Кәсіби шығармашылық факультеті Дене шынықтыру кафедрасы МӘнжазба тақырыбы



бет2/6
Дата18.05.2023
өлшемі53,67 Kb.
#177110
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дш реферат 1

II.Негізгі бөлім: Дене шынықтырудың пайда болу және даму тарихы: Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорттүрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады.
1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.
Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.
1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрiнен қатысты. Бұл олимпия ойынында жерлестерiмiз 8 алтын және 2 күмiс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальдi иемдендi. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күмiс және 7 қола медальдi алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпiров, Ш.Серiков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлi дәрежедегi 18 медальдi иелендi. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мұнда 11 спорт түрiнен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртiншi орынды иелендi. Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркiн күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресi), О.Шишигина (жеңiл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлерi атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесiншi орын алды. Олардың үлесiнде барлығы 78 медаль (оның 24-i алтын) болды. Чемпион атанғандардың iшiнде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нұрмағамбетов (ескек), Б.Байсейiтов, С.Матвиенко (грек-рим күресi), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович, С.Арзамасов (жеңiл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Дiлдәбеков (бокс) сынды спортшылар бар. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестерiмiз 76 медаль алды. Командалық есепте бесiншi орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресi), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңiл атлетика), Н.Кәрiмжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) қ-нда өткен 26-олимпия ойындарында Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күмiс және 4 қола медальға ие болды. Олимпияға қатысқан 197 елдiң iшiнде Қазақстан 24-орынды иемдендi. Ю.Мельниченко (грек-рим күресi), А.Парыгин (бессайыс), В.Жиров (бокс) тәуелсiз мемлекетiмiздiң тұңғыш чемпиондары болды. Сиднейде (Австралия) өткен 27-олимпия ойындарында (2000) қазақстандықтар 3 алтын, 4 күмiс медальдi иемдендi. Олимпияға қатысқан 199 елдiң iшiнде Қазақстан спортшылары 22-орында тұрақтады. Бұл олимпия ойындарында Е.Ибрайымов, Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды. 2001 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған 1-жазғы спартакиада өттi. Бұл бәсекеге елiмiздiң миллионнан аса тұрғыны қатысты. Бәсеке қорытындысында Оңт. Қазақстан обл-ның өкiлдерi (4430 ұпай) бас жүлденi еншiледi. Алматы қ-ның спортшылары екiншi (4272 ұпай), қарағандылықтар үшiншi (3658, 33 ұпай) орынға шықты.
Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтiп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбiр мектептерде пән ретiнде оқытылады.
Спорт базалары. 2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда 291 балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi болды. Оның iшiнде олимпиялық резервтi дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады. Бұлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), iрi халықар. жарыстарда жоғары жетiстiктерге жеткiзу мақсатында құрылған спорттық элита 6 мектебi (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жұмыс iстейдi.
Қазақстан кәсiпорындары мен мекемелерiнде 11,3 мың дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлi секцияларда дене шынықтыру және спорттың әр түрлi салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейiп келедi. 2002 жылғы мәлiмет бойынша республикада 26019 спорт құрылыстары тiркелген. Оның iшiнде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешенi, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт манежi, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшiлер жүзетiн каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секiретiн тұғыр, 13 спорттық мұз айдыны және 142 теннис корты бар.
Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары: 1) ақиқатты тексеріп, айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану; 2) тәрбиелеу мен үйретуде тұлғаның құқықтарын мойындау.
XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға «жоғарыдан» берілетін терең, «жұмбақ сырлы» даналығы да жоқ емес.
Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.
Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.
Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп, крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға мәжбүр болады.
1690 жылы ол «Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар» деген педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек деген пікір білдіреді.
Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді: балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру, күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.
Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді: Германияда «филанторпиндер» мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.
Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.
Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.
Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін негіздеген. «Дене жатттығулардың мақсаты,- дейді Фит, -барлық қимылдарды жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру».
Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.
«Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс,- дене жаттығуларымен жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс. Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды».
Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай ретте келеді:
1. Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам).
2. Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым); еселенген адым (10 адым); жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым); жүгіру – жылдам, созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай (тауға).
3. Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.
4. Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас). Күрделі шайқас барлық үлгілерді біртұтас жиынтыққа біріктіру.
5. Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда, қанатта.
6. Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру; жатқан ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру; конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.
Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.
П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- «Гимнастиканың бастапқы негіздері немесе «турнен өнері» атты тұңғыш шығармасы басып шығарды. Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция, Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.
Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар; қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар енгізді.
Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге енгізілді. Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа дейінгі ұлдардың барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру «Даниядағы гимнастиканың 1799-1830 ж.ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі» деген тақырыппен жарық көрді. Нахтегаль мынандай еңбектерін басып шығарды: «Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға алғыссөз», «Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы».
Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды. Гимнастика дамуындағы Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша жаттығулар бүкіл германияда таралды. Неміс университетінде олар кенінен таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.
Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен жүйелейді: а) тіреуіштегі жаттығулар; б) «сермеу» жаттығулары; в) ілініп тұрудағы жаттығулар; г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді; 1) ілініп тұрудағы жаттығулар, 2) тіреуіштегі жаттығулар, 3) «сырыққа сермеу»; 4) сырықта «отырған және жатқан қалыпта» жасалатын жаттығулар; 5) күрделі жаттығулар; 6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс. Шписс жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның «Гимнастика жөніндегі ілім. Еркін жаттығулардағы гимнастика»; «Жалпы жаттығулардағы гимнастика»; «Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика бойынша кітап» деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де , қыздар үшін де жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады. Бұл жерде Шписс дене жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға төмендегідей оқу материалдары ұсынылған: реттік (саптық) және еркін жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар; тереңге секіру, сырықпен және «текеден» секірулер; тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар; «ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу» түріндегі жаттығулар: күрес, лақтырулар, жүзу және ойындар.
Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және перекладинада орындалатын жаттығулар, «ат» және «текеден» секіру, сырықпен секірулер, нысанаға лақтыру, т.б. Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды, тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді. Сондықтан жалпылама түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін, игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді. Дене тәрбиесін оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене жаттығуларының «швед әдісі» немесе «швед гимнастикасы» еді. Оның негізін қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ). Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады; Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те атқарды.
Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:
1) педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді);
2) әскери гимнастика (субъективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-пассив);
3) дәрігерлік (объективті-белсенді).
Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен көрінеді. «Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін. Бұл сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз болды. Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа бөлінді»,-деп жазады Лесгафт.
1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін, 1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды. Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:
1) қарапайым жаттығулар; 
2) күрделі жаттығулар;
3) үйлесімді жаттығулар;
4) жүйелі, кешенді жаттығулар.
П. Ф. Лесгафтың «мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен білім беру бойынша құрал» атты классикалық еңбегі – ғасырдың 60-жылдарындағы дене тәрбиесі мен білім беру ғылымының дамуында негізін қалаушы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет