Мақсатты Аудитория
Жарнамалы немесе маркетингтік қызметі саласында мақсатты аудитория кейбір сипаттамалары, қасиеттері, қызығушылықтары ортақ, сол себепті нақты ұсынылатын тауарға немесе қызметке, маркетинтік ұсыныстарға немесе лозунгілерге өнім өндірушілер күтіп отырғандай назар аудару иқтималдығы жоғары адамдар тобы.
Мақсатты Аудиторияны Үш Негізгі Топқа Бөлуге Болады
Георграфиялық
- Олар қалада тұра ма, әлде ауылда ма?
- Олар қандай елде тұрады?
- Климат сіздің өніміңізді сатуға әсер ете ме?
Демографиялық
- Олардың жасы қаншада?
- Олар қай жынысқа жатады?
- Олардың ұлты маңызды ма?
- Олардың табыс деңгейі маңызды ма?
Психографиялық
- Олардың мінез – құлқы қандай?
- Олардың қызығушылықтары қандай?
- Оларға не ұнайды немесе не ұнамайды?
- Олардың сенімі қандай?
Веб-сайтты Алға Жылжыту Веб-сайт Интернет маркетингтің негізгі құралы ретінде пайдаланушылар осы өнім туралы ақпаратты зерттейтін өнімдерді алға жылжыту үшін қолайлы. Пайдаланушы өзіне ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде өнімнің барлық сипаттамаларымен егжей-тегжейлі танысып, оның суреттерін көре алады, басқа пайдаланушылардың пікірлерін оқып, ұқсас өнімдерді салыстыра алады. Барлық қажетті ақпаратты ұсыну – клиенттердің уақыты мен қажеттіліктеріне дұрыс қарым-қатынасты көрсетеді, бұл олардың компания мен оның брендтеріне қатысты адалдығын арттыруға әкеледі. Мұндай сайт қаншалықты қолайлы жасалған сайын, бренд жақсы қабылданады. Мысалы, сіз ноутбуктер сатасыз. Сіздің сайтыңызға кіріп, сатып алушы ноутбуктің барлық сипаттамаларын (салмағы, жады көлемі, өнімділігі, экран рұқсаты және т.б.) оқып, кепілдік шарттары туралы біле алады, басқа клиенттердің ноутбуктерін пайдалану туралы пікірлерді оқып, әр түрлі модельдердің бағасын салыстыра алады. Жылдам әсер алу үшін lending пейдж немесе қондырма бетті пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |