«Кәсіпкерлік іс» Тақырып: БИЗНЕС-МОДЕЛЬ Жақсыбек Данагүл ПМНО 19-5 БИЗНЕС-МОДЕЛЬ ҰҒЫМЫ Кез келген бизнес-модель төрт элементтен тұрады. Үшбұрыштың ортасында клиент (кім?) тұрады. Яғни, бизнес оның клиенттерінің кім екенін, ол қандай тұтынушыларға сене алатынын нақты түсінуі тиіс. Үшбұрыштың бірінші бұрышы – құндылықты ұсыныстар (не?), яғни клиенттерге қандай тауарлар мен қызметтер ұсынылады. Екінші бұрыш –өнімнің құнын құру тізбегі (қалай?) – бұл өнімдер қалай жасалады, яғни бұл қандай ресурстардан тұрады. Үшінші бұрыш – табысты тарту (неге?) механизмі – компания қайдан табыс алады. Яғни, бизнес-модель сіздің клиенттеріңіз кім екенін, сіз ұсынысты қалай қалыптастырасыз және неге сіздің бизнесіңіз табыс әкелетінін анықтайды.
КАНВА БИЗНЕС-МОДЕЛДЕРІ
Канва бизнес-модель (Business Model Canvas), немесе Lean Canvas. Бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі компоненттері мен үдерістерін көрсететін көрнекі сызба. Негізін қалаушы - Александр Остервальдер. Бұл үлгі кәсіпкерлікті бір парақта қарапайым және көрнекі түрде суреттеуге көмектеседі. Үлгі кәсіпкерліктің басты элементтері болып табылатын 9 блоктан тұрады.
1. Басты құндылықтар 2. Тұтынушылардың сараланымы (сегменттері) 3. Өзара іс-қимыл арналары 4. Клиенттермен қарым-қатынас 5. Кірістер ағыны 6. Негізгі ресурстар 7. Негізгі іс-әрекеттер 8. Негізгі серіктестер 9. Шығындар құрылымы Бизнес-модельдің қарапайым тоғыз қадамы сізге бизнес-модельді құруға көмектеседі. КАНВА БИЗНЕС-МОДЕЛІНЕ МЫСАЛ Оқыту бағдарламалары, білім беру курсын мысалға алайық
8. Негізгі әріптестер Оқытушылар және білім беру мекемелері; оқыту қосымшалары мен ойындарды әзірлеушілер
7. Негізгі іс-әрекеттер Платформаны әзірлеу; әріптестерді іздеу; пайдаланушыларды тарту
1. Басты құндылықтар Әр түрлі тақырыптарға арналған білім беру бағдарламаларын қамтитын, достармен оқуға мүмкіндік беретін платформа
4. Клиенттермен қарым-қатынас Балалар, жасөспірімдер, Білім алушылар: әлеуметтік желілер, таргеттелген жарнама, жеңілдіктер, акциялар,
Компанияның бонустары: тікелей сату, сату менеджерлері, жеңілдіктер
2. Тұтынушылардың сараланымы Балалар, жасөспірімдер, білім алушылар, жастар, өз қызметкерлерін оқытуға мүдделі компаниялар
6. Негізгі ресурстар Команда
3. Өзара іс-қимыл арналары Онлайн-платформа, әлеуметтік желілер, мобильді қосымша
9. Шығындар құрылымы бірлескен жұмыстар үшін құралдар, сайтжасау, тестілеу құрылғыларын сатып алу
5. Кіріс ағыны 30 күн ішінде тегін қол жеткізу, содан кейін ақылы жазылу – айлық немесе жылдық
БИЗНЕС ЖОСПАРЛАУ
Бұл сізге және сіздің командаға мүмкіндігінше жақсы іс-әрекет етуге көмектесетін карта. Бизнес-жоспар – бұл компанияның қандай да бір коммерциялық жобасын жүзеге асыру қызметі туралы жан-жақты әзірленген бағдарламасы.
«Бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылық неде?» Жауап қарапайым: бизнес-модель – бұл сызба, ал бизнес-жоспар – жан-жақты талдау. Бизнес-модельді әзірлеу компанияны дайындаудағы алғашқы қадам болып табылады және бизнес-жоспар құрудың алдында болады.