Кәсіпкерлік құқық пәнінен міндетті бақылау жұмыс тест тапсырмалары



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі475,86 Kb.
#93582
Байланысты:
Міндетті бақылау жұмысы тестілері, Кәсіпкерлік құқық,.Кашкенова А.М



Кәсіпкерлік құқық пәнінен 
міндетті бақылау жұмыс тест тапсырмалары 
 
1. Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы пайда болған
А) XVI ғ.
B) XVII ғ.
C) XVIII ғ.
D) XIX ғ.
E) XX ғ.
2. Кәсіпкерлік қызметтің пайда болуына дәлел болғандар 
А) көпестер, саудагерлер 
В) ұйғырлар 
С) орыстар 
D) саудагерлер 
Е) шаруалар 
3. Акционерлік капитал пайда болды 
А) 16 ғ. ортасы 
В) 15 ғ. 
С) 17 ғ. басы 
D) 16 ғ. 
Е) 17 ғ. ортасы 
4. Қай ғасырдан бастап акционерлік банктер іске қосылды 
А) 17 ғ. басы 
В) 17 ғ. аяғында 
С) 17 ғ. ортасы 
D) 18 ғ. басы 
Е) 18 ғ. аяғы 
5. Алғаш рет кәсіптік терминдер енгізген ағылшын экономисті 
А) Р.Кантильон 
В) А.Смит 
С) А.Тюрго 
D) Ж.Б.Сэй 
Е) М.Вебер 
6. Қай экономист жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын бөліп 
көрсетеді 
А) Р.Контилен 
В) А.Смит 
С) А.Тюрго 
D) Ж.Б.Сэй 
Е) А.Маршел 
7. Кәсіпкерлік теорияның қалыптасуына өз үлесін қосқан әйгілі экономист 
А) Р.Кантильон 
В) А.Смит 
С) А.Тюрго 
D) Ж.Б.Сэй 


Е) Д.Шумпетер 
8. Ж.Б.Сэй қай жылдары кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы 
ролін көтерді 
А) 1812 ж. 
В) 1815 ж. 
С) 1810 ж. 
D) 1811 ж. 
Е) 1814 ж. 
9. Қай ғасырда кәсіпкер мен капиталист арасындағы айырмашылығын көрсету 
мүмкіндігі пайда болды 
А) 19 ғ. 
В) 18 ғ. 
С) 20 ғ. 
D) 19 ғ. басы 
Е) 17 ғ. 
10. Қай жылы А.Маршел «экономика принципі» деген еңбегін жариялады 
А) 1891 ж. 
В) 1893 ж. 
С) 1890 ж. 
D) 1892 ж. 
Е) 1894 ж. 
11. «Кәсіпкер гана бизнестің табыстарына толық жауапты және тәуекелді өз 
мойнына алады» деп айтылған қай экономисттің пікірі 
А) Р.Кантильон 
В) А.Маршел 
С) А.Тюрго 
D) Ж.Б.Сэй 
Е) Д.Шумпетер 
12. «Кәсіпкер – бұл жоғары тиімділіктің кез - келген мүмкіндігін пайдалана 
алатын адам» деп айткан кім 
А) Д.Шумпетер 
В) А.Смит 
С) А.Тюрго 
D) П.Друкер 
Е) Ж.Б.Сэй 
13. Қай ғасырда «кәсіпкерлік қызмет» туралы ой пікірлер қалыптаса бастады 
А) ХIХ ғ.; 
В) ХХ ғ.; 
С) ХII ғ.; 
D) ХХI ғ.; 
Е) ХIV ғ. 
14. Ж.Б.Сэй қай жылдары кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы 
ролін көтерді 
А) 1812 ж. 
В) 1815 ж. 


С) 1810 ж. 
D) 1811 ж. 
Е) 1814 ж. 
15. Кәсіпкер түсінігін алғаш рет енгізген ағылшын экономисі – ол
А) Р. Кантильон 
В) Ж.Б. Сэй 
С) А.Смит 
D) А.Маршал 
Е) Дж.Б.Кларк 
16. Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың 
тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған 
ынталы қызметі қалай аталады 
A) бизнес 
B) кәсіпкерлік 
C) кәсіпкерлік қызмет 
D) тәуекел 
E) экономикалық қызмет 
17. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты 
А) қызмет көрсетудің сапасын қадағалау 
В) банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар 
арасында қаражат тарту және несиі беру бойынша бәсекелестікті күшейту 
С) клиенттің қаржылық жағдайын талдау 
D) өзгерістерді болжау 
Е) табыс табуға бағытталған комерциялық жетістік 
18. Кәсіпкерлік қызмет қандай нысанда жүзеге асады 
А) тәуекел ету және басқару 
В) тәуелді болу және тәуекел ету 
С) тәуелді болу және басқару 
D) басқару 
Е) тәуекел ету 
19. Кәсіпкерліктің объектісі
А) мемлекет
B) жеке тұлғалар
C) заңды тұлғалар
D) шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері 
E) серіктестіктер
20. Өз атынан және мүліктік жауапкершілігімен қызметін жүзеге асыратын 
заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерің, кәсіпкерлік ұйымдардың рөлімен 
байланысты болып, келетін кәсіпкерліктің функциясы 
А) жалпы экономикалық функция
В) ресурстық функция
С) инновациялық функция
D) әлеуметтік функция
Е) ұйымсдастырушылық функция 


21. Ұдайы өндірістік және шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы 
көрініс табатын кәсіпкерлік функциясы 
A) инновациялық функция 
В) жалпы экономикалық функция
C) ресурстық функция
D) әлеуметтік функция
Е) ұйымдастырушылық функция
22. Кәсіпкерлік қызымет үрдісінде жаңа идеяларды пайдаланумен ғана емес, 
сондай - ақ алға қойылған мақсатқа жетуге арналған жаңа құралдарды 
әзірлеумен де байланысты кәсіпкерлік функциясы 
A) шығармашылық - ізденушілік (инновациялық) функция
В) жалпы экономикалық функция
C) ресурстық функция
D) әлеуметтік функция
Е) ұйымдастырушылық функция
23. Әрбір әрекет қабілеті адамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіндігімен, 
өздерінің жеке қабілеттері мен мүмкіншіліктерін жақсы көрсете білуімен 
сипатталатын кәсіпкерлік функциясы 
A) әлеуметтік функция
В) жалпы экономикалық функция
C) ресурстық функция
D) шығармашылық - ізденушілік (инновациялық) функция
Е) ұйымдастырушылық функция
24. Кәсіпкердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдауда, 
кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, фирманың іс – әрекетін стратегиясын 
өзгертуге көрініс табатын кәсіпкерлік функциясы 
A) ұйымдастырушылық функция
В) жалпы экономикалық функция
C) ресурстық функция
D) шығармашылық - ізденушілік (инновациялық) функция
Е) әлеуметтік функция 
25. Өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық 
бұлар 
А) кәсіпкерліктің функциялары
В) кәсіпкерліктің түрлері
С) кәсіпкерліктің қызметтері
D) кәсіпкерліктің формалары
Е) кәсіпкерліктің белгілері
26. Тұтынушыларға (сатып алушыларға) сату үшін еңбек заттарымен өндіріс 
құралдарын тікелей пайдалана отырып өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет 
көрсету) үрдісін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің түрі 
A) өндірістік кәсіпкерлік
В) коммерциялық кәсіпкерлік
C) қаржылық кәсіпкерлік
D) кеңес беру кәсіпкерлігі


Е) дара кәсіпкерлік
27. Өнімді сатумен, шикізаттар мен материалдарды сатып алумен және т.б. 
байланысты орын алатын тәуекел түрі
А) коммерциялық кәсіпкерлік 
В) өндірістік кәсіпкерлік 
С) қаржылық кәсіпкерлік 
D) инвестициялық кәсіпкерлік 
Е) экономикалық кәсіпкерлік 
28. Кәсіпкерлік қызметтің қайсысы тауар-ақша және сауда-айырбас 
операцияларымен сипатталады 
А) биржалық 
В) өндірістік 
С) кеңес беру 
D) қаржылық 
Е) коммерциялық
29. Тауарларды (қызметті, жұмысты) сатумен және оны сату-сатып алу 
келісім-шарты негізінде тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты, яғни 
тауарлы-ақшалай, 
саудалық-айырбас 
операцияларымен 
сипатталатын 
кәсіпкерлік
A) коммерциялық кәсіпкерлік
В) өндірістік кәсіпкерлік
C) қаржылық кәсіпкерлік
D) кеңес беру кәсіпкерлігі
Е) дара кәсіпкерлік
30. Қаржылық кәсіпкерлік – бұл ...
А) сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын 
коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық 
банктер және қор биржалары жатады 
B) нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, 
басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік 
C) белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік 
D) белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу 
нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі 
E) тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік 
31. Кәсіби мамандардың өз кәсібінің (мамандығының) мәселелері бойынша 
ақылы негізде кеңес беруі арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік 
A) өндірістік кәсіпкерлік 
В) кеңес беру кәсіпкерлігі
C) коммерциялық кәсіпкерлік
D) қаржылық кәсіпкерлік
Е) дара кәсіпкерлік 
32. Дамыған елдерде шағын және орта бизнеске жатқызудың негізгі 
көрсеткіші
A) тәуекел
B) жарғылық капиталы


C) активтерінің құны
D) айналым көлемі
E) жұмысшылыр саны
33. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа 
жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспаса онда ол мыналарға 
жатқызылады:
А) шағын кәсіпкерлік 
B) орта кәсіпкерлік 
C) ірі кәсіпкерлік 
D) өндірістік кәсіпкерлік 
E) коммерциялық кәсіпкерлік 
34. Жеке – дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды
A) орта
B) шағын
C) ірі
D) шағын және орта
E) орта және ірі
35. Орта кәсіпкерлік үшін активтерінің орташа жылдық құны келесі шамадан 
аспауы керек
A) 325 000 айлық көрсеткіштен
B) 250 000 айлық көрсеткіштен
C) 225 000 айлық көрсеткіштен
D) 60 000 айлық көрсеткіштен
E) 200 000 айлық есептік көрсеткіштен
36. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан, активтердің орташа 
жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, онда ол – ...
A) өте шағын бизнес
B) шағын бизнес
C) орта бизнес
D) ірі бизнес
E) шағын және орта
37. Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді 
A) жеке және біріккен 
В) өзіндік және бірлескен 
C) ерлі – зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік 
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар 
E) мемлекеттік жәнне мемлекеттік емес кәсіпкерлік 
38. Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және 
мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық 
қызмет – бұл 
А) жай серіктестік
В) отбасылық кәсіпкерлік
С) бірлескен кәсіпкерлік
D) дара кәсіпкерлік
Е) шаруашылық серіктестік 


39. Бірлескен кәсіпкерлік қандай нысандарда жүзеге асырыла алады 
А) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруы қожалығының ортақ бірлескен 
меншігі және өзіндік кәсіпкерлік
В) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік
С) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік
D) жеке және өзіндік кәсіпкерлік
Е) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік 
40. Жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған 
билік ету құқығымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік 
А) өзіндік кәсіпкерлік
В) бірлескен кәсіпкерлік
С) жеке-дара кәсіпкерлік
D) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі
Е) жай серіктестік
41. Белгілі бір өнімнің рыноктағы жағдайын және кәсіпорынның 
рентабельділік деңгейін бейнелейтін не 
А) өзіндік құн
В) баға
С) калькуляция
D) төлемдер
Е) шығындарды есептеу
42. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық 
ұйым – ол 
A) шаруашылық серіктестік 
B) өндірістік кооператив 
C) акционерлік қоғам 
D) корпорация 
E) дара кәсіпкерлік 
43. Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі 
барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік 
А) қосымша жауапкершілігі бар
бар серіктестігі
В) сенім(коммандитті) серіктестік
С) жауапкершілігі шектеулі
серіктестік
D) толық
серіктестік
Е) жай серіктестік
44. Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде 
үлеске бөлінген және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін 
серіктестік қайсы
А) жауапкершілігі шектеулі
серіктестік
В) сенім (коммандитті) серіктестігі
С) толық
серіктестік
D) қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік
Е) жай серіктестік 
45. Қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін 
серіктестік


А) толық серіктестік
В) сенім серіктестігі
С) ЖШС
D) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Е) жай серіктестік
46. Өздері енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі 
қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік
А) ЖШС
В) толық серіктестік
С) сенім серіктестігі
D) қосымша жаапкершілігі бар серіктестік
Е) жай серіктестік
47. Толық серіктестерден және командиттерден тұратын серіктестік
А) жай серіктестік
В) толық
жай серіктестік
С) жауапкершілігі шектеулі жай серіктестік
D) қосымша жауапкершілігі бар
жай серіктестік
Е) сенім серіктестік
48. Толық серіктестік қандай жағдайда таратылады немесе басқа нысанда 
қайта құрылуы тиіс
А) қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен
В) барлық салымшылар шығып кетсе
С) серіктестікте жалғыз қатысушы қалса
D) қатысушылар саны 50 адамнан кем болса
Е) ешқашан таратылмайды
49. Толық серіктестіктің қатысушы серіктестіктен шыға алады 
А) алты ай бұрын ескерте отырып 
В) кез-келген уақытта 
С) серіктестікке кіргеннен кейін екі жылдың ішінде 
D) бір жыл бұрын ескерте отырып
Е) бес жылдан кейін 
50. Сенім серіктестігінің ісін басқаруға қай уақытта қатыса алмайды
А) қызметкерлер
В) қатысушылар
С) кәсіпорын басшысы
D) кәсіпорын иесі
Е) салымшылар
51. Сенім серіктестігінің толық серіктестіктен айырмашылығы неде
А) салымшылар жауапкершілігі шектелгендігі
В) салымшылар жауапкершілігі шектелмегендігі
С) қатысушылар саны 100-ден кем болуы
D) ең төменгі жарғылық капиталының аз болуы
Е) ешқашандай айырмашылық жоқ
52. Төмендегілердің қайсысы толық серіктестіктің негізгі ерекшеліктеріне 
кірмейді


А) жеке тұлғалардың тікелей қатысуы
В) серіктестікті бір адам құра алады
С) барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болу
D) борышы бойынша серіктестікке қай уақытта кіргеніне қарамастан жауап 
беруі
Е) қызметті тоқтатылған күннен бастап 2 жыл бойы жауапты болуы
53. ЖШС –ның ерекшеліктеріне кірмейді
А) жеке тұлғалардың тікелей қатысуы
В) қатысушылар басқа қатысушылардың келісімісіз шыға алады
С) жарғылық капиталдағы өзүлесін басқа қатысушыға сатуға немесе беруге 
құқылы
D) бір адам құралады
Е) біреше адам құралады
54. Азаматтардың мүшелік негізде өз еңбегімен қатысуына және мүліктік 
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік – ол 
A) өндірістік кооператив
В) акционерлік қоғам
C) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
D) толық серіктестік
Е) жеке серіктестік 
55. Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері 
белгіленеді
А) азаматтық кодексте
В) құрылтай шартында
С) жарғыда
D) салық кодексінде
Е) кәсіпкерлік кодексінде
56. Өндірістік кооперативтің негізгі қағидаларына кірмейді
А) өзара көмек
В) мүшелікке кіру мен шығу еркіндігі
С) мүліктік жарна енгізу міндеттілігі
D) мүшелік жарнама көлемін анықтау міндеттілігі
Е) мүшелікке кіру еркіндігі
57. Төмендегілердің қайсысы өндірістік кооперативтің ерекшелігіне жатпайды
А) таза табыс еңбекке қатысуына қарай бөлінеді
В) мүшелері екеуден кем болмауы тиіс
С) акция шығаруға құқығы жоқ
D) міндеттемелері бойынша қосымша жауапты болады
Е) мүшелері барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болуы
58. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар 
шығаратын заңды тұлға 
А) акционерлік қоғам
В) шаруашылық серіктестік
C) тәуелді акционерлік қоғам
D) мемлекеттік кәсіпорын


Е) холдинг 
59. Негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың 
және басқа заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару 
болып табылатын акционерлік қоғам 
А) коорпарация 
В) ұлттық компания
C) ұлттық холдинг
D) ұлттық басқарушы холдинг
Е) ұлттық даму институты 
60. Кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін 
бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымға біріктірілген 
бас компания қалай аталады 
А) консорциум
В) холдинг 
С) синдикат
D) картель
Е) концерн 
61. Нақты міндеттерді шешу, ірі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды 
жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты бірлестік 
А) консорциум
В) концерн
C) холдинг
D) синдикат
Е) пул
62. Бірлескен коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір 
саладағы кәсіпорындар бірлестігі 
А) картель
В) синдикат
C) пул
D) трест
Е) қаржылық - өнеркәсіптік топтар 
63. Қатысушылары өз арасындағы артық бәсекені болдырмас үшін бірыңғай 
өткізу органы арқылы өнімдерін өткізетін және коммерциялық дербестігін 
толық көлемде сақтамағанымен өздерінің заңдық, өндірістік, шаруашылық 
дербестігін сақтайтын бірлестік түрі 
А) консорциум 
В) картель
C) холдинг
D) концерн
Е) синдикат
64. Қатысушылары пайданы бөлудің ерекше тәртібін қарастыратын 
кәсіпкерлер бірлестігі 
А) консорциум 
В) концерн
C) пул


D) холдинг
Е) қаржылық - өнеркәсіптік топ 
65. Қатысушылары өздерінің өндірістік, коммерциялық, шаруашлық және 
заңдық дербестігін жоғалта отырып бірыңғай өндірістік кешенге бірігетін 
және орталықтандырылған басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер 
бірлестігі 
А) трест
В) пул
C) холдинг
D) консорциум
Е) синдикат 
66. Банктік шот ашу кімдер үшін міндетті емес 
А) ЖШС 
В) толық серіктестіктер 
С) дара кәсіпкерлер 
D) акционерлік қоғамдар 
Е) өндірістік кооперативтер 
67. Шаруашылық серіктестердің бір-бірінен негізгі айырмашылығы келесіге 
байланысты болады 
А) құрылтайшылар санына 
В) қатысушылар санына 
С) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне 
D) жауапкешілік дәрежесіне 
Е) қатысушылар құқығына 
68. Тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау немесе қоғамдық қажеттілікті 
қанағаттандыру, пайда табу мақсатында құрылған өзіндік шаруашылық ететін 
субъект қалай аталады 
А) кәсіпкерлік қызмет 
В) кәсіпорын 
С) маркетинг 
D) фирма 
Е) бәсекелестік 
69. Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, құрылыс, сауда, көлік, байланыс, 
тұрмыстық қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жіктеу қайсысына 
жатады 
А) ұйымдық - құқықтық нысандары бойынша 
В) салалық бағытына қарай 
С) көлемі бойынша 
D) ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша 
Е) қызмет көрсету түріне қарай 
70. Мемлекеттік - жеке әріптестік қағидаттарында кәсіпкерлік қызметтердің 
жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысаны
А) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 
В) коммерциялық кәсіпкерлік 
С) мемлекеттік кәсіпкерлік 


D) аралас кәсіпкерлік 
Е) бірлескен кәсіпкерлік 
71. Банкроттық дегенiмiз 
А) заңды тұлғаның өз мiндеттемелерi бойынша жауап беруге қабiлетсiз 
болуы 
В) құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның татарылуы 
С) заңды тұлғаның құрылтайшыларының жоқ болуы 
D) заңды тұлғаны арнайы лицензиясыз қызметпен айналысқаны үшiн 
таратылуы 
Е) заңды тұлғаны таратудың мәжбүрлi түрде жүзеге асырылуы 
72. Өзінің міндеттері бойынша жауап беруге дәрменсіз тұлға 
А) банкрот 
B) борышқор 
C) инвестор 
D) акционер 
E) облигация 
73. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар 
сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, 
төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы кәсіпкерліктің қандай жағдайы
А) кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы 
B) кәсіпкерліктің құқықтық жағдайы 
C) кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайы 
D) кәсіпкерліктің психологиялық жағдайы 
E) кәсіпкерліктің педагогикалық жағдайы
74. Нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан 
түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу 
қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы 
қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары 
кәсіпкерліктің қандай жағдайы 
А) кәсіпкерліктің психологиялық жағдайы 
B) кәсіпкерліктің құқықтық жағдайы 
C) кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайы 
D) кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы 
E) кәсіпкерліктің педагогикалық жағдайы
75. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, 
кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын 
органдар, меншікке құқықтық заңдар кәсіпкерліктің қандай жағдайы 
А) кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы 
B) кәсіпкерліктің құқықтық жағдайы 
C) кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайы 
D) кәсіпкерліктің психологиялық жағдайы 
E) кәсіпкерліктің педагогикалық жағдайы
76. Құзіретті органның жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген 
түрімен айналысуға беретін рұқсаты 
A) лицензия 


B) франчайзинг
C) патент
D) факторинг
E) лизинг
77. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз 
берілетін лицензия 
A) бас лицензия 
B) бір жолғы лицензия
C) операциялық лицензия
D) ерекше лицензия
E) жай лицензия
78. Сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына 
және импортына ерекше құқық беретін лицензия 
A) біржолғы лицензия 
B) бас лицензия 
C) ерекше лицензения 
D) жай лицензия
E) сыртқы экономикалық қызмет лицензиясы 
79. Рұқсат етілген көлем, салмақ, мөлшердің шегінде шаруашылық операция 
жасауға берілетін лицензия – бұл қандай лицензия 
А) бас лицензия 
В) бір жолғы лицензия
С) операциялық лицензия 
D) кешенді лицензия 
E) арнайы лицензия 
80. Банк қызметіндегі жекелеген операцияларды және валюталық 
құндылықтарға байланысты операциялар жасауға берілтін лицензия – бұл 
қандай лицензия 
А) операциялық лицензия 
В) бір жолғы лицензия, сенімхат 
С) бас лицензия 
D) кешенді лицензия 
E) арнайы лицензия 
81. Лицензия беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі қанша 
А) 2 ай 
В) 10 күн 
С) 15 күн 
D) 1 ай 
E) 3 күн 
82. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің лицензия беру туралы өтінішін 
қараудың мерзімі қанша 
А) 15 күн 
В) 1 ай 
С) 10 күн 
D) 2 ай 


E) 3 күн 
83. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін 
белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері 
А) шарт 
В) мәміле
C) келісім-шарт 
D) міндеттеме 
Е) кепілдік 
84. Екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді 
белгілеу,өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі 
А) шарт 
В) мәміле 
C) келісім-шарт 
D) міндеттеме 
Е) кепіл 
85. Материалдық игіліктердің ауысуымен (тауарды беру,жұмыс 
орындау,қызмет көрсету,ақша төлеу т.б.) байланысты тараптардың 
құқықтары мен міндеттерінің туындауын қамтамасыз ететін шарт 
А) негізгі шарт 
В) біржақты шарт 
C) өзара шарт 
D) ерікті шарт 
Е) міндетті шарт 
86.Бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы 
қабылданған жағдайда,ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын 
білдіретін шешім 
А) акцепт 
В) оферта
C) жария шарт 
D) своп 
Е) мәміле 
87. Заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие 
болатын,жариялануы,алынуы,пайдаланылуы оның мүдделеріне залал 
келтіруі мүмкін ақпарат 
А) коммерциялық құпия 
В) кәсіпкерлік құпия 
C) мемлекеттік құпия 
D) жеке құпия 
Е) құқық қорғау органдарының құпиясы 
88. Коммерциялық құпияға жатқызылмайды 
А) кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер 
В) кәсіпорынның қаржылық қызметі туралы мәліметтер 
C) өндіріс,жұмыс орындау,қызмет көрсету туралы мәліметтер 
D) ғылыми әзірлемелер туралы мәліметтер 
Е) кәсіпорынның ішкі және сыртқы іс-жүргізу құжаттары 


89. Бір адам басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру,жұмыс 
орындау,ақша төлеу және т.б сияқты белгілі бір әрекеттер жасау,не болмаса 
белгілі бір әрекет жасаудан тартыну міндеткерлігі 
А) міндеттеме 
В) кепілдік 
C) мәміле 
D) шарт 
Е) келісім-шарт 
90. Міндеттемені орындау әдістеріне жатқызылмайды 
А) кепілпұл 
В) айып төлету 
C) кепіл 
D) кепілдік 
Е) сыйақы төлеу
91. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған 
жағдайда несие берушіге төлеуге міндетті,заңдармен немесе шартпен 
белгіленген ақша сомасы 
А) айырппұл 
В) кепілдік жарна 
C) кепіл 
D) кепілдік 
Е) кепілпұл 
92. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын 
төлемнің есебінен екінші бір таорапқа жіәне шарт жасау мен орындауды не 
өзгем міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берідлетін ақшалай сома 
А) кепіл пұл 
В) айыппұл 
C) кепілдік 
D) кепілдік жарна 
Е) кепіл 
93. Бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар 
арасындағы бақталастық ол 
А) бәсекелік әлеует 
В) бәсекелік артықшылық 
C) бәсекееге қабілеттілік 
Д) бәсекеліек күш 
Е) бәсеке
94. Шаруашылық субъектілерінің заңға қайшы келетін, басқа шаруашылық 
субъектілеріне қарсы бағытталған бәсекелестерге зиянды әрекеттер 
А) қарама-қайшы бәсеке 
B) жосықсыз бәсеке
C) ерікті бәсеекелестік 
D) еріксіз бәсеке 
E) олигополия 
95. Төмендегілердің ішінен бәсекенің түрлеріне жатпайтынын көретіңіз 


А) олигополиялық бәсеке 
В) бағалық бәсеке 
С) еркін бәсеке 
Д) экономикалық бәсеке
Е) бағадан тыс бәсеке 
96. Нарықта қайсыбір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар көп болғанда 
әрекет ететін бәсеке нысаны 
А) монополиялық бәсеке 
В) бағалық бәсеке 
С) еркін бәсеке 
Д) олигополиялық бәсеке 
Е) бағадан тыс бәсеке 
97. Нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың 
бәсекелік күресі 
А) еркін бәсеке 
В) жетілген бәсеке 
С) монополиялық бәсеке 
Д) олигопиялық бәсеке 
Е) реттелетін бәсеке 
98. Кәсіпорын қызметінің экономикалық,техникалық,ұйымдастырушылық 
сферасында бәсекелестерден басымдықпен көрінуі 
А) бәсекелестік артықшылық 
В) бәсекелестік күрес 
С) бәсекелестік қабілеттілік 
Д) бәсекелестік статус 
Е) бәсекелестік күш 
99. Заң актілеріне қайшы келетін, бәсекелестікті шектеуге, болдырмауға 
бағытталған, тұтынушылардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, рынок 
субъектілері мен мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын әрекеттер 
А) монополиялық қызмет 
В) табиғи монополия 
С) монопсониялық жағдай 
D) жосықсыз бәсеке 
E) бәсекелестік 
100. Рыноктағы бәсекелестіктің дамуына, басқа субъектілердің рынокқа 
енуіне кедергі келтіретін, тауар рыногындағы субъектінің ерекше жағдайы 
А) үстем жағдай 
В) монополиялық жағдай 
С) монопсониялық жағдай 
D) жосықсыз бәсеке 
E) бәсекелестік 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет