Сабақтың тақырыбы: Біздің колледж. Дыбыстардың құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Білім алушыларды сызбаны, сөз тіркестерін пайдаланып, мәтіннің мазмұнын ашуға үйрету. 2. Дамытушылығы: тез ойлау, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Ақыл – ойын, білімге ынтасын дамыту, сөздік қорын байыту. 3. Тәрбиелілігі: Білім алушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тілді құрметтей білуге баулу. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Сабақты оқыту әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап
Пән аралық байланыс: тарих, орыс тілі, география
Көрнекілігі: тірек сызба, деңгейлік картішкелер, суреттер
Ал отырған студенттер колледж сөзін алып септеңдер.
А с колледж
І с колледждің
Б с колледжге
Т с колледжді
Ж с колледжде
Ш с колледжден
К с колледжбен
Жақсы осы тапсырманы орындадық.
Ә) Үйге тапсырма берілді алдын ала колледж туралы мәлімет жинап келу. Менің көмекшім Батырхан сөз сөйлейді. (слайд)
Б) Біздің колледжде қандай мамандықтар бар?
Келесі сөз Жантасқа беріледі.
(слайд мамандық туралы)
В) Өз мамандық туралы не айта аласыздар?
(Хасенов,Тарапанов,Уралбаев,Ибрашев, Питнекбаев) Мамандық туралы диалог құрастырыңдар?
Студенттер дауыстап оқиды, аударады. Студенттер сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.
3 студент тақтада жұмыс істейді.
Дәптерге колледж сөзін септейді
Студентерді бағалау
Студенттер алдын ала дайындаған мәліметтерді айтып береді.
Студенттер өз
мамандық туралы әңгімелейді
Студеттер бір-бірімен диалог құрастырады
4.Мәтінмен жұмыс.
Тарих
1966 жылы 1 ақпан күні ССТӨБ біліктілік жұмысшыларды дайындау бойынша кеншілер үшін №149 кәсіптік – техникалық училишесі ашылды.
1989 жылы №149 ҚКТУ №11КТУ атын өзгертті, ал 1996 жылы №11 КТМ қайта тіркелді.
2005 жылы Қостанай облысының білім беру Департаментінің 2005 жылдың 29.09 күнінің №566 бұйрығымен №11 КТМ «Қостанай облысының білім беру Департаментінің Рудный кәсіптік лицей» Мемлекеттік мекемесіне қайта тіркелді.
1971 жылы кәсіптех білім беру жүйесінің дамуының межесі болып келді, биыл №149 алғашқы болып орта білімді жұмыскерлер дайындығын бастады.
Өткен жылдары бойы училищеден 8000 астам жас білікті жұмыскерлер шығарылып, барлығы негізінде ССТӨБ цехтарында жұмыс жасап жатыр. Бұл Қазақстан республикасының беделді кәсіпорны, оның жұмыс ұжымын Қазақстанда ғана емес, алыстағы шекте таниды. Тіпті жақында өзінің 50 жылдығын атап өтті. Бұл күнге естелік кітап пен әсерлі буклеттер жасап шығарылды. Басылымның әр бөлімінде ССТӨБ ұжымының ең жақсы өкілі болып айтылған біздің бітірушілеріміздің фамилиясы немесе фотосуреттері бар. Колледж туралы кластер.
Атақты кісілердің фото суреті
Студенттер мәтінді тізбектеп оқиды, орыс тіліне аударады.
Студенттер мәтін бойынша сұрақ құрастырады, бірі – біріне сұрақ қояды, жауап алады. Сөйлемдерді толтырады
5.Бекіту (3 мин)
Колледж қай жылы ашылды?
Алғашында қалай атанды?
Біздің колледждің болшағы қандай деп ойлайсыңдар?
Сендер қандай үлес қосар едіңдер?
Жақсы, балалар! Енді проблемалық ситуация туралы әңгімелесейік.Көрген, естіген тапсырмалардан, қандай ұжым жасаймыз.