Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы Орындаған: Наурызбай С. Нурмухамбетов А


Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу органдар жүйесін жетілдіру



бет10/10
Дата12.12.2021
өлшемі104,47 Kb.
#99747
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
e2b739f2-be54-4c1e-894a-a452292cbb50

7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу органдар жүйесін жетілдіру

Үкіметтің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған концептуалды әдістерді өңдеу және осының негізінде біртұтас мемлекеттік қолдау механизмдерін жасау барысында басқару аппараты органдарының қазіргі құрылымын жақсарту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мәжілісі мен сенатында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін қарайтын, әрі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (комитет) құру көзделуде.

Басқару органдарының өкілеттілігі мен қызметтерін басқару әрекеттерін дайындау және іске асыру үрдістерін кезеңдері бойынша бөліп, айқындау және бақылауды “Нұр-Отан” ХДП-ның инновациялық комитетінің құзырына берілуі қажет.

Көзделген мақсаттар мен міндеттерді тиімді орындау және түрлі мемлекеттік және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестігін күшейту үшін Қазақстан Республикасының Президенттік аппараты жанынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру қажет.

Атқарушы орган ретінде Индустрия және Сауда Министрлігі қарамағынан экономиканың жеке секторын қолдау және дамыту агенттілігін тиісті салалық құрылымына сай құру аса маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет