Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


Сапа және лидерлік сапалар теориясы



бет25/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Сапа және лидерлік сапалар теориясы.

Философияда сандық өзгерістен сапалық өзгеріске өту – табиғаттың, қоғамның дамуының маңызды заңдылықтарының бірі, диалектикалық тәсілдердің құраушы сипаттарының бірі. Ескі сападан жаңаға өту бірте-бірте көшу жолымен жүзеге асса, ескі сапаның элементтерінің бірте-бірте сатылай жоғалып, жаңа сапаның элементтерінің жинақталуы жолымен іске асырылады.


Заттың, құбылыстың немесе үдерістің өзгерістеріне сәйкес түбегейлі трансформацияны көрсететін әрбір заттың, құбылыстың немесе үдерістің айқындылығы сапа деп аталады.
Сапа – құзіреттіліктің аса жоғары деңгейі ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік әдепке бағытталған, сапаның талаптарына сәйкес келетін, эстетикалық құндылықтардан шығатын талпыныс пен қайраттылық. Сапа адамды жоғары не төмен дәрежеде сипаттайды.
Р.Н.Нурғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов және Ж.М.Әбілдиндердің редакциясымен әзірленген философиялық сөздікте сапа ұғымына былай анықтама берілген: «Сапа – дегеніміз заттың барынша өзіндегі, соның нәтижесінде ол басқа зат емес және басқа заттан өзгеше сол заттың өзі болып қалады» Адамның рухани тұрғысынан тұлғаның сапасын оның ойлау жүйесін, өмір қалпын, қарым-қатынас сипатын, қызмет стилін және мінез-құлық мәдениетін анықтайды. Бүгінгі таңдағы ғылыми әдебиеттерде жеке тұлға сапасының үш қыры қарастырылған: зияткерлік-адамгершілікті (рухани); тәжірибелік әрекеттерді анықтайтын мінез-құлықтық; эмоционалды-бағалаушылық (әлемге және өзіне деген қарым-қатынасы). Осыдан тұлғаның сапасы нақтыланады – мінез-құлықтық уәждемелері мен тәсілдерінің синтезі (жинағы), таным мен мінез-құлықтың бірлігі.
Таным - зияткерлік сапаларды қамтиды, ал мінез-құлық – адамгершілікті, олардың байланысы эмоционалдық-жігерлілік сапаларымен анықталады.
Сапалы білім алған мамандардың тек кәсіби сапаларын ғана емес тұлғалық сапаларын да қамтамасыздандыру бәсекеге қабілеттілікке алып келетіндігін айтады.
Сондықтан білімнің сапасы – көп аспектілі құбылыс, олай болса осы саладағы аспектілер сапа туралы емес сапалар туралы айтқанды дұрыс көреді. Философиялық көзқарастар тұрғысынан жарық көрген еңбектерге талдаулар білімінің сапасын мынандай құрылымдардан тұрады:

  • адамның сапасы

  • мазмұнның сапасы

  • білім беру технологияларының сапасы

Бұл жоғарыда көрсетілгендердің әрқайсысы күрделі құрылымдарды қамтиды.
Адамың сапасы – күрделі категория. Шартты түрде адамның сапасын бір-бірімен байланысты мынандай құрылымдарды қарастыруға болады:

  • адамның әлеуметтік-жүйелілік сапасы. Мұнда маман өзі өмір сүретін ортасымен қоғамда азаматтық позициясы мен патриоттық көзқарастары арқылы ерекшеленеді және сол әрекеттері арқылы қаншалықты сапалы даярланғандығын маман тұрғысынан байқатады;

  • құндылық бағдары байқалатын адамның құндылық-дүниетанымдық сапасы, дүниетанымның типтері мен оның тұтастығы т.б. Бұл маманның өмірлік позициясы мен құндылық бағдары негізіндегі іс-әрекеті мен мінез-құлқының сипатында көрініс береді;

  • адамның рухани-адамгершілік сапасы, ол құндылық-дүниетанымдық сапасымен байланысты болып, адамның яғни тұлғасының рухани-адамгершіліктік жүйесі арқылы мінез-құлқынан көрінеді; адамның психологиялық мотивациялық сапасы оның психикалық даму деңгейімен көрінеді. Қарым-қатынасы мен іс-әрекеттегі ішкі түрткі, себептері оның адами сапаларын айқындайды;

  • адамның дене даму сапасы оның денсаулғымен, физикалық шыдамдылығымен т.б. байланысты анықталады;

  • интелектуалдық даму сапасы адамның ақылы мен парасаттылығы, интелектісі жағынан дамуы арқылы сипатталады. Оған ең алдымен ойлау сапасы, білім бойынша алгоритмді білуі, жіктеу, жүйелеу, танып білу, болжау, синтез бен анализ және т.б. жатады.

Қазіргі заманда еңбек ұжымы мен мамандар сапасын айқындауда денсаулықтың мықтылығы, салауатты өмір салтын сақтау, ой салауаттылығы мен тән сауаттылығы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сондықтан, деннің саулығы немесе денсаулыққа көңіл бөлу мен күтім жасау бәсекеге қабілеттілік қасиеттердің бірі және құзіреттіліктің көрсеткіші.
Отандық ғалымдар А.А. Бейсенбаева, Қ.Т.Атемова осы сапалармен қатар адамның сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейі маман сапасының көрсеткіші деген пікір білдіре келе, адам сапасын білдіретін қасиеттер жиынтығына тоқталады: ойын жеткізе білу; еркін сөйлеу мен көпшілікті өзіне баурап алу қабілеті; ой мен сөздің біртұтастығы және т.б. қасиеттер кәсіби лидердік сапалар.
XX ғасырдың 1940 жылдары ғалымдар эмперикалық зерттеулердің нәтижесінде жинақталған тұлғалық мінез-құлықтары немесе лидерлік сапалары ара қатынасының көптеген фактілерін атап айтқан. Мысалы, Р.Стогдилл лидердің тұлғалық сапаларын толықтай зерттеп, кәсіби лидерге тиесілі бірнеше сапаларды көрсеткен:

  • Ақыл-парасаттылық;

  • Білімге деген талпыныс;

  • Жауапкершілік;

  • Сенімділік;

  • Белсенділік;

  • Әлеуметтік қатысушылық.

Лидерлік сапа теориясының қалыптасуына ықпал еткен ғалымдардың идеяларын төмендегі кестеден көруге болады.







Авторлар

Теорияның мәні

Лидерлік сапалар

1

1.Р. Стогдилл

Лидерге тән негізгі бес сапаны бөліп көрсетеді

Ақыл мен интеллект, басқаға билік жасау немесе басым болу, өзіне сенімділік, белсенділік

2

2. О.Тид



Лидерлер сәйкестендіруші дағдыларды меңгерулері тиіс

Төзімділік, ұйымның міндетін және оның іс-әрекетінің бағыттарын түсіну, энтузиазм, достық және құштарлық

3

3. Э. Гизелли

Лидердің маңызды сипатта-рын үш топқа бөледі: тұлға-лық; сипаттамалық, мотивациялық

Авторитарлық икемділіктері, кәсіби жетістіктері, білімділік деңгейі, өзіне деген сенімділік, шешім қабылдағыштық, қорғануға қажеттіліктің жоқтығы, өзін-өзі танытуы

4

4. Г.Юкл

Жетекшіге тән негізгі жеті сапалар

Креативтілік, сендіру қабілеті, дипломатиялық қабілеті, әдептілік, шешендік дарыны

Аталған ғалымдардың теориясында лидерлік батырлық, жетекшінің дарындылығы, басшы ретінде қарастырылып, онда лидердің айналасындағыларға күшті ықпал ету біліктілігі (харизма), тартымдылығы, күші секілді сапаларды меңгеретіні ашып көрсетіледі. «Лидерлік сапалар» тұжырымдамасының негізін қалаушылардың бірі Е.Богардус микроорта деңгейінде әртүрлі әлеуметтік топтардың лидерлігін зерттеумен айналысты. Ол лидердің бойында болуы керек көптеген лидерлік сапалар: ақыл, әдеп, әзілді түсіне білу, өр мінез, болжай алу, жігер, т.б. деп анықтады.


Шетел психологиясында XX ғасырдың 60-70 жылдарында персоналистік (қызметкерлік) және функционалдық (жағдаяттық) тұжырымдамалар лидерліктің анағұрлым көп тараған концепцияларының бірі болды
Лидерлік – тұлғаға тән сапа, себебі адамның барлық өмірі әлеуметтік контексте өтетіндіктен, ол құрамы әртүрлі топтарда өмір сүреді және ресми немесе биресми лидерлердің әсерін (отбасының үлкендері, мұғалімдер, тренер, т.б.) басынан өткізеді.
Американдық философ Джим Рон «...нағыз лидерлер – отбасында немесе қызметінде өзінің талантымен, тәжірибесімен және мүмкіндіктерімен басқа адамды өзіне тартатындар. Егер Сізде ынта-жігер болса, соны біреу байқап Сізге өзіңізді танытуға мүмкіндік берсе, Сіз өзіңіздің қабілетіңізді жүзеге асырып, лидер бола аласыз» деп тұжырымдайды.
Б.Д. Парыгин лидердің әлеуметтік-психологиялық сапаларын бөліп көрсетеді: инициативтілік пен белсенділіктің жоғары деңгейі, ұйымдастырушылық іс-әрекет тәжірибесі мен дағдысы, топтық мақсатқа жетуге қызығушылық, топтың істері туралы хабардарлық, көпшілдік және тұлғалық тартымдылық, топтағы лауазым мен бедел, мақсаттылық, өзіне сенімділік, харизматикалық, өзіндік бағалау, жауапкершілік.
Лидерлік сапалар сан алуан жағдайда байқалатынын және салыстырмалы сипатқа ие екендігін төмендегі кестеден көруге болады.

Ғылыми айналымдағы лидерлік сапалар







Зерттеушілер

Лидерлік сапалар

1

2

3

1

Уманский А.Л және т.б.

Жалпы сапалар (лидер әрекетінің тиімділігін арттыратын сапалар) және өзіндік ерекше сапалар (ұйымдастырушылық, қырағылық, адамды, оның жан дүниесін түсіну қабілеті, жеке ерекшеліктеріне қарай әрбір адамға орын табу; белсенді психологиялық ықпал ету қабілеті) т.б.

2

Рожков М.И. және т.б..

Өзін-өзі басқару қабілеті: айқын мақсаттың болуы, мәселені шеше білу, басқару міндеттерін шығармашылықпен шешу, ұйымдастыру әрекеті және ұйымдастырушылық ерекшеліктері, тұлғаның өзіндік ұйымдастырушылық сапасының болуы т.б.

3

Б.Д.Парыгин, Н.С.Жеребова, А.А.Ершов, Г.К.Ашин, Д.В.Беспалов және т.б.

Шағын әлеуметтік топты ұйымдастыру және басқару біліктілігі, топ мүшелерін өзінің жанына ұйымдастыру қабілеті, топтық нормалар мен құндылықтарға сәйкестік, ұйымдастырушылық қабілеттері, лидердің тұлғаралық қарым-қатынасқа икемділігі т.б.

4

У Беннис және т.б.

Қиялдауға (елестету) бағыттау, ішкі құштарлық, тұлғаның тұтастығы, сенім, білуге құмарлық т.б.

5

Р.Стогдилл және т.б.

Ақыл немесе интеллектуальдық қабілеттер, басқаға билік көрсету, өзіне деген сенімділік, белсенділік, жігерлілік, істі білу т.б.

6

Д.Майерс және т.б.

Өзіне деген сенімділік, қалаған ісінің талаптары туралы сенімді түсініктердің болуы және ол туралы айналадағыларға айта білу, қарапайым және түсінікті тілмен хабарлау қабілеті, өзінің адамдарына оларды шабыттандыру үшін сенімінің болуы, болашаққа үмітпен қарауы, адалдық, көнгіштік, бірегейлік, қайраттылық, ұқыптылық, эмоциялық тұрақтылық т.б.

7

Е.В.Андриенко және т.б.

«Көпшілдік», басқаға бағытталушылық, ынтымақтастыққа икемділік, эмпатия, өнегелік, сабырлылық, эмоциялық тұрақтылық, жаңа рөлді меңгеруге икемділік, шеберлік, жоғары интеллектуальдық икемділік, сыншылдық және ойлаудың жылдамдығы, шешендік, суырып салмалық, өзіндік сын, дербестік, инициативтілік т.б.

8

Первин, Джон, Р.Хоган және т.б.

Экстраверсия (қайсарлық, қайраттылық, жігерлілік, белсенділік), невротизм (эмоциялық тұрақтылық, сенімділік), саналылық (жинақылық, жауапкершілік, сенімділік, батылдық), ақкөңілділік, ізгіниеттілік (ынтымақтастыққа икемділік, өзімшіл еместік, мейірімділік) т.б.

9

Р.Л.Кричевский және т.б.

Интеллект, білімге талпыну, басымдылық, өзіне сенімділік, эмоциялық байсалдылық, сабырлылық, креативтілік, жетістікке талаптанушылық, іскерлік, сенімділік, жауапкершілік, тәуелсіздік, көпшілдік т.б.

10

А.В.Петровский және т.б.

Интеллектуальдық қабілеттер: ақыл мен логика, парасаттылық пен пайымдылық, алғырлық пен зеректік, сонылық, концептуальдық, білімділік, істі білу, тілдің дамуы, әуестік, танымдылық, интуитивтілік, өз жауапкершілігін алу, ұйымдастырушылық біліктілігі, сендіру біліктілігі, өзін өзгерту біліктілігі, адамды тани білу біліктілігі т.б.

11

А.Лукьянов және т.б.

Өз өмірінде лидер болу, болашақты елестету, ашықтық, ерлік, табандылық, жігерлілік, заттарға позитивтік көзқарас, басқаны тыңдай білу біліктілігі, зерделік және сынилық, көңілділік, сенімділік және тыныштық, икемділік және сезімталдық, нәтижеге бағдарланушылық, өзінің қатесін мойындау және түсіну, үнемі үйренуге талпыну қабілеті, дұрыс өзіндік бағалау т.б.

12

Робин Шарма және т.б.

Өзін, өзінің құндылықтарын білу; болашаққа сену, құштарлық, тәуекелге дайындық, дамуды қадағалау, нәтижені бағалау, қажырлылық, мақсатты қоя білу, кәсіби білім, өзіне сенімділік, табысқа жету тілегі, танысу біліктілігі, қажетті адамдармен тілдесу, қанағаттану сезімін алып келетін іспен айналысу, жағымды қатынас, мейірбандық, тілектестік, түйсікке сену, уәдені орындау біліктілігі, әділдік және ашықтық, зейінділік, басқаны мотивациялау және шабыттандыру қабілеті, қамқорлық пен мейірімділік, өзгенің жетістігін құрметтеу біліктілігі, ұстамдылық т.б.

13

Л.С.Вечер және т.б

Данышпандық, ақылдылық, жігерлілік, табандылық, әділділік, өзін-өзі тану, айту және тыңдау біліктілігі т.б.

14

В.В.Вахнина, Эдейр, А.Л.Уманский және т.б.

Жүйелілік дағдылары: байқампаздық, мақсаттылық, өзгеріске сезімталдық, икемділік, мақсатқа бағыттылық, табандылық. Коммуникативтілік дағдылар: мотивациялай білуі, шабыттандыру, сенімділік, коммуникативтілік. Ішкі қабілеттер: өзіне сенімділік, өжеттілік, адалдық, тыныштық, энтузиазм (ынталылық пен құлшыныс), жылулық, белсенді психологиялық әсерге қабілеттілік, ұйымдастырушылық жұмыстарына қабілеттілік т.б.

Сонымен ғалымдар лидерлік сапаларды лидерлік функцияларды табысты орындауды қамтамасыз ететін, топпен өзара әрекеттесу қабілеттерінің жиынтығы деп санайды. Лидерлік қабілеттер адамның іс-әрекетінің белгілі түрлерін табысты орнындауға дайындығын көрсететін жеке-психологиялық ерекшеліктері деп түсіндіріледі. Осыған байланысты тұлғаның лидерлік сапаларын төмендегідей бөліп көрсетуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет