Кәсіби тіл ерекшелігі



Дата24.04.2023
өлшемі13,94 Kb.
#175255
түріСабақ
Байланысты:
13 тапсырма


Кәсіби тіл ерекшелігі

Тіл адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы.


Болашақ маманның тілдік құзыреттілігі мектеп қабырғасында қалыптасады. Жоғары оқу орындарында практикалық және кәсіби қазақ тілі сабақтарында мамандықтарына сәйкес коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Бүгінгі таңда өзекті де тиімді саналып отырған қазақ тілін деңгейлік оқыту технологиясы тіл үйренудің, тілді оқытудың ең жоғарғы нәтижесі студентті кәсіби маман ретінде тілдесімге шыға алатындай мақсат пен міндетке бағытталып отыр. Осы арқылы жоғары білікті, кәсіби құзіретті маман дайындау.
Қазір республикамызда қазақ тілін мамандыққа бейімдей оқыту даму сатысында. Қазақ тілін кәсіби салада оқыту мәселесін де қоғам өміріндегі қажеттіліктер туындатып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын, келешекте де түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы артады. Себебі, жақсы маман болумен қатар, тілдік білімі толысқан, бірнеше тілде соның ішінде мемлекеттік тілде кәсіби сөйлей алатын маманның компания, мекеме, мелекеттік қызмет және қоғам үшін де алар орны, көтерер абыройы бөлек.



  1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Сіздің ана тіліңіз
Мемлекеттік тілді білу деңгейіңіз
Кәсібіме сәйкес тіл білуім:
Әлі де білгім келетіні:

  1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

тіл – язык
қарым-қатынас общение
тілдік қатынас–языковое общение
болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейі–уровень профессионального образования будущих специалистов
тілді өз мамандығына сай меңгеру–владение языком в соответствии со своей специальностью
танымдық белсенділік–познавательная активность
сөздік қор – словарный запас
мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату –установление языкового общения в соответствии с специальностью
кәсіби коммуникацияның формалары –формы профессиональной коммуникации
сөйлеу тәртібінің стратегиясы мен тактикасы–стратегия и тактика речевой дисциплины
кәсіби сөйлеу мәдениеті – культура профессиональной речи
құзыреттілік – компетентность
сөйлеу мәдениеті – культура речи
әріптес – партнер, коллега
келіссөз – переговоры

  1. Мамандығыңызға байланысты терминдерді қолданып, бірнеше сөйлем құраңыз.



4.Тіл туралы мақал-мәтел мен қанатты сөз жазыңыз.


5.Сөйлемді (сонымен байланысты, соған қарамастан, бірақ, дегенмен, соның нәтижесінде, ойды қорытындылай келе) дәнекерлеуші тілдік
құралдарымен құрастырыңыз.

Үлгі: Сабақ аяқталуға бір ай бар, соған қарамастан, мен ерте емтихан тапсырып кеттім.




6.Сөз тіркестерін пайдаланып, мамандық туралы шағын мақала жазыңыз.
Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу, заман талабына сай, ғылыми бағыттылығы, үлкен мән, көңіл бөлу, мүмкіндіктері қарастырылады, ақпараттық технологиялар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет