Кәсіпкерліктің ерекшеліктері


Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын жасау



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі122,37 Kb.
#84671
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
соож

3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын жасау.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалык, құжатқа мұқтаж болатын. Олар «Қазақстан-2030» ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.
Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту жөне сырткы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.
Бұл процесс Қазақстан кезекті сынақка — 2002- 1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт кұлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағасын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе- бет келді.
Бұл дағдарыс біз үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай долларларын өңдеу салаларын дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсінікті болды. Мұның өзі энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер еді.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.
Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бұдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызға мүмкіндік берді. Қазіргі танда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған.
Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар қабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың козғалыссыз жатқан қаржыларын нақты секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін туғызды.
Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық- саяси тартылыс орталығын құру қажет болды.
Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлықтай өзгеріп, мемлекеттің шынайы саяси орталығына айналды.
Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.
Барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдык, меншікке берілді, содан кейін жекешелендіру жүргізілді. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін жасауға бастады.
Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. «Астық үшін айқас» кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау- себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар- жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.
Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей калып келді.
Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық- түлік бағдарламасының қабылдануымен аграрлық сектордың тиімді қызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске косылды.
Жер кодексі айтарлықтай ауыр қабылданды. Бұл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандықтардың 43 % тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама- қайшылығы да осыдан.
Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия көсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп ретте ұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік тұтастай нарықка киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.
Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген кұрмет туралы айтылынбайды. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.
Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.
Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.
Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.
Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік- құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның елеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.
Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін кай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі қолдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.
Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың занды тұлғаның 192,7 мындайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 %, өндеу саласында бұл үлес — 98%- ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 % құрайды.
Көптеген экономикалық процестердің нақты катысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез- құлық қалыптастырды, бұл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен қарауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің қаз тұруы үшін, нәрлі ортаның қалыптасуымен істес болып отырмыз.
Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міңдетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп тұр.
Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өндеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқьі байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.
Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.
Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.
Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай- газ өндіруде — 10,9 %- ға , металлургиялық рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 %- ға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті.
Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:

  1. Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1998 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда қазақстан ТМД- да 1- ші орынды алады.

  2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

  3. Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет