Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау



Дата11.05.2022
өлшемі16,23 Kb.
#141893
Байланысты:
кәсіпкерлік сөж 11
215154 (1), Жаңайқызы Салтанат

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
1.Кәсіпкерлік қызметті дамытудағы мемлекеттің фунциясы. 
Жеке кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияларды тарту үшін қолайлы ортаны құру 1990 жылдардан бастап бұрынғы социалистік блоктың барлық елдерінің алдында тұрған міндет болып табылады.
ХХ ғасырдың соңы батыс елдерінде мемлекеттік реттеу жүйелерін қайта қарау және қолданыстағы тәсілдер мен пайдаланатын практикаларды дамытумен сипатталды. Ол кезде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға тиімді көшудің халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ дамыған нарықтық экономикаларда реттеуші ортаны реформалаудың жалпыға ортақ практикасы болған жоқ.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі жаңа нарықтық жағдайларда құрылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жеке меншік қатынастарын, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік еркіндігін реттейтін құқықтық база дамыды. Мемлекеттік органдар проблемаларды олардың туындау шамасына қарай жаңа реттеуші құралдарды енгізе отырып шешті
2.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың қазіргі нарықтық әдістері.
Кәсіпкерлік қызметті реттеуді ықтиярлы енгізуді шектеу қажеттілігін түсіне отырып, мемлекет мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүргізді.
2006 жылы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда мемлекеттік органдар жанынан сараптамалық кеңестер құру көзделген. Нәтижесінде бизнестің орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жанында құрылған сараптамалық кеңестер арқылы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға мүмкіндігі бар.
Сонымен бірге, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау қағидалары, мөлшерлікті айқындау критерийлері және тағы басқалар көзделген.
2007 жылы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда лицензияланатын қызмет түрлерінің толық тізбесі мен лицензиялаудың жаңа қағидалары бекітілді.
2011 жылы лицензиялар алу кезінде барлық мемлекеттік органдармен келісуге «жалғыз терезе» қағидаты енгізілді, «үнсіздік – келісу белгісі»барлық рұқсаттарға қолданылды. Сондай-ақ лицензияларды берудің бірегей мерзімі – 15 жұмыс күні, ұсынылған құжаттар жинағының түгелдігін тексеруге екі күндік мерзім белгіленді, құжаттарды міндетті нотариалды растау жойылды.

  1. Нарықтағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі жолдары.

Мемлекет басшысының «Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстанның əлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша тұжырымдамасы қабылданды.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 40-тан астам əр түрлі бағдарламалар жасалды, соның ішінде екі арнайы бизнесті дамыту бойынша бағдарламалар — «Бизнестің жол картасы–2020» жəне «Өнімділік–2020». Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы жəне аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстанның барлық аймағының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тек қана индустрияландыру картасының аясында 12,1 трлн теңге шамасынан астам сомаға 927 жоба іске асады, осының нəтижесінде құрылыс кезеңінде 235 мың шамасында жəне пайдалану кезеңінде 195 мың шамасында жұмыс орындары пайда болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет