Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет27/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Лидерлік және басшылық феномені
Лидерлік және басшылық лидерліктің құрылымын, мазмұнын сипаттайтын лидерлік феноменін көрсетудің формасы.
Феномен – сезім мүшелерінің көмегімен түйсінілетін құбылыс. Философия тарихында феномен ұғымы адамның пайымдау тәжірибесіне сай: мән мен идеяның көрінісі
Лидерлік және басшылық феномені. Қазіргі жағдайда лидерлік арқылы жүзеге асырылатын адамдарды басқару әлеуметтік тұрғыдан қолайлы және тиімді болып табылады. Нарықтың қоғамда осы екі рөлді бір адам орындаса онда күтілетін нәтиженің оңтайлы және өте тиімді болатыны сөзсіз, алайда бұл сирек кездесетін жәйт.
Ағылшын тіліндегі «leadership» сөзі, қазақша «лидерлік» немес «басшылық ету». Жоғарыда келтірілген айырмашылықтардан «басшылық» және «лидерлік» ұғымдарынан төмендегідей анықтамалар туындайды.
Басшылық - дегеніміз басшыға мемлекет немесе топ берген билік негізінде (басшы сайланатын жағдайда) басшы жүзеге асыратын құқықтық ықпал ету үрдісі.
Басшылық – бұл белгілі дәрежеде топтағы басқару және бағыну рөлдерін бөлу тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Басшылық құқықтық қарым-қатынастардың, әлеуметтік бақылау және әкімшілік тәжірибенің қағидаларына негізделеді. Ал лидерлік – бұл адамдардың бір бірін қабылдау, сендіру, түсіну негізінде жүзеге асырылатын олардың бірлескен өмір сүру кезінде бір адамның басқаларға психологиялық әсер ету үрдісі болып табылады. Лидерлік – топтың белгілі мүшелерінің нағыз психологиялық сипаттамасы. Лидерлік еркін қарым-қатынас жасау, өзара түсіну және бағыну еркіндігі қағидаларына негізделеді. Осылайша, басқару қызметін, осы сөздің кең мағынасында тек басшы емес, сонымен қатар лидер де жүзеге асыра алады.
Ресей философы және психологі - Борис Дмитриевич Парыгин ғылыми әлеуметтік психологияның негізін қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор лидер мен басшы, лидерліктің және басшылықтың арасындағы төмендегідей айырмашылықтарды көрсетеді:
- лидер негізінен топтағы тұлғааралық қарым-қатынастардың реттелуін жүзеге асырады, ал басшы белгілі бір әлеуметтік ұйым ретіндегі топтың ресми қатынастарының реттелуін жүзеге асырады;
- лидерлік – микроортаның бөлігі, басшылық – макроортаның бөлігі, яғни ол қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жүйесімен байланыста болады;
- лидерлік кенеттен пайда болады, ал басшы тағайындалады, немесе сайланады, яғни басшыны белгілеу үдерісі мақсатты болып табылады;
- лидерді белгілеу көбіне топтың жағдайына байланысты болады, ал басшылық ету тұрақты құбылыс;
- басшы лидердің бойында жоқ белгілі санкцияларға ие болады;
- басшы шешім қабылдау үдерісі едәуір қиын және міндетті түрде осы топта туындаған түрлі жағдайлар мен ойларға жанама түрде қатысты болады, лидер топтың мүдделеріне негізделе отырып, тікелей шешім қабылдап отырады;
- лидердің қызмет саласы – негізінен кіші топ, сол топтың лидері болады, басшының қызмет ету саласы едәуір кеңдеу, өйткені ол кішігірім топтың мүдделерін едәуір кең әлеуметтік жүйеде білдіреді.

Б.Д.Парыгиннің басшылық және лидерлікті салыстыруы.





Іс-әрекет

Лидерлік

Басшылық

Нені реттейді?

Іскери емес сипаттағы тұлғааралық қарым-қатынастарды

Әлеуметтік институт аясында институционалды қатынастарды реттейді

Қандай жағдайда анықталады?

микроорта

макроорта

Қалай пайда болады?



Кенеттен



Сайланады, тағайындалады

Қандай қызмет атқарады?

  • Ресми емес басшы рөліне белгілі бір жағдайларда шығарылатын топ мүшесі.

  • Әлеуметтік ұйымдар мен институттардың тұтас жүйесінің мақсатты және бақыланатын қызмет нәтижесінде.

Топтағы қарым-қатынастардың ахуалы мен өзгерістеріне қандай дәрежеде байланысты болады?

Аса тұрақты емес

Тұрақты

Өз санкцияларын қалай пайдаланады?

Анықталмаған

Нормалар аясында пайдаланылады.

Беделдің негіздері

Жеке әсер етуге негізделген

Ресми мәртебемен анықталған

Шешімді қабылдаудың сипаты қандай?

Көбіне тура сипатқа ие



Жанама сипатқа ие



Қызмет саласы қандай?

  • Ортақ мақсаттарға тез және сәтті қол жеткізу үшін адамдардың бірігіп, ұжымның ұйымдасуын қамтамасыз етеді




Басшылық қызмет ету саласы кең. Психологиялық климатты, КТС жүйесін басқару, сыртқы байланыстарды қолдау қажеттілігі қарастырылады.

Сонымен басшы белгілі органмен қызметке, лауазымға тағайындалатын тұлға. Ал лидер адамгершілік сапаларымен, көптің қалауымен сенімге ие болған тұлға, яғни басшылық – қызмет, ал лидерлік – сапа.


Кез-келген мемлекеттің дұрыс бағытта дамып, өркендеуі әлеуметтік бірлестіктер, ұйымдар, мекемелер, түрлі салалар бойынша қызмет атқаратын кадрлардың кәсіби сапаларына байланысты. Дегенмен кәсіби, сапалы мамандардың еңбек әлеуетін, тиімді пайдаланып, дұрыс бағыттап, іс-әрекетті ұйымдастыру басқару органына тікелей байланысты. Жұмысты дұрыс ұйымдастырып, шебер басқара білген басшы өзі басқарып отырған бірлестіктің өркендеп, дамуына елеулі үлес қоса алады деген идеяны XX ғасырдың аяғында Р.М. Қоянбаевтың қазақ тілінде екінші болып шыққан «Педагогика» оқулығында басқарудағы лидерлік және басшылық феноменін көруге болады.
Р.М. Қоянбаев Педагогика оқулығының «Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты бөлімінде басқару және ұйымдастыру мәселелерін:

  1. Қазақстанда білім беру жүйесі;

  2. Мектеп педагогикалық процесті басқарудың орталығы

  3. Қазіргі кездегі мектеп басшысының ролі

  4. Мектеп жұмысын басқаруда халық педагогикасының кейбір мәселелері деп бөліп қарастырған.

Р.М. Қоянбаев мектепшілік басқару жүйесінің ғылыми анықтамасын: мектепшілік басқару жүйесі - өзара әрекет арқасында басқару функцияларын жүзеге асыруға және басқару объектісіне оларға сәйкес әсерлерге мүмкіндік болатындай өзара байланысты элементтердің (құрамалардың) жиынтығы» дейді. берген. «Қазіргі кездегі мектеп басшысының ролі» деген үшінші бөлімінде мектеп басшысы және оған қойылатын талаптарды және басқарудың әдістері мен стилдерін көрсеткен.
Ғалым белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығын меңгерген адам ғана жақсы басшы бола алады деген ойын былай баяндаған: «Мектеп - қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократиландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады, идея жағынан шынығады. Осыған орай мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруландырады, оқу-тәрбе жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзыретін, дербестігін, ынтымақтастығы мен жауапкершілігін артуына ықпал етеді. Сондықтан мұғалім мектеп басшысына бағынышты болмайды, ол қажымайтын ізденуші, шындық үшін курескер адам». Басқару – бұл ғылым емес, ол өзгеше бір өнер. Басқарушы – бұл әртіс десек те болады, оның қызметі туа біткен дарынына негізделеді. Демек қазіргі кезде сайланған қызметте тек басшы болып, отыру қоғамды қанағаттандырмайды. Ресми қызметке сайланған басшылардың да лидер болуы еліміздің өркениетті дамуына әкелетіні сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет