Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді: қалыптасу тізімі, барлық дәрежедегі орындаушы органдардың қайта ұйымдасуы мен жойылуы, олардың мақсаттары мен міндеттері, құрылымы мен қызметтер тізімі. Әкімшілік құқық сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдарға да белгілі бір реттеушілік әсер етеді. Мысалы, міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеу, осы ұйымдардың мемлекеттік билік субьектілерімен қарым-қатынасын орнату, мемлекеттік бақылаудың орындалуы және осы ұйымдардың іс-әрекетінің заңмен сәйкес болуын қадағалау. Әкімшілік құқықтың нормалары қоғамдық бірлестіктердің, аймақтық ӛзін-ӛзі басқару органдарының және әкімшілік-құқықтық қатынастар саласындағы басқа да мемлекеттік емес бірлестіктердің құқықтық мәртебесін анықтайды. Әкімшілік құқық «билік-арош» қатынасымен анықталады және тең емес құқықты субъектілер қатынасын реттейді.