Кәсіби шығармашылық факультеті Дене шынықтыру кафедрасы МӘнжазба тақырыбы


IV.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы



бет4/6
Дата18.05.2023
өлшемі53,67 Kb.
#177110
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дш реферат 1

IV.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. Дене шынықтыру жаттығулары ең басты құрал болып табылады, жаттығуларсыз адамның физикалық потенциалына әсер ету мүмкiн емес. Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; - қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары: Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар: 1. Жалпы дене дайындығы. 2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық. 3. Спорттық дайындық. Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады. Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз. Дене тәрбиесi екі бағытта түсіндіріледі: қозғалыс іс-әрекетіне үйрету және физикалық (қозғалыс) қасиеттерiн дамыту, бұл жұмыстардың арқасында адамға өмір сүру процесінде қажет болатын қозғалыс дағдылары қалыптасады. Дене тәрбиесi жүйесiнің мақсаты - адамның дамуына, оның әлеуметтік маңызы бар қызметтерді орындап, қоғамдағы жаңа құрылымдарға белсенді қатысуына әсер ету. Бұл мақсаттар келесі топтар арқылы жүзеге асады: ■ сауықтыру; ■ білім беру; ■ тәрбиелеу. Сауықтыру тобына келесі міндеттер кіреді: адам орга- низмінің морфофункционалды көрсеткіштерін жоғарылату (жүйенің құрылымына да, жүйесіне де қатысы бар); физикалық қасиеттердiң жас ерекшеліктеріне сай дамуын қамтамасыз ету; организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерiне төзімділігін күшейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет