығы бойынша білім алады. Кәсіби қызметінің қаржылай табысы көңілінен шыққанмен, ішкі дүниесінің қанағаттанбау себебінен қорғаушы қыметінен бас тартады. Робин Шарма белсенділігімен ерекшеленеді. Ол турлі спортпен айналысқанды ұнатады. Атап айтқанда триатлон, таэквондо, шаңғы тебу т.б. Ол шаңғы тебуді өмірде кездесетін қиын, соқпақ жолдардан өтумен салыстырады.
Қазіргі кезде Робин Шарма кітаптарымен бірге көптеген семинарлар өткізіп өз дәрістері арқылы көптеген адамдардың өмір сүру сапасын жоғарылатуына, лидерлік әлеуетін дамытуға өз септігін тигізіп отыр. Оның «Сіз өлген уақытта, кім жылайды?» «Өз Феррариін сатқан монахтан алынған жетекші болу туралы сабақтар», «Әрбір күнге шабыт», «Қасиетті Әулие, Серфингист және Директор», «Супер өмір! Нағыз өмірге 30 күндік сәт-сапар», «Титулсыз лидер» атты еңбектері тұлғаның кәсіби лидерлік сапаларының дамуына, әр адамның өмір сүру салтын жақсы жаққа қарай өзгертуге ықпалы зор.
Робин Шарма әрбір адамның лидер болуға қабілетті екенін айта отырып, лидерліктің қалыптасуының 6 кезеңін ұсынады
1. Ойлау әдісі. Сен өзің және әлем жайлы өзіңе айтатын оқиғалар, сенің түсіндіруің. Бұл әлем қалай жұмыс жасайтыны жайлы сенімің. Не істеу керек және нені істеуге болмайды? Сен не жасауға міндеттісің және не істей аласың, бұл сөздердің арасы тым алшақ. Себебі, саған жаттығу жасау керек болса – сен оны жасайсың. Ал егер «жаттығуды жақсы жасау керек болса» - сен оны өмір бойы жақсы жасамауың мүмкін.
2. Дағдылар. Бұл үйреншікті әрекеттер жүйесінен тұратын өмір. Егер сенде «жаттығу дағдысы» немесе күнделікті «білім алу дағдысы» болса, сен бір жылдан соң басқа адамға айналасың. Ал егер сенде «кофе ішу дағдысы» немесе «сериал көру дағдысы» болса, онда сол баяғы қалпыңда қала бересің.
3. Арман. Лидерде «бастан кетпейтін ойы» болады. Жай ғана «арман» емес ... Ол көп адамда бар. Нақты айтқанда «жабысқақ ой» - таңертең ерте сағат 5-те тұрып, өзін де, тіпті өзгені де кейде қинай отырып күні бойы әрекет етуге мәжбүрлейді. Лидер өз арманына бар күш – жігерімен әрекет етеді. Оны тоқтату мүмкін емес.
4. Қоршаған орта. «Қоршаған ортаның» үш түрі бар. Орын – Ақпарат – Адамдар.
Лидер өзінің шығармашылығы мен жұмысына қажетті орын жасап алады. Лидер ақпаратты сараптай отырып, өзіне көмектесетін, шабыттандыратын және білім беретін мәліметтерді ғана қабылдайды. Бос және оны әлсірететін ақпараттарды қабылдамайды.
Адамдар – сенің қандай екенің жаныңдағы адамдардан көрінеді. Лидер тек оны шабыттандыратын және алдыға қарай ұмтылуға, жақсы болуға ынталандыратын адамдармен араласады. Егер айналаңда тек жолы болмайтындар ғана болса - youtube және кітаптарды пайдаланыңыз. Әлеуметтік желі және кітаптар арқылы СЕН күнделікті әлемнің ең озық адамдарымен араласа аласың!
5. «Өнім» жасау немесе жеке табыстылық. Лидер өз арманын жүзеге асыру үшін қажетті нәрселерді орындауы керек. Мысалы, мен кітап жазамын және білім беретін бағдарламалар жасаймын, яғни менің жүйем шын жұмыс жасайтындығына мен жеке өзім кепіл, өнеге болуым керек. Сондықтан да мен күнделікті үйрететін материалдар жасап және онымен өзім жаттығуым қажет. Бұл менің жеке табыстылық дағдым дамыған кезде ғана мүмкін. Уақытты басқару, зейін қою және ойын бір жерге шоғырландыру. Бұл әлемде бірнәрсе ойлап тапқысы келген әрбір адам (лидер), адамдар үшін пайдалы нәрсе жасауы қажет. Ол үшін өнімді, нәтижелі және табысты адам болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет