V.Қорытынды: Қорытындылай келе,дене шынықтыру – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін ептілікті, жылдамдықты т.б. дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың әсем, байсалды, табиғи болуын қалыптастырады.Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процессінде салауатты өмір салтын сақтау кеңінен насихатталуда, валеология сабақтары өткізілуде, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы курстар оқылып, барлық мектептерде психологтар, медицина қызметкерлері баланың денсаулығын,
психофизиологиялық жағдайы мен әлеуметтік деңгейін зерттеп, ескеруді жақсарту жұмыстарын жүргізуде.Оның адамдар үшін қоғам үшін пайдасы өте зор.Барлық адамдар дене шынықтыру саласына бей -жай қарағаны дұрыс емес деп ойлаймын. Дене шынықтыру ең алдымен,адамдардың өздері үшін ,денсаулықтары үшін өте пайдалы болып табылады. Сондықтан қоғамды дене шынықтырумен айналысуға шақырамын.
VI.Глоссарий Дене тәрбиесі – қозғалыс жүйесіндегі тәрбие түрі, арнайы дене шынықтыру білімін игеру, физикалық сананы тәрбиелеу.
Дене мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, дене тәрбиесінің жетістік бөлігі.
Саяхат – дене тәрбиесінің бағалы бөлігі, адамдардың табиғаттағы демалысы.
Гимнстика – денсаулықты нығайту мақсатында қолданылатын негізгі физикалық жаттығулар жүйесі.
Төзімділік – ағзаның белгілі бір уақытқа жұмыс жүктемесіне төзуі.
Күш – адамның сыртқы күш әсеріне төтеп беруі.
Жылдамдық – адамның белгілі бір әсерге аз уақыт жұмсауы.
Иілгіштік – адамның үлкен амплитудамен қозғалыс жасауы.
Шапшаңдық – адамның жаңа қозғалысты тез игеруі және бейімделуі.
Техника-тактикалық дайындық – бұл негізгі қозғалыс бейімдерін шығармашылық жағынан игеру.
Көкпар – ат үстіндегі ойын.
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес.
Тоғыз-құмалақ – арифметикалық ойын.
Физикалық дайындық – дене тәрбиесінің жан жақты негізгі бөлімі. Күш – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсету.
Жылдамдық – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекет;
Төзімділік – адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу;
Икемділік – адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу;
Ептілік – адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу;
Алаң – бір ойынға арналған орын;
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық білімммен қаруландыру;
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі
Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру.
Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижеге спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.
Спорттық нәтиже – спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ол жалпыға белгілі өлшемдермен \кг, м, с. Немесе балл, ұпай және т.б.\ немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді.
Спорттық машықтану – белгілі бір мерзім аралығындағы спортшы көрсеткіштерін қорытындылайтын, оған берілетін тұрақты мінездеме